Астанада мүсінші Шоқан Төлештің «Атамекен» көрмесі өтеді

23.09.2013 2360
4 қыркүйекте Назарбаев Орталығында белгілі мүсінші Шоқан Төлештің көрмесі өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына орталықтың ақпараттық-имидждік орталығынан хабарлады. Шара автордың шығармашылық еңбегіне 35 жыл толуына арналған. Шоқан Әлмахамбетұлы Төлеш - ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Өнер академиясының академигі, республикалық және халықаралық көрмелерге қатысушы. Оның айтулы еңбегі ретінде Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап Алматы қаласында тұрғызған монументін көрсетуге  болады. 1992 жылдан бастап оның жұмыстары әлемнің көптеген қалаларындың галереяларына қойылып келеді, Қазақстан, АҚШ, Франция, Бельгия, Италия, Швейцария, Лихтенштейн князьдігі, Ұлыбритания, Австрия елдерінің жеке коллециялары мен мемлекеттік музейлерінде сақтаулы. Шоқан Төлеш өз жұмыстарымен Батыс пен Шығыстың стилистикасын біріктіріп, өнердің көркем түрінен жаңа пластикалық тіл ойлап тапқан мүсінші. Ол материалдарға, өлшемдерге батыл тәжірибе жүргізу арқылы өткен дәуір тарихының терең мән-мағынасын жаңаша сипаттауға қол жеткізді. Осылайша сақ, ғұн, түркі кезеңдерінен келе жатқан ата-баба дәстүрін, 21- ғасырға сай етіп көрсетті. Шоқан Төлештің әрбір жұмысынан суретшінің арманы мен шалқар  шабытын байқауға болады. http://astana.kz

4 қыркүйекте Назарбаев Орталығында белгілі мүсінші Шоқан Төлештің көрмесі өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына орталықтың ақпараттық-имидждік орталығынан хабарлады.

Шара автордың шығармашылық еңбегіне 35 жыл толуына арналған. Шоқан Әлмахамбетұлы Төлеш - ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Өнер академиясының академигі, республикалық және халықаралық көрмелерге қатысушы. Оның айтулы еңбегі ретінде Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап Алматы қаласында тұрғызған монументін көрсетуге  болады.

1992 жылдан бастап оның жұмыстары әлемнің көптеген қалаларындың галереяларына қойылып келеді, Қазақстан, АҚШ, Франция, Бельгия, Италия, Швейцария, Лихтенштейн князьдігі, Ұлыбритания, Австрия елдерінің жеке коллециялары мен мемлекеттік музейлерінде сақтаулы.

Шоқан Төлеш өз жұмыстарымен Батыс пен Шығыстың стилистикасын біріктіріп, өнердің көркем түрінен жаңа пластикалық тіл ойлап тапқан мүсінші. Ол материалдарға, өлшемдерге батыл тәжірибе жүргізу арқылы өткен дәуір тарихының терең мән-мағынасын жаңаша сипаттауға қол жеткізді. Осылайша сақ, ғұн, түркі кезеңдерінен келе жатқан ата-баба дәстүрін, 21- ғасырға сай етіп көрсетті. Шоқан Төлештің әрбір жұмысынан суретшінің арманы мен шалқар  шабытын байқауға болады.

http://astana.kz

Ұқсас материалдар