Қандастар Ассамблея

Уммауи халифалығы дәуіріндегі (661-750) тарихшылар

20.09.2013 2476
1. Ғасым ибн Омар ибн Қатада (р.а.) һижри 120 жылы қайтыс болған. Мухаддис болған. Ғазауат және сира жайында көп риуаят еткен. Халифа Омар ибн Абдулазиздің (р.а.) әміріне сай Дамаскінің мешітінде мұсылмандарға ғазауаттар және сахабалар тарихынан дәріс бере-тін. Ибн Исхақ және Аль-Уақид көбінесе Ғасым ибн Омардың (р.а.) еңбектеріне сүйенді;5 2. Мұхаммед ибн Шиһаб Аз-Зухри. Көбінесе «Аз-Зуһри» лақабымен аталады. Һижри 124 жылы дүниеден өткен. Мұхаммед ибн Шиһаб – фақиһ және мухаддис. Сира және ғазауаттар тарихын өте жақсы білетін. Ислам тарихында хадис саласында қалам тарқан ғалымдардың бірі. Кейбір ғалымдардың айтуынша, Сира саласында толық кітапты жазған дәл осы Мухаммад ибн Шиһаб. Сондықтан болар, Аз-Зуһридің Сира кітаптары ең абзал әрі кәміл болып есептеледі. Ибн Исхақ еңбектерінде көбінесе Мұхаммед ибн Шиһабтың жазғанына сүйенген. Сонымен қатар, Аз-Зуһриден имам Мәлік, Ибн `Айина және Әс-Саури, т.б. риуаят еткен;6 3. Абдулла ибн Әбу Бәкір ибн Хазм Ансари. Һижри 135 жылы көз жұмған. Фақиһ әрі мухаддис болған. Көптеген риуаяттардың иесі. Одан Ибн Исхақ, Ибн Сағд, Табари, Әз-Зуһри, имам Мәлік, Әс-Саури, Хаммад, т.б. риуаят еткен.7 Тарихшылардың келесі сатысы – Аббаси халифалығы дәуірі (750-1258). 1. Мұса ибн Ғуқба. Һижри 141 жылы қайтыс болған. Мухаддис әрі тарихшы. Мұса ибн Ғуқба ғазауат кітабын жазған, онысы сенімді дерек көзіне айналған. Оған дәлел: Әл-Байһақи, Ибн Хажәр, Әз-Заһаби, Ибн Кәсир, мухаддистерден Бұхари, Мүслім, Тирмизи, Әбу Дауд, Ибн Мажәһ, Насаи сынды ғалымдар Ибн Ғұқбаның риуаяттарына сүйенген;8 2. Мұхаммед ибн Исхақ Әл-Матләби. Һижри 151 жылы дүние салған. Бұл ғалымның есімі жоғарыда бірқатар орында аталып өтті. Хадис хафизы. Көбінесе Ибн Исхақ лақабымен әйгілі бұл ғалым, халифа Мансұрдың талабына сай «Әл-Мағази» атты кітабын жазып, онда Адам атадан (ғ.с.) бастап өзі ғұмыр кешкен дәуірге дейінгі аралықтағы тарихты әңгімелеген. Кітап тым көлемді болуы себебінен халифа оны қысқартуын бұйырған еді. Ибн Исхақтың бұл еңбегі Алла Тағаланың қалауымен біздің заманымызға дейін жеткен бірінші Сира кітабы. Ибн Исхақтың риуаяттарына Ибн Һишам, Табари, Әл-Уақиди, т.б. атақты ғалымдар сүйенген;9 3. Мағмар ибн Рашид. Һижри 150 жылы опат болған. Фақиһ және хадис хафизы. Бұл ғалымның есімі көп жерде аталғанымен, еңбектері, өкінішке орай, бізге жетпеген;10 4. Мұхаммед ибн Омар Әл-Уақиди. Һижри 207 жылы қайтыс болған. Хадис хафизы. Әл-Уақидидің «Әл-Мағази» атты кітабы кейінгі ғалымдардың жазған көптеген еңбектеріне негіз болған.11 Келесі буын ғалымдарының ішінде Ибн Исхақтың шәкірті Әбу Мухаммад Абдул-Малик ибн Һишамды (һижри 218 жылы қайтыс болған) ерекше атап өткен жөн. Тіл ғалымы. Ибн Һишам ұстазы Ибн Исхақтың еңбегін қысқартып, ретке келтіруші.12 Ибн Һишамның Сирасы – қазіргі күні тарих ғалымдарының сүйенетін негізгі дерек көзі. Сонымен қатар, осы күні тарих еңбектері сөз етілсе, міндетті түрде ұстазы мен шәкірті, яғни Ибн Исхақ пен Ибн Һишам еске алынады. Осы дәуірден кейінгі тарих ғалымдары өз еңбектерінде негізінен Ибн Исхақ пен Ибн Һишамның жазғанына сүйенді десек, қателескен болмаймыз. Абдуссамад Махат

1. Ғасым ибн Омар ибн Қатада (р.а.) һижри 120 жылы қайтыс болған. Мухаддис болған. Ғазауат және сира жайында көп риуаят еткен. Халифа Омар ибн Абдулазиздің (р.а.) әміріне сай Дамаскінің мешітінде мұсылмандарға ғазауаттар және сахабалар тарихынан дәріс бере-тін. Ибн Исхақ және Аль-Уақид көбінесе Ғасым ибн Омардың (р.а.) еңбектеріне сүйенді;5
2. Мұхаммед ибн Шиһаб Аз-Зухри. Көбінесе «Аз-Зуһри» лақабымен аталады. Һижри 124 жылы дүниеден өткен. Мұхаммед ибн Шиһаб – фақиһ және мухаддис. Сира және ғазауаттар тарихын өте жақсы білетін. Ислам тарихында хадис саласында қалам тарқан ғалымдардың бірі. Кейбір ғалымдардың айтуынша, Сира саласында толық кітапты жазған дәл осы Мухаммад ибн Шиһаб. Сондықтан болар, Аз-Зуһридің Сира кітаптары ең абзал әрі кәміл болып есептеледі. Ибн Исхақ еңбектерінде көбінесе Мұхаммед ибн Шиһабтың жазғанына сүйенген. Сонымен қатар, Аз-Зуһриден имам Мәлік, Ибн `Айина және Әс-Саури, т.б. риуаят еткен;6
3. Абдулла ибн Әбу Бәкір ибн Хазм Ансари. Һижри 135 жылы көз жұмған. Фақиһ әрі мухаддис болған. Көптеген риуаяттардың иесі. Одан Ибн Исхақ, Ибн Сағд, Табари, Әз-Зуһри, имам Мәлік, Әс-Саури, Хаммад, т.б. риуаят еткен.7
Тарихшылардың келесі сатысы – Аббаси халифалығы дәуірі (750-1258).
1. Мұса ибн Ғуқба. Һижри 141 жылы қайтыс болған. Мухаддис әрі тарихшы. Мұса ибн Ғуқба ғазауат кітабын жазған, онысы сенімді дерек көзіне айналған. Оған дәлел: Әл-Байһақи, Ибн Хажәр, Әз-Заһаби, Ибн Кәсир, мухаддистерден Бұхари, Мүслім, Тирмизи, Әбу Дауд, Ибн Мажәһ, Насаи сынды ғалымдар Ибн Ғұқбаның риуаяттарына сүйенген;8
2. Мұхаммед ибн Исхақ Әл-Матләби. Һижри 151 жылы дүние салған. Бұл ғалымның есімі жоғарыда бірқатар орында аталып өтті. Хадис хафизы. Көбінесе Ибн Исхақ лақабымен әйгілі бұл ғалым, халифа Мансұрдың талабына сай «Әл-Мағази» атты кітабын жазып, онда Адам атадан (ғ.с.) бастап өзі ғұмыр кешкен дәуірге дейінгі аралықтағы тарихты әңгімелеген. Кітап тым көлемді болуы себебінен халифа оны қысқартуын бұйырған еді. Ибн Исхақтың бұл еңбегі Алла Тағаланың қалауымен біздің заманымызға дейін жеткен бірінші Сира кітабы. Ибн Исхақтың риуаяттарына Ибн Һишам, Табари, Әл-Уақиди, т.б. атақты ғалымдар сүйенген;9
3. Мағмар ибн Рашид. Һижри 150 жылы опат болған. Фақиһ және хадис хафизы. Бұл ғалымның есімі көп жерде аталғанымен, еңбектері, өкінішке орай, бізге жетпеген;10
4. Мұхаммед ибн Омар Әл-Уақиди. Һижри 207 жылы қайтыс болған. Хадис хафизы. Әл-Уақидидің «Әл-Мағази» атты кітабы кейінгі ғалымдардың жазған көптеген еңбектеріне негіз болған.11
Келесі буын ғалымдарының ішінде Ибн Исхақтың шәкірті Әбу Мухаммад Абдул-Малик ибн Һишамды (һижри 218 жылы қайтыс болған) ерекше атап өткен жөн. Тіл ғалымы. Ибн Һишам ұстазы Ибн Исхақтың еңбегін қысқартып, ретке келтіруші.12
Ибн Һишамның Сирасы – қазіргі күні тарих ғалымдарының сүйенетін негізгі дерек көзі. Сонымен қатар, осы күні тарих еңбектері сөз етілсе, міндетті түрде ұстазы мен шәкірті, яғни Ибн Исхақ пен Ибн Һишам еске алынады. Осы дәуірден кейінгі тарих ғалымдары өз еңбектерінде негізінен Ибн Исхақ пен Ибн Һишамның жазғанына сүйенді десек, қателескен болмаймыз.

Абдуссамад Махат

Ұқсас материалдар