Қандастар Ассамблея

Әлімхан Ермекұлының еңбек жолы

20.09.2013 2486
Ә.Ермекұлы 1920 жылы Қа­зақ­стан Орталық Атқару коми­тетіне мүше болып сайланса, 1925 жылы осы комитетке екінші рет тағы мүшелікке өткен. Осы кезеңде ол­ республикалық жоспарлау комис­сия­сына да жетекшілік етеді. Тағдыр ауыр-ауыр кезеңдерді басынан өткізуді жазыпты маңдайына. Өкінішті үзі­лістердің арасында ол Қарқаралы, Қызылорда, Ташкент, Шымкент, Жамбыл, Алматы, Қуйбышев, Қара­ған­ды қалаларында ұзақ жылдар бойы математика пәнінен жоғарғы оқу­ орындарында ұстаздық еткен.Сол жылдары жоғарғы математика ту­ралы оқулықтар да жазған, кафедра басқарып, декан да болған. Бірақ, Ә.Ермекұлы ғылыммен бір­жола шұғылданып кете ал­ма­ды.­ Тіпті бала кезінде «саяси се­нім­сіз» деп танылған ол, отызын­шы жылдардың басында А. Бай­тұр­сынұлы, М. Жұмабайұлы, М. Әуезұлымен қатар тұтқынға тү­сіп азап шекті. 1932 жылы түрмеден шыққан болатын. Аңду бәрібір соңы­нан қалмаған. Бостандықта уақытша жүргенін Әлекеңнің түйсінгені анық. Әуелі қазақ  педагогикалық институтында біраз дәріс оқыды. Онан соң Алматының кен-металлургия институтында математикадан ұстаздық етті. Сөйтіп жүргенде «халық жауларын» күні-түні әшкерелеген қасапты 1937 жыл да жетті. Институттың бастығы  Әшірбек Бүркітбаев кабинетіне жеке шақырып: «Бұдан әрі сізді қорғауға шамам келетін емес . Бір жаққа кетіп қалыңыз, аспан асты кең ғой», – деген. Бұл­ Ә.Ермекұлын аман сақтау үшін жасаған жақсылығы еді. Ә. Ер­мекұлы Қазақстаннан пана болма­сын сезіп, Ресейдің Куйбышев қа­ла­сына келіп, сондағы инс­ти­тут­тың мате­матика кафедрасына меңгеруші болып орналасқан. Дүние есігін ашқаннан «саяси се­німсіздікке» ілінген Әлекеңе Куйбышев те пана болмады, оны 1939 жылы тұтқындап, Қазақстанға әкелді. Жаппаған жала жоқ, қорлық-қысастықта да шек жоқ. «Айлап ұйқы бермеді, тізе бүктірмей, тік тұрғызып қойды... шалқамнан жатқызып, екі аяғымды керіп қойып тепкіледі»,– деп еске алған сол қиянатты Ә.Ермекұлы. Саяси лагерьдің сан өткелінен өткен Ә.Ермекұлы соғыс біткеннен кейін де біраз жыл отырып, 1947 жылы ғана бостандыққа шығады. Бірақ қуанышы ұзақ болмады. Ком­му­нистердің жапқан пәлесімен тағы да жер ауып кете барды. Өмірін еліне арнаған Әлекең тек 1957 жылы ғана ақтала алды.  «Әлдекімдер бұзақылық жасаса да, ... бір ауылда колхоз малы ұр­ланса да, тіпті біреу әмеңгерлік жолмен қос қатын алса да, газетте бір ауыз оғаштау сөз жазылса да, осы­ның бәрін бізден көретін», – деп сол кез­дегі қиянатты өмірді еске алады Ә.Ермекұлы. Ә.Ермекұлы бүкіл өмірін қазақ халқының болашағына арнаған, өсіп келе жатқан ұрпақтың терең білімді болуын аңсаған. Ол сонау ертерек тұста қазақ халқының болашақ гео­лог ғалымы, жас Қ.Сәтбаевтың осы Том университетіне оқуға тү­суіне қол ұшын берген. Дарын­ды ақын С.Торайғыровтың оқып, бі­лімін толықтыруына жағдай жаса­ған. Саяси лагерьден босай сала Қара­ғандының тау-кен институтына­ жұмысқа кіріп, өмірінің ақырына дейін қазақ жастарының ғылымның шыңына шығуына өз үлесін қосқан, еліне, ұлтына адал аңыздай тұлға. Бір кездескенде Д.Қонаевтың өзі: «Әлеке, ескі интеллигенция­ өкіл­де­ріне әділет­сіздігіміз, қиянатымыз бол­ды», – деп өкінген лебіз білдірген екен. Ұлының есімін қалай ардақтай­мыз деген сауал көңілде жүреді.Әлекең еңбек еткен, еңбегі әбден сіңген ҚарМТУ-ге есімін беру туралы мәселе көтеріліп жүр. Талай академик, талай профессор, талай еңбегі сіңген бар шығар. Солардың бәрін таразының бір басына салса, таразының екінші басындағы Ә.Ермекұлына тең келер ме?! Ол Алаштың ұлы ғой. Ол Алаш үшін бар қиянатты бастан кешіп, бізге жеткен жалғыз тұлға ғой. Бүгінгі Қазақ елінің қай институты, қай жоғарғы оқу орны болса да, Қазақ үшін жанын шүберекке түйген Алаш азаматының атына бермей, басқаға ұсыну әпенділік болар еді.  Кәмел Жүністегі

Ә.Ермекұлы 1920 жылы Қа­зақ­стан Орталық Атқару коми­тетіне мүше болып сайланса, 1925 жылы осы комитетке екінші рет тағы мүшелікке өткен. Осы кезеңде ол­ республикалық жоспарлау комис­сия­сына да жетекшілік етеді. Тағдыр ауыр-ауыр кезеңдерді басынан өткізуді жазыпты маңдайына. Өкінішті үзі­лістердің арасында ол Қарқаралы, Қызылорда, Ташкент, Шымкент, Жамбыл, Алматы, Қуйбышев, Қара­ған­ды қалаларында ұзақ жылдар бойы математика пәнінен жоғарғы оқу­ орындарында ұстаздық еткен.Сол жылдары жоғарғы математика ту­ралы оқулықтар да жазған, кафедра басқарып, декан да болған.

Бірақ, Ә.Ермекұлы ғылыммен бір­жола шұғылданып кете ал­ма­ды.­ Тіпті бала кезінде «саяси се­нім­сіз» деп танылған ол, отызын­шы жылдардың басында А. Бай­тұр­сынұлы, М. Жұмабайұлы, М. Әуезұлымен қатар тұтқынға тү­сіп азап шекті. 1932 жылы түрмеден шыққан болатын. Аңду бәрібір соңы­нан қалмаған.

Бостандықта уақытша жүргенін Әлекеңнің түйсінгені анық. Әуелі қазақ  педагогикалық институтында біраз дәріс оқыды. Онан соң Алматының кен-металлургия институтында математикадан ұстаздық етті. Сөйтіп жүргенде «халық жауларын» күні-түні әшкерелеген қасапты 1937 жыл да жетті. Институттың бастығы  Әшірбек Бүркітбаев кабинетіне жеке шақырып: «Бұдан әрі сізді қорғауға шамам келетін емес . Бір жаққа кетіп қалыңыз, аспан асты кең ғой», – деген. Бұл­ Ә.Ермекұлын аман сақтау үшін жасаған жақсылығы еді. Ә. Ер­мекұлы Қазақстаннан пана болма­сын сезіп, Ресейдің Куйбышев қа­ла­сына келіп, сондағы инс­ти­тут­тың мате­матика кафедрасына меңгеруші болып орналасқан. Дүние есігін ашқаннан «саяси се­німсіздікке» ілінген Әлекеңе Куйбышев те пана болмады, оны 1939 жылы тұтқындап, Қазақстанға әкелді. Жаппаған жала жоқ, қорлық-қысастықта да шек жоқ. «Айлап ұйқы бермеді, тізе бүктірмей, тік тұрғызып қойды... шалқамнан жатқызып, екі аяғымды керіп қойып тепкіледі»,– деп еске алған сол қиянатты Ә.Ермекұлы.

Саяси лагерьдің сан өткелінен өткен Ә.Ермекұлы соғыс біткеннен кейін де біраз жыл отырып, 1947 жылы ғана бостандыққа шығады. Бірақ қуанышы ұзақ болмады. Ком­му­нистердің жапқан пәлесімен тағы да жер ауып кете барды. Өмірін еліне арнаған Әлекең тек 1957 жылы ғана ақтала алды. 

«Әлдекімдер бұзақылық жасаса да, ... бір ауылда колхоз малы ұр­ланса да, тіпті біреу әмеңгерлік жолмен қос қатын алса да, газетте бір ауыз оғаштау сөз жазылса да, осы­ның бәрін бізден көретін», – деп сол кез­дегі қиянатты өмірді еске алады Ә.Ермекұлы.

Ә.Ермекұлы бүкіл өмірін қазақ халқының болашағына арнаған, өсіп келе жатқан ұрпақтың терең білімді болуын аңсаған. Ол сонау ертерек тұста қазақ халқының болашақ гео­лог ғалымы, жас Қ.Сәтбаевтың осы Том университетіне оқуға тү­суіне қол ұшын берген. Дарын­ды ақын С.Торайғыровтың оқып, бі­лімін толықтыруына жағдай жаса­ған. Саяси лагерьден босай сала Қара­ғандының тау-кен институтына­ жұмысқа кіріп, өмірінің ақырына дейін қазақ жастарының ғылымның шыңына шығуына өз үлесін қосқан, еліне, ұлтына адал аңыздай тұлға.

Бір кездескенде Д.Қонаевтың өзі: «Әлеке, ескі интеллигенция­ өкіл­де­ріне әділет­сіздігіміз, қиянатымыз бол­ды», – деп өкінген лебіз білдірген екен.

Ұлының есімін қалай ардақтай­мыз деген сауал көңілде жүреді.Әлекең еңбек еткен, еңбегі әбден сіңген ҚарМТУ-ге есімін беру туралы мәселе көтеріліп жүр. Талай академик, талай профессор, талай еңбегі сіңген бар шығар. Солардың бәрін таразының бір басына салса, таразының екінші басындағы Ә.Ермекұлына тең келер ме?! Ол Алаштың ұлы ғой. Ол Алаш үшін бар қиянатты бастан кешіп, бізге жеткен жалғыз тұлға ғой. Бүгінгі Қазақ елінің қай институты, қай жоғарғы оқу орны болса да, Қазақ үшін жанын шүберекке түйген Алаш азаматының атына бермей, басқаға ұсыну әпенділік болар еді. 

Кәмел Жүністегі

Ұқсас материалдар