Қандастар Ассамблея

«Ата заңым – айбыным» байқауының жеңімпаздарды марапатталды

17.09.2013 3528
Естеріңізге сала кетейік, Еl.kz әлеуметтік желісі «Ата заңым - айбыным» байқауын ұйымдастырған болатын. Аталған байқаудың мақсаты - жастардың отаншылдық сезімін ояту, Ата заңын құрметтеу және еліміздің позитивтік имиджін қалыптастыру. Екі айға созылған байқауға Қазақстанның түпкір-түпкірінен үздік шығарма және үздік сурет номинациясы бойынша 255 үміткер бас жүлде үшін таласқа түсті. Нәтижесінде үздік шығарма номинациясы бойынша 1-орын Тараз қаласының тұрғыны Райымбекова Ғаникен, 2-орын  ақтаулық Азамат Орынбасаров, 3-орын Қасымова Санияға бұйырды. Ал үздік сурет номинациясы бойынша 1-орынды Сарбалиева Раушан, 2-орынды Қасымов Наурызбай ,  3-орынды тараздық Каримов Рамазан иеленді. Сонымен қатар, аталған екі номинация бойынша он қатысушы  мақтау қағазымен марапатталды. Бүгін аталған  байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді. Үздік шығарма номинациясы бойынша 1-орынға ие болған Ғаникен Райымбекова Еl.kz әлеуметтік желісінің тұрақты қолданушыларының бірі. Байқаудың басталғандығын білген Ғаникен оған қатысуға ниет білдіреді. Ғаникен бұған дейін де бірнеше республикалық байқаулардың жеңімпазы атаныпты. Ол алты жасынан бастап өлең шығара бастаған. Ғаникен Райымбекова «Ел.кз» әлеуметтік желісіне өз шығармасын жолдағанда жеңіске жететініне іштей сенімді болғанын айтады.

Естеріңізге сала кетейік, Еl.kz әлеуметтік желісі «Ата заңым - айбыным» байқауын ұйымдастырған болатын. Аталған байқаудың мақсаты - жастардың отаншылдық сезімін ояту, Ата заңын құрметтеу және еліміздің позитивтік имиджін қалыптастыру. Екі айға созылған байқауға Қазақстанның түпкір-түпкірінен үздік шығарма және үздік сурет номинациясы бойынша 255 үміткер бас жүлде үшін таласқа түсті.

Нәтижесінде үздік шығарма номинациясы бойынша 1-орын Тараз қаласының тұрғыны Райымбекова Ғаникен, 2-орын  ақтаулық Азамат Орынбасаров, 3-орын Қасымова Санияға бұйырды. Ал үздік сурет номинациясы бойынша 1-орынды Сарбалиева Раушан, 2-орынды Қасымов Наурызбай ,  3-орынды тараздық Каримов Рамазан иеленді. Сонымен қатар, аталған екі номинация бойынша он қатысушы  мақтау қағазымен марапатталды.

Бүгін аталған  байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді. Үздік шығарма номинациясы бойынша 1-орынға ие болған Ғаникен Райымбекова Еl.kz әлеуметтік желісінің тұрақты қолданушыларының бірі. Байқаудың басталғандығын білген Ғаникен оған қатысуға ниет білдіреді. Ғаникен бұған дейін де бірнеше республикалық байқаулардың жеңімпазы атаныпты. Ол алты жасынан бастап өлең шығара бастаған. Ғаникен Райымбекова «Ел.кз» әлеуметтік желісіне өз шығармасын жолдағанда жеңіске жететініне іштей сенімді болғанын айтады.

Ұқсас материалдар