Қандастар Ассамблея

«Унита». 1940 жьшдардагы радиохабар тарату ісі

19.09.2013 2699
«Унита». Батыстың ең үлкен солшыл газеті. Алайда бұл газет те партиялық баспасөздің дағдарысына тап болды. 1970 жыпы компартия өзінің беделін жоғалта бастайды. Соның ішінде  оппозицияланған парламенттікке өту барысында дұрыс қадам таңдай алмағандығынан, Компартияға деген қарым-қатынаста КСРО мен Шығыс Еуропаның басқа да елдері көп ықпал етеді. Италия компартиясы өз орнында қала білген, бірақ 1990 жылдары көптеген басылымдарды әшкерелегеннен соң ДПЛС партиясының солшыл күштерін қолдайды. «Унита» компартия газеті болғанықтан партия басшыларының саяси ізденіс нәтижелерін көп жазып, бірақ оның жағдайын қаржылық мәселе қиындатады. «Унита» Италия журналистикасының жарқын көрінісі, бір жағынан ол - партиялық газет, ал екінші жағынан - ұлттық басылым. Ал таратымы мен типологиялың белгілері жағынан ол алғашқы қатарлы ақпарат құралдарының қатарында болып келеді. Сондықтан да «Унита» 1980 жылдары өзінің қаржылық қиыншылықтары  мен күнделікті шығатын газеттің жалпы қиыншылықтарына  ұрынды. «Унита» бұл кездері сынға ұшырап, монополиядан айырылған болатын. Осы түста «Республика» солшыл бағыттағы оқырмаңцарды өзіне тарта бастады. Ал телеарналардың дами басғалы «Унитаның» алдына өзінің құрылымын және ақпараттық қызметін қайта қарастыру мәселесін туыңдатты. «Унитаның» болашағы туралы пікірталастар әсіресе, 1982 жылдары кең тарап, нәтижесінде 1984 жылы «Унитаның» бірнеше шығарылымын бірге басу туралы шешім қабылданады, жергіпікті редакциялық саны да минимумға дейін қысқартылады. Газеттің ішкі құрылымына да, тақырыптық айдарларына да өзгерістер еніп, «Унита» дағдарысқа төтеп бере алмай қалады. 1987 жылы газет партияның ресми органы болуын тоқтатып, «Унитаның» дамуының жаңа сатысы ретінде 1990 жылдарды есептеуге болады. Бұл жылдары «Унита» СДКП (солшыл демократиялық күштер партиясы) партиясының газетіне айналады. 1940 жьшдардагы радиохабар тарату ісі. 1940 жылдары Радиохабарын тарату күрделі жағдайда болды. Бұл кезде «Палермо», «Капьяри», «Рим радиосы» жұмыс істеп тұрды. Муссолини қызметтен кеткеннен кейін Римдегі «ЭИА» Италия мемлекеттік радиосын неміс басқыншылары алып, азат етілгенге дейін солардың бақылауында болды. 1944 жылғы шілдеде, Римде одақтас өкіметтер радиохабарын тарату жөнінде комиссия құрып, соның нәтижесінде «ЭИА» күні бүгінге дейін жұмыс істеп тұрған «РАИ-ға» өзгертілді. Жаңа ұлттық радиохабары таралымы пәрменді желіге айналу үшін техникалық және саяси қиыншылықтарды басынан өткеруге тура келді. Соғыстан кейінгі алғашқы кезеңде радиохабары таралымы ықпал ету құралы ретінде пайдаланылды. 1945 жылғы сәуір көтерілісінен кейін солтүстік Италия радиостанциясы «КНОСИ» бақылауында, ал орталық және онтүстік-батысында - «РАИ» кеңесінің бақылауында болды. «РАИ» бірлігінің шын мәнінде қалпына келуіне қарамастан 1945 жылы желтоқсанда жағдай киындады. Студия аппаратурасының көшілігі бүлініп, американдық радиоқұралдардың қуаты аз, сенімсіз болды. 1943 жылғы қыркүйекке дейін итальяндық радиохабары таралым желісі 35 орташа толқыңдағы берілімдерден тұрса, азат етілгеннен кейін - 12-сі қалды. Елді ең болмаса бір ұлттық радиохабарымен қамтамасыз ету үшін антенналарды бірынғай желіге біріктіру қажет болды. «РАИ» мәртебесін айқындау маңызды болып, ол мемлекетке толық тәуелді болды және радиохабары таралымын орталықтандыру бағытын ұстанып, «РАИ» қызметкерлері тазартудан кейін өзгеріссіз қалды. Дереккөз: Шындалиева Меңдігүл "Шетел Журналистикасы"

«Унита». Батыстың ең үлкен солшыл газеті. Алайда бұл газет те партиялық баспасөздің дағдарысына тап болды. 1970 жыпы компартия өзінің беделін жоғалта бастайды. Соның ішінде  оппозицияланған парламенттікке өту барысында дұрыс қадам таңдай алмағандығынан, Компартияға деген қарым-қатынаста КСРО мен Шығыс Еуропаның басқа да елдері көп ықпал етеді. Италия компартиясы өз орнында қала білген, бірақ 1990 жылдары көптеген басылымдарды әшкерелегеннен соң ДПЛС партиясының солшыл күштерін қолдайды. «Унита» компартия газеті болғанықтан партия басшыларының саяси ізденіс нәтижелерін көп жазып, бірақ оның жағдайын қаржылық мәселе қиындатады. «Унита» Италия журналистикасының жарқын көрінісі, бір жағынан ол - партиялық газет, ал екінші жағынан - ұлттық басылым. Ал таратымы мен типологиялың белгілері жағынан ол алғашқы қатарлы ақпарат құралдарының қатарында болып келеді. Сондықтан да «Унита» 1980 жылдары өзінің қаржылық қиыншылықтары  мен күнделікті шығатын газеттің жалпы қиыншылықтарына  ұрынды. «Унита» бұл кездері сынға ұшырап, монополиядан айырылған болатын. Осы түста «Республика» солшыл бағыттағы оқырмаңцарды өзіне тарта бастады. Ал телеарналардың дами басғалы «Унитаның» алдына өзінің құрылымын және ақпараттық қызметін қайта қарастыру мәселесін туыңдатты. «Унитаның» болашағы туралы пікірталастар әсіресе, 1982 жылдары кең тарап, нәтижесінде 1984 жылы «Унитаның» бірнеше шығарылымын бірге басу туралы шешім қабылданады, жергіпікті редакциялық саны да минимумға дейін қысқартылады. Газеттің ішкі құрылымына да, тақырыптық айдарларына да өзгерістер еніп, «Унита» дағдарысқа төтеп бере алмай қалады. 1987 жылы газет партияның ресми органы болуын тоқтатып, «Унитаның» дамуының жаңа сатысы ретінде 1990 жылдарды есептеуге болады. Бұл жылдары «Унита» СДКП (солшыл демократиялық күштер партиясы) партиясының газетіне айналады.

1940 жьшдардагы радиохабар тарату ісі. 1940 жылдары Радиохабарын тарату күрделі жағдайда болды. Бұл кезде «Палермо», «Капьяри», «Рим радиосы» жұмыс істеп тұрды. Муссолини қызметтен кеткеннен кейін Римдегі «ЭИА» Италия мемлекеттік радиосын неміс басқыншылары алып, азат етілгенге дейін солардың бақылауында болды. 1944 жылғы шілдеде, Римде одақтас өкіметтер радиохабарын тарату жөнінде комиссия құрып, соның нәтижесінде «ЭИА» күні бүгінге дейін жұмыс істеп тұрған «РАИ-ға» өзгертілді. Жаңа ұлттық радиохабары таралымы пәрменді желіге айналу үшін техникалық және саяси қиыншылықтарды басынан өткеруге тура келді. Соғыстан кейінгі алғашқы кезеңде радиохабары таралымы ықпал ету құралы ретінде пайдаланылды. 1945 жылғы сәуір көтерілісінен кейін солтүстік Италия радиостанциясы «КНОСИ» бақылауында, ал орталық және онтүстік-батысында - «РАИ» кеңесінің бақылауында болды. «РАИ» бірлігінің шын мәнінде қалпына келуіне қарамастан 1945 жылы желтоқсанда жағдай киындады. Студия аппаратурасының көшілігі бүлініп, американдық радиоқұралдардың қуаты аз, сенімсіз болды. 1943 жылғы қыркүйекке дейін итальяндық радиохабары таралым желісі 35 орташа толқыңдағы берілімдерден тұрса, азат етілгеннен кейін - 12-сі қалды. Елді ең болмаса бір ұлттық радиохабарымен қамтамасыз ету үшін антенналарды бірынғай желіге біріктіру қажет болды. «РАИ» мәртебесін айқындау маңызды болып, ол мемлекетке толық тәуелді болды және радиохабары таралымын орталықтандыру бағытын ұстанып, «РАИ» қызметкерлері тазартудан кейін өзгеріссіз қалды.

Дереккөз: Шындалиева Меңдігүл

"Шетел Журналистикасы"

Ұқсас материалдар