Қандастар Ассамблея

Әлімхан Ермекұлының баяндамалары

20.09.2013 1860
1920 жылы тамызда Ә. Ермекұлы Ленин басқарған үкімет мәжілісінде болашақ республиканың шекара межесі туралы баяндады. Оның алдында Түркістан республикасында, Жетісу өлкесінде жер реформасын жүргізу туралы белгілі коммунист Г.И.Сафаров баяндама жасаған. Отаршылдықты қатты сынға алған Сафаровтың баяндамасы аса өткір еді. Столыпинның озбырлық жер саясатының салдарынан қазақтар шұрайлы өлке, жайылымдарынан да айырылып, жұт пен аштыққа ұшырады. Жетісу өлкесіндегі қазақтардың 35 пайызы 4-5 жыл ішінде аштан қырылып, малының 70 пайызы жұтаған деген ол, мұндағы орыс кулактарды тегіс көшіріп жіберу керек деп түйіндеген ойын. 1916 жылы әскерге алынудан қашқан қазақтарды да, соны сылтау етіп, отаршылардың бейбіт жатқан ауылдарды қынадай қырғанын да айтқан. Содан зәресі ұшқан қазақтар патша құласа да «патшаны жақтаймыз» дескен. Сол үшін әкімдер жұртты киізге орап, үстеріне керосин құйып өртеп, кейбірін тірідей жерге көмген. Кулактар мен полицейлер бөктерге мал жайған қазақтарды аңша қуып, оқ жаудырғанын да Сафаров мұжықтарды көшіру керек деген сөзін дәлелдеу үшін көлденең тартыпты.  Ә.Ермекұлының қадап айтқан ұсынысының бірі – Каспий теңізінің теріскей жағындағы Нарын құмына созылып жатқан шаруашылыққа аса тиімді шығанақ-бұғазды орыс помещик-алпауыттары басып қалғанын, оны қазақ жұртына қайтару керектігі болды. Бұл мәселеге келгенде партияның көр­некті басшылары Ш.Элиава, Н.Брю­ханов, Н.Крестинский, т.б. қазір Ресейде аштық, Атыраудың балығы Мәскеу, Петербург үшін қажетті азық-түлік, бұл атырапты қазаққа беруге болмайды деп қарсы шыққан.Бұған жауап ретінде Ә.Ермекұлы қазақтардың бұл шаруашылық саласын бұрыннан игергенін, бұл аймақ Қазақ елінің қолына тисе құлшынған қазақтар балықты мұнан да көп аулап, Ресейге жөнелтетінін айтқан. Ал Н.Крестинский: «Ермеков Каспий жағасынан Данциг көпірін жасағысы келеді», – деп қарсыласқан. Ақыры Ленин осы өңірдегі қазақ пен орыс жұртының ара салмағын сұраған екен, қалай бұлтарса да тығырыққа тірелген губерниялық атқару ко­ми­тетінің төрағасы қазақтардың са­ны көп екенін мойындауына тура келіп, Ә.Ермековтің табандылығы арқасында қазақтың атамекен жері өзіне қайтарылды. Иә, Ә.Ермекұлы сол тұста, сол күнге дейін қалыптасқан ұлттық сананы, ұлт тәуелсіздігі үшін ақындар мен жыраулардың жеріне жеткізе айтқан жырларын бойына әбден сіңірген тұлға. Өзі туған Қарқаралы өңірінің тумасы, жерлесі Шортанбай жыраудың қасіретке толы өлеңдері сол кездегі бар қазақтың жүрегіне ұялаған идеология еді. Шортанбай жыраудың: Ұзын аққан Сарысуды, Өзің жайлап жағала. Жүйрік пенен жорғаңды, Өзің мініп бағала. Балаң менен малыңды Аузына бір алған соң, Алмайды деген немене. Айдалмай тұрып солдатқа, Зар болмай тұрып жалды атқа, Қатын-бала қамы үшін, Жалаңаш мініп жауға шап, Ажалдан бұрын өле ме,–дегені Ә.Ермекұлының Ертістің бойын қазақ баласына қайтару  туралы көкейкесті мәселеде ту еткен ұстанымы болған­дай. Столыпин «Қазақ жерін игеру» деген сылтаумен Ертіс өзенінің әр жағалауынан ені 10 шақырым жерді бүкіл өзеннің бойымен кесіп алып, мұжықтың қолына ұстатқан еді. Қазақ шұрайлы жерге де, малы ішетін суға да зар болып қалды. Мұжықтар бұл 10 шақырымдық кесінді жерге қазақтың өзі түгілі қара төбетінің де тұмсығын кіргізбейтін. Ә.Ермекұлы отаршылардың қазақтарды тіпті ата-баба зиратына жолатпайтынын, өлген кісіні жерлеу үшін қарыстай жерді 20-30 сомға сататынын да жеткізді.Бұл жерді қазына қорына айналдырып, коммуна құрайық  деген пікір де айтылды. Әлімхан Ермекұлының табандылығының арқасында бұл жерге де қазақтың табаны қайта тиген еді. Озбыр отаршылардың ша­­мына тисе де, өткір дәлелімен ерік­сіз мойындатқан Ә.Ермекұлының дип­­ломатиялық  шеберлігіне таң қал­мас­қа лаж жоқ.  Иә, Мәскеу үкіметі Қазақ автономиясы құруды бұл кезде тездетіп қолға алып жатты. Қазақтың бетке ұстар, оқыған, саясаттан хабары бар зиялы азаматтары осы кезде исі түркіні біріктірер Түркістан республикасын құру үшін жанталасып жатқан. Батыстағы аю мен шығыстағы айдаһардан қорғану үшін іргесі мықты мемлекеттің қажеттілігін олар түсіне білді. Бірақ ол Мәскеу үшін қажет емес еді. Мәскеуге бөлшектеу қажет. Оның ар жағында саны басым, өте өршіл қазақ жұртын тоздырып жіберу де жатқан. Кәмел Жүністегі

1920 жылы тамызда Ә. Ермекұлы Ленин басқарған үкімет мәжілісінде болашақ республиканың шекара межесі туралы баяндады. Оның алдында Түркістан республикасында, Жетісу өлкесінде жер реформасын жүргізу туралы белгілі коммунист Г.И.Сафаров баяндама жасаған. Отаршылдықты қатты сынға алған Сафаровтың баяндамасы аса өткір еді. Столыпинның озбырлық жер саясатының салдарынан қазақтар шұрайлы өлке, жайылымдарынан да айырылып, жұт пен аштыққа ұшырады. Жетісу өлкесіндегі қазақтардың 35 пайызы 4-5 жыл ішінде аштан қырылып, малының 70 пайызы жұтаған деген ол, мұндағы орыс кулактарды тегіс көшіріп жіберу керек деп түйіндеген ойын. 1916 жылы әскерге алынудан қашқан қазақтарды да, соны сылтау етіп, отаршылардың бейбіт жатқан ауылдарды қынадай қырғанын да айтқан. Содан зәресі ұшқан қазақтар патша құласа да «патшаны жақтаймыз» дескен. Сол үшін әкімдер жұртты киізге орап, үстеріне керосин құйып өртеп, кейбірін тірідей жерге көмген. Кулактар мен полицейлер бөктерге мал жайған қазақтарды аңша қуып, оқ жаудырғанын да Сафаров мұжықтарды көшіру керек деген сөзін дәлелдеу үшін көлденең тартыпты. 

Ә.Ермекұлының қадап айтқан ұсынысының бірі – Каспий теңізінің теріскей жағындағы Нарын құмына созылып жатқан шаруашылыққа аса тиімді шығанақ-бұғазды орыс помещик-алпауыттары басып қалғанын, оны қазақ жұртына қайтару керектігі болды.

Бұл мәселеге келгенде партияның көр­некті басшылары Ш.Элиава, Н.Брю­ханов, Н.Крестинский, т.б. қазір Ресейде аштық, Атыраудың балығы Мәскеу, Петербург үшін қажетті азық-түлік, бұл атырапты қазаққа беруге болмайды деп қарсы шыққан.Бұған жауап ретінде Ә.Ермекұлы қазақтардың бұл шаруашылық саласын бұрыннан игергенін, бұл аймақ Қазақ елінің қолына тисе құлшынған қазақтар балықты мұнан да көп аулап, Ресейге жөнелтетінін айтқан. Ал Н.Крестинский: «Ермеков Каспий жағасынан Данциг көпірін жасағысы келеді», – деп қарсыласқан. Ақыры Ленин осы өңірдегі қазақ пен орыс жұртының ара салмағын сұраған екен, қалай бұлтарса да тығырыққа тірелген губерниялық атқару ко­ми­тетінің төрағасы қазақтардың са­ны көп екенін мойындауына тура келіп, Ә.Ермековтің табандылығы арқасында қазақтың атамекен жері өзіне қайтарылды.

Иә, Ә.Ермекұлы сол тұста, сол күнге дейін қалыптасқан ұлттық сананы, ұлт тәуелсіздігі үшін ақындар мен жыраулардың жеріне жеткізе айтқан жырларын бойына әбден сіңірген тұлға. Өзі туған Қарқаралы өңірінің тумасы, жерлесі Шортанбай жыраудың қасіретке толы өлеңдері сол кездегі бар қазақтың жүрегіне ұялаған идеология еді. Шортанбай жыраудың:

Ұзын аққан Сарысуды,

Өзің жайлап жағала.

Жүйрік пенен жорғаңды,

Өзің мініп бағала.

Балаң менен малыңды

Аузына бір алған соң,

Алмайды деген немене.

Айдалмай тұрып солдатқа,

Зар болмай тұрып жалды атқа,

Қатын-бала қамы үшін,

Жалаңаш мініп жауға шап,

Ажалдан бұрын өле ме,–дегені Ә.Ермекұлының Ертістің бойын қазақ баласына қайтару  туралы көкейкесті мәселеде ту еткен ұстанымы болған­дай. Столыпин «Қазақ жерін игеру» деген сылтаумен Ертіс өзенінің әр жағалауынан ені 10 шақырым жерді бүкіл өзеннің бойымен кесіп алып, мұжықтың қолына ұстатқан еді. Қазақ шұрайлы жерге де, малы ішетін суға да зар болып қалды. Мұжықтар бұл 10 шақырымдық кесінді жерге қазақтың өзі түгілі қара төбетінің де тұмсығын кіргізбейтін. Ә.Ермекұлы отаршылардың қазақтарды тіпті ата-баба зиратына жолатпайтынын, өлген кісіні жерлеу үшін қарыстай жерді 20-30 сомға сататынын да жеткізді.Бұл жерді қазына қорына айналдырып, коммуна құрайық  деген пікір де айтылды. Әлімхан Ермекұлының табандылығының арқасында бұл жерге де қазақтың табаны қайта тиген еді. Озбыр отаршылардың ша­­мына тисе де, өткір дәлелімен ерік­сіз мойындатқан Ә.Ермекұлының дип­­ломатиялық  шеберлігіне таң қал­мас­қа лаж жоқ. 

Иә, Мәскеу үкіметі Қазақ автономиясы құруды бұл кезде тездетіп қолға алып жатты. Қазақтың бетке ұстар, оқыған, саясаттан хабары бар зиялы азаматтары осы кезде исі түркіні біріктірер Түркістан республикасын құру үшін жанталасып жатқан. Батыстағы аю мен шығыстағы айдаһардан қорғану үшін іргесі мықты мемлекеттің қажеттілігін олар түсіне білді. Бірақ ол Мәскеу үшін қажет емес еді. Мәскеуге бөлшектеу қажет. Оның ар жағында саны басым, өте өршіл қазақ жұртын тоздырып жіберу де жатқан.

Кәмел Жүністегі