Қандастар Ассамблея

Оқиғалы очерк. Этюд (сурегтеу емес, суреттеме)

13.09.2013 6397
Очеркші алдындағы мақсат көбінде мәселенің басын ашатын өмірдің көріністеріне көңіл аударуды талап етеді. Очеркші суретші секілді белгілі бір нүктені тауып алып суреттейді, егерде жазушы дұрыс бағытта жүріп, шығармашылық қиялы бай болса, ол өмір шындығын білуге, құбылыстарға әлеуметтік мағына беруге қол жеткізеді. Бірақ, мұнда да тақырыптың тың, өзекті болуы бірінші орында, ал олай болмаған жағдайда, сурет өзінің танымдық, тәрбиелік мәнін жоғалтады. Очеркшінің өмірге қаншалықты бейім екендігін осыдан байқауға болады. Очерк түріне жақындастыратындай тақырыбы әртүрлі суреттерді не байланыстырады? Басқа очерк түрлері секілді ұқсастық ішкі құрылысында, яғни шындықты көрсете білу әдісі - бір құбылысқа қатысты нақты оқиғаларды, фактілер жиынтығын ұштастыру. Суреттемеде портретті очерктегідей жазушының бір ғана кейіпкерге тоқталуы болмайды, мұнда беллетристикалық очерктегідей кейіпкерлер соқтығыспайды, сюжет жоқ. Басты кейіпкер міндетін көбінде үжым атқарады. Өмір динамикасын дұрыс жеткізу үшін, шығарма тақырыбын анық ашу үшін, суреттеме өзгеше орналасады. Әрбір суреттеу М.Пришвин пікірінше бұл: « ...қиын бір нәрсені ерітуге» тырысу. Онда очеркші «өз ойын физикалық түрде іске асырады»,- дейді. Басқа да очерк түрлерімен қатар, суреттеме де өз тарихына ие. Әртүрлі әлеуметтік ортада туған мінездердің соқтыгысуы беллетристикалық очерк зерттеуінің объектісі болып табылады. Егер нублицистикалық очерктегі идея оқырманға автордың құбылыстарды сараптауы арқылы жетсе, беллетристикалық очеркте көркем әдебиет жолымен көрінеді. Беллетристикалық очерктің негізі кез келген драмалық конфликт, мінездер соқтығысы болып табылады. Сонымен катар, мұндай очерктерде басты ойды көрсететін бірнеше өзара байланысатын сюжет желісін табуға болады. Беллетристикалық очеркке  В.Овечкин былай деп анықтама береді: «Ол өмірдің қандай да   бір   құбылыстары   жайындағы   көркем   түрдегі   оқырманмен жүргізілетін үлкен бір әңгіме». Беллетристикалық очерк жеткізе білу күшімен, тартымдылы-ғымен ешбір публицистикалық туындыға орын бермейді, алайда, мазмұндау амалы осы заманға лайықты орналастыру әдісімен өзгешеленеді. Беллетристикалық очеркте жазушының кейіпкерлерді тудыру, сомдау, адамдардың жан-жақтылығын көрсете білу шеберлігі негізгі маңызы болып табылады. Публицистикалық пен беллетристикалық очерктер бір-біріне қарама-қарсы, бірақ екі жағдайда да беллетрист пен публицист жолдары бір ізге түседі. Публицистикадан беллетристикаға көшу баяу, біртіндеп іске асады және очерк бір элементін жоғалтып алып, екіншісіне ие болып жатса, занды құбылыс. Себебі, мінездердің зерттеуін құбьшысқа тәуелсіз жүргізе алмайтыны сияқты, әдебиетте құбылыстарды зерттеуде адамдарды бөліп қарауға болмайды. Очеркші жай ғана «беллетрист» болып қала алмайды, сонымен қатар ғылымнан да алынған элементтер болғандықтан зерттеушінің де міндетін атқарады. Оқиғалы очерк - қазақ әдебиетінде көрнекті орын алатын очерктің белсенді түрі, себебі, әрдайым жазуға лайық ғажайып оқиғалар болып жатады және оқырмандарға эмоциялық әсер беру қызметін де атқарады. Бұл туралы Төлеубай Ыдырысов: «Очерктің бұл түрінің «оқиғалы» деп аталуы әсте бірыңғай оқиғаны суреттеу деген сөз емес. Очерктің бәрінде де негізгі кейіпкер болып еңбек адамы алынатьшы сияқты, бұл түрдің де түп қазығы - адам»,- дейді. Жазушылар өмірде болып жатқан ғажайып оқиғалардың куәгері ғана болып қоймайды, қаламгер тіліне тиек, шығармасына арқау етіп өзі куә болған оқиғаларды алады. Оқиғалы очеркте де көркемдік элементтермен қатар, деректер, авторлық шегініс, публицистикалық ой мен түйін қатар жүреді. Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева «Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.  

Очеркші алдындағы мақсат көбінде мәселенің басын ашатын өмірдің көріністеріне көңіл аударуды талап етеді. Очеркші суретші секілді белгілі бір нүктені тауып алып суреттейді, егерде жазушы дұрыс бағытта жүріп, шығармашылық қиялы бай болса, ол өмір шындығын білуге, құбылыстарға әлеуметтік мағына беруге қол жеткізеді. Бірақ, мұнда да тақырыптың тың, өзекті болуы бірінші орында, ал олай болмаған жағдайда, сурет өзінің танымдық, тәрбиелік мәнін жоғалтады. Очеркшінің өмірге қаншалықты бейім екендігін осыдан байқауға болады.

Очерк түріне жақындастыратындай тақырыбы әртүрлі суреттерді не байланыстырады? Басқа очерк түрлері секілді ұқсастық ішкі құрылысында, яғни шындықты көрсете білу әдісі - бір құбылысқа қатысты нақты оқиғаларды, фактілер жиынтығын ұштастыру. Суреттемеде портретті очерктегідей жазушының бір ғана кейіпкерге тоқталуы болмайды, мұнда беллетристикалық очерктегідей кейіпкерлер соқтығыспайды, сюжет жоқ. Басты кейіпкер міндетін көбінде үжым атқарады. Өмір динамикасын дұрыс жеткізу үшін, шығарма тақырыбын анық ашу үшін, суреттеме өзгеше орналасады. Әрбір суреттеу М.Пришвин пікірінше бұл: « ...қиын бір нәрсені ерітуге» тырысу. Онда очеркші «өз ойын физикалық түрде іске асырады»,- дейді. Басқа да очерк түрлерімен қатар, суреттеме де өз тарихына ие.

Әртүрлі әлеуметтік ортада туған мінездердің соқтыгысуы беллетристикалық очерк зерттеуінің объектісі болып табылады. Егер нублицистикалық очерктегі идея оқырманға автордың құбылыстарды сараптауы арқылы жетсе, беллетристикалық очеркте көркем әдебиет жолымен көрінеді. Беллетристикалық очерктің негізі кез келген драмалық конфликт, мінездер соқтығысы болып табылады. Сонымен катар, мұндай очерктерде басты ойды көрсететін бірнеше өзара байланысатын сюжет желісін табуға болады. Беллетристикалық очеркке  В.Овечкин былай деп анықтама береді: «Ол өмірдің қандай да   бір   құбылыстары   жайындағы   көркем   түрдегі   оқырманмен жүргізілетін үлкен бір әңгіме».

Беллетристикалық очерк жеткізе білу күшімен, тартымдылы-ғымен ешбір публицистикалық туындыға орын бермейді, алайда, мазмұндау амалы осы заманға лайықты орналастыру әдісімен өзгешеленеді. Беллетристикалық очеркте жазушының кейіпкерлерді тудыру, сомдау, адамдардың жан-жақтылығын көрсете білу шеберлігі негізгі маңызы болып табылады. Публицистикалық пен беллетристикалық очерктер бір-біріне қарама-қарсы, бірақ екі жағдайда да беллетрист пен публицист жолдары бір ізге түседі.

Публицистикадан беллетристикаға көшу баяу, біртіндеп іске асады және очерк бір элементін жоғалтып алып, екіншісіне ие болып жатса, занды құбылыс. Себебі, мінездердің зерттеуін құбьшысқа тәуелсіз жүргізе алмайтыны сияқты, әдебиетте құбылыстарды зерттеуде адамдарды бөліп қарауға болмайды. Очеркші жай ғана «беллетрист» болып қала алмайды, сонымен қатар ғылымнан да алынған элементтер болғандықтан зерттеушінің де міндетін атқарады.

Оқиғалы очерк - қазақ әдебиетінде көрнекті орын алатын очерктің белсенді түрі, себебі, әрдайым жазуға лайық ғажайып оқиғалар болып жатады және оқырмандарға эмоциялық әсер беру қызметін де атқарады. Бұл туралы Төлеубай Ыдырысов: «Очерктің бұл түрінің «оқиғалы» деп аталуы әсте бірыңғай оқиғаны суреттеу деген сөз емес. Очерктің бәрінде де негізгі кейіпкер болып еңбек адамы алынатьшы сияқты, бұл түрдің де түп қазығы - адам»,- дейді. Жазушылар өмірде болып жатқан ғажайып оқиғалардың куәгері ғана болып қоймайды, қаламгер тіліне тиек, шығармасына арқау етіп өзі куә болған оқиғаларды алады. Оқиғалы очеркте де көркемдік элементтермен қатар, деректер, авторлық шегініс, публицистикалық ой мен түйін қатар жүреді.

Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева

«Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.

 

Ұқсас материалдар