Қандастар Ассамблея

Қазақстанда ұялы байланыс тарифі арзандайды - Б. Қуандықов

16.09.2013 2390
Қазақстанда ұялы байланыс тарифі арзандайды деп күтілуде. Бұл жөнінде бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Бірыңғай экономикалық кеңістік елдерінің бәсекелестік туралы модельдік заңы - ұлттық заңнамаларды үйлестірудің негізі ретінде» тақырыбында өткен үкімет сағатында ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «2011 жылы агенттік ірі ұялы байланыс операторларына қатысты талдау жүргізді. Қараша айында бұл жұмыстар толық аяқталып, ірі операторларды доминанттар тізіліміне енгізу жөніндегі шешім қабылданды. Осыдан кейін операторлар келіспей, сотқа шағымданды. Өйткені, доминанттар тізіліміне енгізгеннен кейін, олардың тарифтерін мемлекет өз тарапынан реттеуге кірісуге тиіс еді. Қазіргі күні сот аяқталды», - деді Б.Қуандықов. Агенттік төрағасының айтуынша, енді тиісті салалық министрлік, сот шешіміне сәйкес, сараптама жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жыл соңына дейін бұл жұмыстар аяқталады деп күтілуде. «Содан кейін интерконнект бойынша ұялы байланыс тарифін түсіруге бізде мүмкіндік болады. Интерконнект - операторлардың арасындағы байланыс жүйесінің қосылу бағасы. Ресейде ол теңгемен есептегенде минуты 4 теңге 40 тиын болса, көршілес Қырғызстанда - 7 теңге 30 тиын, Өзбекстанда - 1 теңге 30 тиын. Ал Қазақстанда ол 13 теңге. Байқап отырғанымыздай, айырмашылық үлкен. Сондықтан сараптама жұмыстары аяқталғаннан кейін, көршілес Ресейдегі сияқты 4-5 теңгеге дейін төмен түсірсек дейміз. Сол кезде тиісінше тарифтің де бағасы түсетіні сөзсіз», - деп толықтырды ол.  Айымгүл ӘБІЛЕВА

Қазақстанда ұялы байланыс тарифі арзандайды деп күтілуде. Бұл жөнінде бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Бірыңғай экономикалық кеңістік елдерінің бәсекелестік туралы модельдік заңы - ұлттық заңнамаларды үйлестірудің негізі ретінде» тақырыбында өткен үкімет сағатында ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«2011 жылы агенттік ірі ұялы байланыс операторларына қатысты талдау жүргізді. Қараша айында бұл жұмыстар толық аяқталып, ірі операторларды доминанттар тізіліміне енгізу жөніндегі шешім қабылданды. Осыдан кейін операторлар келіспей, сотқа шағымданды. Өйткені, доминанттар тізіліміне енгізгеннен кейін, олардың тарифтерін мемлекет өз тарапынан реттеуге кірісуге тиіс еді. Қазіргі күні сот аяқталды», - деді Б.Қуандықов.

Агенттік төрағасының айтуынша, енді тиісті салалық министрлік, сот шешіміне сәйкес, сараптама жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жыл соңына дейін бұл жұмыстар аяқталады деп күтілуде.

«Содан кейін интерконнект бойынша ұялы байланыс тарифін түсіруге бізде мүмкіндік болады. Интерконнект - операторлардың арасындағы байланыс жүйесінің қосылу бағасы. Ресейде ол теңгемен есептегенде минуты 4 теңге 40 тиын болса, көршілес Қырғызстанда - 7 теңге 30 тиын, Өзбекстанда - 1 теңге 30 тиын. Ал Қазақстанда ол 13 теңге. Байқап отырғанымыздай, айырмашылық үлкен. Сондықтан сараптама жұмыстары аяқталғаннан кейін, көршілес Ресейдегі сияқты 4-5 теңгеге дейін төмен түсірсек дейміз. Сол кезде тиісінше тарифтің де бағасы түсетіні сөзсіз», - деп толықтырды ол. 

Айымгүл ӘБІЛЕВА

Ұқсас материалдар