Қандастар Ассамблея

ҚазҰУ-да геоархеология халықаралық ғылыми зертхана ашылды

26.09.2013 2431
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Геоархеология» артефактілерді археологиялық даталау жөніндегі халықаралық ғылыми зертхана ашылды. Бұл жөнінде бүгін Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының III отырысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Зертхананың негізгі міндеті - Қазақстан мен Орталық Азия аумағындағы археологиялық ескерткіштер мен жәдігерлерді зерделеу және заманауи әдістемелік парадигмалар негізінде түрлі жаратылыстану ғылымының әдістерін пайдалану арқылы әлемдік тарихтағы кезеңін анықтау», - деді М.Орынханов. Зертханада 88 маман жұмыс жасайды. Олардың қатарында 7 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаты, 4 докторант, мұнымен қатар АҚШ, Жапония, Германия мен Ресейден келген жетекші ғалымдар бар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Геоархеология» артефактілерді археологиялық даталау жөніндегі халықаралық ғылыми зертхана ашылды. Бұл жөнінде бүгін Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының III отырысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Зертхананың негізгі міндеті - Қазақстан мен Орталық Азия аумағындағы археологиялық ескерткіштер мен жәдігерлерді зерделеу және заманауи әдістемелік парадигмалар негізінде түрлі жаратылыстану ғылымының әдістерін пайдалану арқылы әлемдік тарихтағы кезеңін анықтау», - деді М.Орынханов.

Зертханада 88 маман жұмыс жасайды. Олардың қатарында 7 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаты, 4 докторант, мұнымен қатар АҚШ, Жапония, Германия мен Ресейден келген жетекші ғалымдар бар.

Ұқсас материалдар