Қандастар Ассамблея

"Кенесары хан" деректі фильмі

24.09.2013 3977
Бүгін әңгімелек болып отырған фильм елім деп ерлік көрсеткен, жерім деп жауға қарсы шапқан хан Кененің елдік көксеген қайсар рухы туралы болмақ.   «Кенесары» деректі фильмі «Кенесары» қоғамдық қорының тапсырысымен түсірілген болатын. Режиссері Марат Қоңыров. Қысқа метражды «Кенесар хан» деректі фильмі 2003 жылдың 5 сәуірден бастап түсіріле бастаған болатын.   Түсірілімдер Алматы қаласының аумағында, Қаскелен және Медеу мұз айдыны маңында түсірілген. Кенесары ханның рөлін Ерлан Мұсатай сомдаса, ал оның апайы Бопай рөлін Лондонда тұратын Айға Жәміл ойнайды. Марат Қоңыров бұған дейін «Каждый взойдет на Голгофу», «Потерянный рай» фильмдерімен танымал болған. Кене хан - Кенесары Қасымов (1802-1847) -қазақтың сұлтаны, Орта жүздің ханы және ол қазақтың ең соңғы ханы мен Абылай ханның немересі болып табылады. 1841-47 ж.ж. билік құрған. Қазақ халқының патшалық Ресейге, Қоқан және Хиуа хандықтарына қарсы жүргізген ұлт-азаттық күресін басқарушы.1841 жылы үш жүздің рулық кеңесінде Кенесары Қасымов хан болып сайланады. Кенесары хан қазақ халқының салт-дәстүрін сақтай отырып, халықты бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдыра білді, оның саясаты мен идеологиясы ұлттың даму жолындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталды. Кенесары Қасымұлы «мемлекет тәуелсіздігінің» өте маңызды іс екенін халық санасына құюда қыруар еңбектер атқарды. Ол Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы күрестің басында тұрған тұлға. Кенесары  қазақ халқының дербес мемлекеттілігін қалпына келтіру, халқын бодандықтан құтқарып, басын біріктіру, азаттық пен бостандыққа қол жеткізіп, тәуелсіз ел ету мұратын көздеген сұңғыла саясатшы, қайраткер, ірі мәмілегер, дарынды әскери қолбасшы ретінде ел есінде қалды. Кенесарының өмірі мен азаттық жолындағы күресі көптеген ақын-жазушылардың да шығармаларына арқау болды. Нысанбай ақынның «Кенесары – Наурызбай» дастаны (19 ғ.) 1875 жылы сұлтан Жантөриннің тәржімасымен «Орыс географиялық қоғамы Орынбор бөлімшесінің жазбаларында» орыс тілінде жарияланды. 20 ғасырдың 30-жылдары М.Әуезов «Хан Кене» пьесасын жазды. Бірақ бұл туындыны сахнаға бірер қойылымнан кейін тиым салған. 60-жылдары И.Есенберлин «Қаһар» романын жазды. Алғашқы зерттеулер ішінде «Қазақ сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлігі» деген тақырыппен Н.Середаның 1870 жылы  «Вестник Европы» журналының бірнеше нөміріне бастырған кітабының дерек көзі ретіндегі маңызы зор. 1888 ж. Ташкентте «Кенесары мен Садық» деген атпен шыққан Кенесарының баласы сұлтан Ахмет Кенесариннің естеліктер жинағы да құнды еңбек болып табылады. Кеңес өкіметі тұсында Кенесарының  күрес жолына іргелі ғылыми зерттеу арнаған тарихшы-ғалым Е.Бекмаханов («ХІХ ғасырдың 20 – 40-жылдарындағы Қазақстан», 1947) саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Кенесары  тұлғасына жаңаша қарап, оның шынайы бағасын беру ісі Қазақстан тәуелсіз мемлекетке айналғаннан кейін ғана қолға алынды.

Бүгін әңгімелек болып отырған фильм елім деп ерлік көрсеткен, жерім деп жауға қарсы шапқан хан Кененің елдік көксеген қайсар рухы туралы болмақ.  

«Кенесары» деректі фильмі «Кенесары» қоғамдық қорының тапсырысымен түсірілген болатын. Режиссері Марат Қоңыров. Қысқа метражды «Кенесар хан» деректі фильмі 2003 жылдың 5 сәуірден бастап түсіріле бастаған болатын.  

Түсірілімдер Алматы қаласының аумағында, Қаскелен және Медеу мұз айдыны маңында түсірілген. Кенесары ханның рөлін Ерлан Мұсатай сомдаса, ал оның апайы Бопай рөлін Лондонда тұратын Айға Жәміл ойнайды.

Марат Қоңыров бұған дейін «Каждый взойдет на Голгофу», «Потерянный рай» фильмдерімен танымал болған.

Кене хан - Кенесары Қасымов (1802-1847) -қазақтың сұлтаны, Орта жүздің ханы және ол қазақтың ең соңғы ханы мен Абылай ханның немересі болып табылады. 1841-47 ж.ж. билік құрған. Қазақ халқының патшалық Ресейге, Қоқан және Хиуа хандықтарына қарсы жүргізген ұлт-азаттық күресін басқарушы.1841 жылы үш жүздің рулық кеңесінде Кенесары Қасымов хан болып сайланады.

Кенесары хан қазақ халқының салт-дәстүрін сақтай отырып, халықты бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдыра білді, оның саясаты мен идеологиясы ұлттың даму жолындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталды. Кенесары Қасымұлы «мемлекет тәуелсіздігінің» өте маңызды іс екенін халық санасына құюда қыруар еңбектер атқарды. Ол Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы күрестің басында тұрған тұлға.

Кенесары  қазақ халқының дербес мемлекеттілігін қалпына келтіру, халқын бодандықтан құтқарып, басын біріктіру, азаттық пен бостандыққа қол жеткізіп, тәуелсіз ел ету мұратын көздеген сұңғыла саясатшы, қайраткер, ірі мәмілегер, дарынды әскери қолбасшы ретінде ел есінде қалды. Кенесарының өмірі мен азаттық жолындағы күресі көптеген ақын-жазушылардың да шығармаларына арқау болды. Нысанбай ақынның «Кенесары – Наурызбай» дастаны (19 ғ.) 1875 жылы сұлтан Жантөриннің тәржімасымен «Орыс географиялық қоғамы Орынбор бөлімшесінің жазбаларында» орыс тілінде жарияланды. 20 ғасырдың 30-жылдары М.Әуезов «Хан Кене» пьесасын жазды. Бірақ бұл туындыны сахнаға бірер қойылымнан кейін тиым салған. 60-жылдары И.Есенберлин «Қаһар» романын жазды. Алғашқы зерттеулер ішінде «Қазақ сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлігі» деген тақырыппен Н.Середаның 1870 жылы  «Вестник Европы» журналының бірнеше нөміріне бастырған кітабының дерек көзі ретіндегі маңызы зор. 1888 ж. Ташкентте «Кенесары мен Садық» деген атпен шыққан Кенесарының баласы сұлтан Ахмет Кенесариннің естеліктер жинағы да құнды еңбек болып табылады. Кеңес өкіметі тұсында Кенесарының  күрес жолына іргелі ғылыми зерттеу арнаған тарихшы-ғалым Е.Бекмаханов («ХІХ ғасырдың 20 – 40-жылдарындағы Қазақстан», 1947) саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Кенесары  тұлғасына жаңаша қарап, оның шынайы бағасын беру ісі Қазақстан тәуелсіз мемлекетке айналғаннан кейін ғана қолға алынды.

Ұқсас материалдар