Қандастар Ассамблея

"Оскар" алған алғашқы араб фильмі

17.09.2013 2411
Хайф әл-Мансұрдың «Ваджда» фильмі – араб кинорежиссерлары арасынан Оскар сыйлығына ие болған алғашқы туынды, деп хабарлайды muslim.kz. Арманы велосипед сатып алу болған он жасар араб қызының қайсарлығы мен жігері көрініс тапқан бұл кино атақты сыйлықтың шет тіліндегі үздік фильм номинациясы бойынша бәйгеге ілінді. Атаулы марапатпен қатар, 39 жасар Хайф әл-Мансұрдың кино әлеміндегі атағы араб елінен шыққан алғашқы нәзікжанды режиссер ретінде де аспандай түсті. Аталмыш фильмдегі басты кейіпкер рөлін Уағад Мұхаммед есімді актриса сомдаған болатын. Арманы болған велосипедке қол жеткізу үшін ол Құранды мәнерлеп оқу жарысында жеңімпаз атанып, ақшалай сыйлық ұтып алады. Фильмде мақсат жолында қайсарлық танытқан қаршадай қыздың қоғамдық орындарда тыйым салынғанына қарамастан велосипед қыдырғаны туралы көрініс бар. Дәл осы картина жарыққа шыққан уақыттан сәл кейін Сауд Арабиясында аталмыш тиымның күші жойылды. «Біз еліміздің мәдениеті мен салт-дәстүрінен шынайы хабар беретін әрі бастан-аяқ Сауд Арабиясында түсірілген алғашқы көркем фильмді мақтан тұтамыз»,– дейді Сауд Арабия мемлекетінің мәдениет пен өнер қоғамының жетекшісі Сұлтан әл-Базиз. Фильм осы аптада Лос-Анджелес қаласында прокатқа шығады. Айта кетейік, америкалықтар жоғары бағалаған фильм Дубай қаласында өткен кинофестивалдің «Үздік араб фильмі» мен «Үздік әйел рөлі» атақтарын да жеңіп алған.. Baq.kz

Хайф әл-Мансұрдың «Ваджда» фильмі – араб кинорежиссерлары арасынан Оскар сыйлығына ие болған алғашқы туынды, деп хабарлайды muslim.kz.

Арманы велосипед сатып алу болған он жасар араб қызының қайсарлығы мен жігері көрініс тапқан бұл кино атақты сыйлықтың шет тіліндегі үздік фильм номинациясы бойынша бәйгеге ілінді. Атаулы марапатпен қатар, 39 жасар Хайф әл-Мансұрдың кино әлеміндегі атағы араб елінен шыққан алғашқы нәзікжанды режиссер ретінде де аспандай түсті.
Аталмыш фильмдегі басты кейіпкер рөлін Уағад Мұхаммед есімді актриса сомдаған болатын. Арманы болған велосипедке қол жеткізу үшін ол Құранды мәнерлеп оқу жарысында жеңімпаз атанып, ақшалай сыйлық ұтып алады. Фильмде мақсат жолында қайсарлық танытқан қаршадай қыздың қоғамдық орындарда тыйым салынғанына қарамастан велосипед қыдырғаны туралы көрініс бар. Дәл осы картина жарыққа шыққан уақыттан сәл кейін Сауд Арабиясында аталмыш тиымның күші жойылды.
«Біз еліміздің мәдениеті мен салт-дәстүрінен шынайы хабар беретін әрі бастан-аяқ Сауд Арабиясында түсірілген алғашқы көркем фильмді мақтан тұтамыз»,– дейді Сауд Арабия мемлекетінің мәдениет пен өнер қоғамының жетекшісі Сұлтан әл-Базиз.

Фильм осы аптада Лос-Анджелес қаласында прокатқа шығады.
Айта кетейік, америкалықтар жоғары бағалаған фильм Дубай қаласында өткен кинофестивалдің «Үздік араб фильмі» мен «Үздік әйел рөлі» атақтарын да жеңіп алған..

Baq.kz

Ұқсас материалдар