Қандастар Ассамблея

«Бүкіл әлем біздің аяқ астымызда»

17.09.2013 2187
Ғаламторда режиссер Саламат Мұхаммед-Әлидің «Бүкіл әлем біздің аяқ астымызда» атты фильмінің трейлері мен фильм туралы қысқаша мәлімет беретін видеосы шықты. «Бүкіл әлем біздің аяқ астымызда» - Қазақстан мен Голливудтың бірлескен өнімі. Оны «Khazar Pictures» кинокомпаниясы түсіріп жатыр. Фильм махаббат, сезім, шынайы өмір, ұлтжандылық, намыс, меірімділік, сатқындық, адалдық, нашақорлықпен күрес, жауыздық, қағидат, ұмтылыс, өлім мен құтқару жайында. Туынды Голливудта қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдеріне дубляждалады деп жоспарланып отыр. Фильмде басты рөлдерді Armand Assante, Cary-Hiroyuki Tagawa, Bolo Yeng, Алексей Франдетти, Қарлығаш Мұхамеджанова, Нұрлан Сайлалұлы Алтаев, Михаил Михайлович Токарев, Анатолий Николаевич Креженчуков, Геннадий Николаевич Балаев сынды танымал актерлер сомдайды.   Айнұр Ракишева Baq.kz

Ғаламторда режиссер Саламат Мұхаммед-Әлидің «Бүкіл әлем біздің аяқ астымызда» атты фильмінің трейлері мен фильм туралы қысқаша мәлімет беретін видеосы шықты.

«Бүкіл әлем біздің аяқ астымызда» - Қазақстан мен Голливудтың бірлескен өнімі. Оны «Khazar Pictures» кинокомпаниясы түсіріп жатыр.

Фильм махаббат, сезім, шынайы өмір, ұлтжандылық, намыс, меірімділік, сатқындық, адалдық, нашақорлықпен күрес, жауыздық, қағидат, ұмтылыс, өлім мен құтқару жайында.
Туынды Голливудта қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдеріне дубляждалады деп жоспарланып отыр.
Фильмде басты рөлдерді Armand Assante, Cary-Hiroyuki Tagawa, Bolo Yeng, Алексей Франдетти, Қарлығаш Мұхамеджанова, Нұрлан Сайлалұлы Алтаев, Михаил Михайлович Токарев, Анатолий Николаевич Креженчуков, Геннадий Николаевич Балаев сынды танымал актерлер сомдайды.

 

Айнұр Ракишева
Baq.kz

Ұқсас материалдар