Қандастар Ассамблея

Жасөспiрiмдер мен қыздар арасындағы Еуразия спорттық ойындары басталады

15.09.2013 2120
Ағымдағы жылы 16-20 қыркүйек аралығында Алматыда Жасөспiрiмдер мен қыздар арасындағы үшiншi Еуразия спорттық ойындары өтедi деп хабарлайды ҚазАқпарат  ҚР Спорт және дене­шынықтыру iстерi агенттiгi төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатовтың айтуынша, ұйымдастырушылар тарапынан барлық жағдай жасалды. Жасөспiрiмдер мен қыздар арасындағы үшiншi Еуразиялық спорттық ойындардың регламентiне сәйкес спортшылар спорттың 13 түрiнен сынға түсiп, 232 медальды сарапқа салады. Жарысқа Ресейден - 288, Қырғызстаннан - 175, Беларуссиядан - 100, Тәжiкстаннан - 160, Қазақстаннан 297 спортшы қатысады. Жалпы, сайысқа 1000-нан астам адам қатысса, оның 700-i - спортшылар. Жарысқа 400 төрешi төрелiк етедi. Шараның ашылу салтанаты «Сұңқар» халықаралық трамплиндер кешенiнде 15 қыркүйек күнi, сағат 19:00-де өтедi деп жоспарланған. Ал, сайыстар Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы, «Достық» спорт кешенi, «Темiр Дос» спорт залы, «Бағанашыл» спорт кешенi секiлдi бiрнеше спорт нысандарында өтедi, деп жазады «Алматы ақшамы» газеті.  Baq.kz

Ағымдағы жылы 16-20 қыркүйек аралығында Алматыда Жасөспiрiмдер мен қыздар арасындағы үшiншi Еуразия спорттық ойындары өтедi деп хабарлайды ҚазАқпарат 

ҚР Спорт және дене­шынықтыру iстерi агенттiгi төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатовтың айтуынша, ұйымдастырушылар тарапынан барлық жағдай жасалды.

Жасөспiрiмдер мен қыздар арасындағы үшiншi Еуразиялық спорттық ойындардың регламентiне сәйкес спортшылар спорттың 13 түрiнен сынға түсiп, 232 медальды сарапқа салады. Жарысқа Ресейден - 288, Қырғызстаннан - 175, Беларуссиядан - 100, Тәжiкстаннан - 160, Қазақстаннан 297 спортшы қатысады. Жалпы, сайысқа 1000-нан астам адам қатысса, оның 700-i - спортшылар. Жарысқа 400 төрешi төрелiк етедi.

Шараның ашылу салтанаты «Сұңқар» халықаралық трамплиндер кешенiнде 15 қыркүйек күнi, сағат 19:00-де өтедi деп жоспарланған. Ал, сайыстар Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы, «Достық» спорт кешенi, «Темiр Дос» спорт залы, «Бағанашыл» спорт кешенi секiлдi бiрнеше спорт нысандарында өтедi, деп жазады «Алматы ақшамы» газеті. 

Baq.kz

Ұқсас материалдар