Қандастар Ассамблея

Сатира жанры

16.09.2013 40344
«Сатира» грек тілінен аударғанда «қоспа», бұл нақты шындықты көрсету, жетілдіру мақсатында оны сынау деген мағына береді. Сатира ежелгі заманда қоғамдағы әлеуметтік құрылыстың пайда болуымен пайда болды. Журналистикадағы сатиралық жанрлар суреттеудегі шыншылдығымен, деректерінің нақтылығымен өзгешеленеді. Журналистика теориясын зерттеушілер сатиралық жанрлардың мынадай түрлері: фельетон, памфлет, эпиграмма, мысал, шарж, карикатура, анекдот т.б. бар екенін айтады. Журналистиканың басқа жанрларынан сатиралық жанрлар сатира, әзіл, ирония, сарказм, гротеск, гипербола және басқа көркемдік әдістерді қолдануымен ерекшеленеді. Фельетон - бұл ауқымды сатиралық жанр, үш бастаудың синтезі: публицистикалық дерек нақты, көкейкесті, өзекті ғана емес, сондай-ақ жедел болуы тиіс, сатиралық дерек әзілді мазмұнмен анықталады,оның   бағасы   сатиралық   талдауды   қарастырады сатиралық бейнені жасау, фельетонды сатиралық қысқа жазбамен айырады. Фелъетон. Сатиралық жанрдың бір түрі - фельетон. Фельетон дегеніміз - шағын келемді, публицистикалық үнді, әсерлі тілді, сын-сықаққа бай, күлкілі жайлары бар әдеби көркем шығарма. Фельетон негізінен баспасөз беттерінде жиі көрініс табады. Бірақ, зерттеушілердің айтуынша, фельетон талаптары жоғары, бір сыншының бойынан әрі көркем, әрі публицистикалық ой айту, әрі әдеби тілмен өрнектеп жеткізу қабілеті кездесе бермейтіндіктен бұл жанр өте сирек кездеседі. Қазақ басылымдарының соңғы бетіне басылатын сатиралық шығармалар ішінде фельетон талантарын қанағаттандыратын ойлар ұшырасып жатады. Мысалы, «Қазақ әдебиеті» газетінің 2005 жылдың 22-28 шілдесінде шыққан санында «Қалжыңқалта» айдарындағы «Бас-бизнес» атты Г.Құрбанбаеваның жазған фельетон-мақаласының мазмұны әзіл арқылы бастағы биттердің ереуіл жасағанын жеткізіп, бас иесінің битке көнген шаруасы битті дәріханаға өткізу бизнесіне айналғанын жеткізеді. Материал көркем-публицистикалық сарынға бой ұрмаса да, өмір шындығы шағын әңгіме түрінде жазылған. Ал, әдеби шығармаға жататын фельетон-рецензия туралы зерттеуші Д.Ысқақов біршама ой өрбітеді. Фельетон-рецензияға мысал ретінде «Егемен Қазақстан» газетінің 1993 жылгы 27 сәуіріндегі санында Т.Әлімбекұлының Бекежан Тілегеновтің «Күйкі өмірдің шикі өсегі» кітабына жазылған фельетон-рецензиясьнда: «Құдай салмасын, бір керемет кітап жарық көріпті. Айтылмай келген шындықты шырқыратып отырып, судың бетіне сүйреп шығарған көрінеді» сияқты жолмен басталады. Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева «Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.

«Сатира» грек тілінен аударғанда «қоспа», бұл нақты шындықты көрсету, жетілдіру мақсатында оны сынау деген мағына береді. Сатира ежелгі заманда қоғамдағы әлеуметтік құрылыстың пайда болуымен пайда болды. Журналистикадағы сатиралық жанрлар суреттеудегі шыншылдығымен, деректерінің нақтылығымен өзгешеленеді.

Журналистика теориясын зерттеушілер сатиралық жанрлардың мынадай түрлері: фельетон, памфлет, эпиграмма, мысал, шарж, карикатура, анекдот т.б. бар екенін айтады. Журналистиканың басқа жанрларынан сатиралық жанрлар сатира, әзіл, ирония, сарказм, гротеск, гипербола және басқа көркемдік әдістерді қолдануымен ерекшеленеді.

Фельетон - бұл ауқымды сатиралық жанр, үш бастаудың синтезі: публицистикалық дерек нақты, көкейкесті, өзекті ғана емес, сондай-ақ жедел болуы тиіс, сатиралық дерек әзілді мазмұнмен анықталады,оның   бағасы   сатиралық   талдауды   қарастырады сатиралық бейнені жасау, фельетонды сатиралық қысқа жазбамен айырады.

Фелъетон. Сатиралық жанрдың бір түрі - фельетон. Фельетон дегеніміз - шағын келемді, публицистикалық үнді, әсерлі тілді, сын-сықаққа бай, күлкілі жайлары бар әдеби көркем шығарма. Фельетон негізінен баспасөз беттерінде жиі көрініс табады. Бірақ, зерттеушілердің айтуынша, фельетон талаптары жоғары, бір сыншының бойынан әрі көркем, әрі публицистикалық ой айту, әрі әдеби тілмен өрнектеп жеткізу қабілеті кездесе бермейтіндіктен бұл жанр өте сирек кездеседі.

Қазақ басылымдарының соңғы бетіне басылатын сатиралық шығармалар ішінде фельетон талантарын қанағаттандыратын ойлар ұшырасып жатады. Мысалы, «Қазақ әдебиеті» газетінің 2005 жылдың 22-28 шілдесінде шыққан санында «Қалжыңқалта» айдарындағы «Бас-бизнес» атты Г.Құрбанбаеваның жазған фельетон-мақаласының мазмұны әзіл арқылы бастағы биттердің ереуіл жасағанын жеткізіп, бас иесінің битке көнген шаруасы битті дәріханаға өткізу бизнесіне айналғанын жеткізеді. Материал көркем-публицистикалық сарынға бой ұрмаса да, өмір шындығы шағын әңгіме түрінде жазылған. Ал, әдеби шығармаға жататын фельетон-рецензия туралы зерттеуші Д.Ысқақов біршама ой өрбітеді. Фельетон-рецензияға мысал ретінде «Егемен Қазақстан» газетінің 1993 жылгы 27 сәуіріндегі санында Т.Әлімбекұлының Бекежан Тілегеновтің «Күйкі өмірдің шикі өсегі» кітабына жазылған фельетон-рецензиясьнда: «Құдай салмасын, бір керемет кітап жарық көріпті. Айтылмай келген шындықты шырқыратып отырып, судың бетіне сүйреп шығарған көрінеді» сияқты жолмен басталады.

Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева

«Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.