Қандастар Ассамблея

ҰЛТТЫҚ ТАРИХТЫҢ ҰЛАҒАТЫ

20.09.2013 1978
«Қазақстанның тарихы осы жерді кейінірек мекендеген, бірқатары еркінен тыс қоныстанған басқа этностық топтардың да тарихы. Еліміздің көпэтносты сипатын қалыптастыруда бұл үдерістерді біз объективті түрде зерделеуіміз қажет. Қазақстанның тарихы – біздің ортақ тарихымыз», – деп Мемлекеттік хатшы атап көрсеткеніндей, еліміздің көпұлттылығы бүгінгі күннің және болашақта да негізгі мәселелердің бірі екені айқын.  Қазақстандықтар тоталитарлық жүйенің алмас қылышының жүзінде болғаны, қатал жүйе миллиондаған азаматтардың тағдырын тәлкек еткені мәлім.  Халықтардың қазақ еліне шоғырла­нуы сонау 20-30 жылдары ерекше қарқын алды. Қазақстанға КСРО-ның басқа өлкелерінен бұ­рынғы байлық иелері – кулактар, діндарлар, ақсүйектер, патша өкіметі әкімшілік орындарында қызмет еткен шенеуініктер –  барлығы 360 мыңдай адам жер аударылса, Ұлы Отан соғысы жылдары елімізге күштеп қоныстандырылған этнос өкілдері 1 млн. адамнан асты, кейіннен ақпан-наурыз пленумының шешімімен ағылып келіп жатқан халықтардың басым көпшілігі Қазақстан тұрғындарына айналды.  Қазақстанның тәуелсіздік алуы тек қазақ халқы тарихының ақтаңдақ беттерін ғана ашып қойған жоқ. Атамекендерінен қуылып, күштеп қоныс аударылған, бүгінде қазақ елінде тұрақтап қалған басқа да ұлт өкілдерінің өткен тарихының көлеңкелі тұстарының шынайы беттері ашылды.   Елімізге күштеп көшірілген этностар мен қазақ халқының арасындағы бірлік пен татулықтың жарқын көрінісі Елбасымыздың бастамасымен құрылып, бүгінде жұмыс істеп жатқан «Қазақстан халқы Ассамблеясы» Астана мен Алматы, тағы басқа орталық қалаларда жұмыс істеп отыр.  Бұл 1995 жылдың наурызында құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор бастама. Ассамблея республикалық, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени орталықтары мен оның мүшелерінің басын біріктірген біздің ортақ үйіміз – Қазақстандағы келісім мен татулықтың негізінде құрылып отыр.  Барлық ұлттардың әлеуметтік-эконо­микалық және рухани дамуына, өзінің ана тілін, ділін, салт-дәстүрін сақтап, жаңғыртуда ұлттық-мәдени  орталықтардың алатын орны зор. Үкімет тарапынан Қазақстанда өмір сүріп, әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлес қосып жүрген этнос өкілдерінің жан-жақты жұмыс істеп жетілуіне қамқорлық көрсетілуде.  Сондықтан да Қазақстан әлемдегі дамыған демократиялық мемлекеттер қатарына қосылуында ұлттық тари­хымыздың басты нысанасына айналып, өз ерекшелігімен танылуы барлық этностардың жарқын болашағы үшін ортақ мәселе.      Қ. ҚОЖАХАНОВА

«Қазақстанның тарихы осы жерді кейінірек мекендеген, бірқатары еркінен тыс қоныстанған басқа этностық топтардың да тарихы. Еліміздің көпэтносты сипатын қалыптастыруда бұл үдерістерді біз объективті түрде зерделеуіміз қажет. Қазақстанның тарихы – біздің ортақ тарихымыз», – деп Мемлекеттік хатшы атап көрсеткеніндей, еліміздің көпұлттылығы бүгінгі күннің және болашақта да негізгі мәселелердің бірі екені айқын. 

Қазақстандықтар тоталитарлық жүйенің алмас қылышының жүзінде болғаны, қатал жүйе миллиондаған азаматтардың тағдырын тәлкек еткені мәлім. 

Халықтардың қазақ еліне шоғырла­нуы сонау 20-30 жылдары ерекше қарқын алды. Қазақстанға КСРО-ның басқа өлкелерінен бұ­рынғы байлық иелері – кулактар, діндарлар, ақсүйектер, патша өкіметі әкімшілік орындарында қызмет еткен шенеуініктер –  барлығы 360 мыңдай адам жер аударылса, Ұлы Отан соғысы жылдары елімізге күштеп қоныстандырылған этнос өкілдері 1 млн. адамнан асты, кейіннен ақпан-наурыз пленумының шешімімен ағылып келіп жатқан халықтардың басым көпшілігі Қазақстан тұрғындарына айналды. 

Қазақстанның тәуелсіздік алуы тек қазақ халқы тарихының ақтаңдақ беттерін ғана ашып қойған жоқ. Атамекендерінен қуылып, күштеп қоныс аударылған, бүгінде қазақ елінде тұрақтап қалған басқа да ұлт өкілдерінің өткен тарихының көлеңкелі тұстарының шынайы беттері ашылды.  

Елімізге күштеп көшірілген этностар мен қазақ халқының арасындағы бірлік пен татулықтың жарқын көрінісі Елбасымыздың бастамасымен құрылып, бүгінде жұмыс істеп жатқан «Қазақстан халқы Ассамблеясы» Астана мен Алматы, тағы басқа орталық қалаларда жұмыс істеп отыр.  Бұл 1995 жылдың наурызында құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор бастама. Ассамблея республикалық, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени орталықтары мен оның мүшелерінің басын біріктірген біздің ортақ үйіміз – Қазақстандағы келісім мен татулықтың негізінде құрылып отыр. 

Барлық ұлттардың әлеуметтік-эконо­микалық және рухани дамуына, өзінің ана тілін, ділін, салт-дәстүрін сақтап, жаңғыртуда ұлттық-мәдени  орталықтардың алатын орны зор. Үкімет тарапынан Қазақстанда өмір сүріп, әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлес қосып жүрген этнос өкілдерінің жан-жақты жұмыс істеп жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. 

Сондықтан да Қазақстан әлемдегі дамыған демократиялық мемлекеттер қатарына қосылуында ұлттық тари­хымыздың басты нысанасына айналып, өз ерекшелігімен танылуы барлық этностардың жарқын болашағы үшін ортақ мәселе. 

    Қ. ҚОЖАХАНОВА

Ұқсас материалдар