Қандастар Ассамблея

Публицистикалық очерк

13.09.2013 6139
Публицистикалық очеркте материалға ерекше әлеуметтік, саяси тереңдік бере отырып, публицистикалық бастама басты орын алады. Публицистикалық очерк өмірді көрсетуде қарапайымдылыққа, келтірілген суреттің қоғамдық ойын мазмұндауға бейім, мұнда образдық жүйе екінші орынға қойылады. Публицистикалық очеркке Т.Ыдырысов былай анықтама береді: «Публицистикалық очерк - әлеуметтік-саяси құбылыстардан, өнер-кәсіп пен ауыл шаруашылығының, мәдениеттің түйінді мәселелерінен келелі ой қозғау, пікір айту үшін таптырмайтын форма. Очеркист оқушылармен сыр шертіседі, ой мен сезім арқылы өз дәуірінің тынысын оқушыға жеткізуге тырысады»,- дейді. Сонымен, публицистикалық очеркте ойлау, сараптау, толғау басты рөл атқарады. Өз пікірінің шындыққа сай екендігіне оқырман көзін жеткізу үшін жазушы сұрақтар қоя отырып, оған жауапты өзі қайтарып, болған оқиға дәйектерін суреттейді. Мұнда сюжет емес, публицистикалық тапсырма ұйымдастырушы элемент болып саналады. Өмірдің әр қырын автор көкейіндегі сұрақпен байланыстыра отырып, шығармадағы публицистика әрқашан бірінші орында тұрады. «Публицистикалық очеркте автор әлдеқайда кеңірек көсіле алады, оқушысының санасы мен сезіміне бірдей әсер етуге тырысады, оқушымен тікелей әңгімелесіп, шүйіркелеседі, өзі суреттеген картина турасында ойласуға шақырады»,- дейді 1962 жылы шыққан «Қазақ баспасөзі» бюллетені журналының №3 санындағы ғылыми мақалада. Нәзір Төреқұловтың 1920 жылдары жазған очерктері қазақ халқының өмірінде болып жатқан сан қилы оқиғалар, заманның рухани көркі туралы болып келеді. Н.Төреқұлов публицист ретінде өз кезеңіндегі өмірдің өзекті мәселелеріне үн қосып қана қоймай, журналистиканың күрделі жанрларының бірі - очерк жазуда да өзінің білімділігін, әдеби әзірлігін байқата алған талант иесі. Нәзір Төреқұловтың көзін көрген Ж.Арыстанов өзінің естелігінде публицистің әр қыры туралы былай дейді: "Нәзір Тореқұлов неше алуан саяси, ғылыми мақалалармен қатар очерктер, памфлеттер, әдеби сын мен фельетондар, әртүрлі маңызды хабарлар оның дарынды қаламынан тынымсыз туындап жатты". Саяси қайраткер қыруар қоғамдық жұмыстармен қатар, публицистикалық еңбектер жазып қана қоймай, редакторлық, баспагерлік жұмыстарды да қоса атқарған. Нәзір Төреқұловтың журналистік шығармашылығындағы назар аударатын, рухани мұра ретінде қабылдап, қызығып оқитын бір саласы - оның тарихи-әлеуметтік мәселелерге байланысты жазған публицистикалық очерктері дер едік. Нәзірдің публицистикалық очерктерінде алған тақырыбын терең зерттеп, көрген, білген, көкейіне түйгендерін оқушысына ұсынып отырған. Н.Төреқұловтың журналистік шығармашылығына филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Қожакеев былай деп баға береді: "...Нәзір негізінен сыни материалдар жазған. Оларын ерекше екпінмен, адуынды арынмен, сын объектісін ықтыра, бұқтыра жазған. Нысанаға алып, діттеген адамдарын сілкілеп, шаңын қаға, есін кетіре, сауырлап-сауырлап тастайтын болған". Публицистикалық    очерктерде фактілер дұрыс  іріктеліп,  белгілі  бір құбылысқа,  саяси оқиғаға, қоғамдық-әлеуметтік жағдайларға дұрыс баға берілуі тиіс және мәселелер әдеби жағынан да шебер қиыстырылуы шарт. Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева «Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.  

Публицистикалық очеркте материалға ерекше әлеуметтік, саяси тереңдік бере отырып, публицистикалық бастама басты орын алады. Публицистикалық очерк өмірді көрсетуде қарапайымдылыққа, келтірілген суреттің қоғамдық ойын мазмұндауға бейім, мұнда образдық жүйе екінші орынға қойылады. Публицистикалық очеркке Т.Ыдырысов былай анықтама береді: «Публицистикалық очерк - әлеуметтік-саяси құбылыстардан, өнер-кәсіп пен ауыл шаруашылығының, мәдениеттің түйінді мәселелерінен келелі ой қозғау, пікір айту үшін таптырмайтын форма. Очеркист оқушылармен сыр шертіседі, ой мен сезім арқылы өз дәуірінің тынысын оқушыға жеткізуге тырысады»,- дейді. Сонымен, публицистикалық очеркте ойлау, сараптау, толғау басты рөл атқарады. Өз пікірінің шындыққа сай екендігіне оқырман көзін жеткізу үшін жазушы сұрақтар қоя отырып, оған жауапты өзі қайтарып, болған оқиға дәйектерін суреттейді. Мұнда сюжет емес, публицистикалық тапсырма ұйымдастырушы элемент болып саналады. Өмірдің әр қырын автор көкейіндегі сұрақпен байланыстыра отырып, шығармадағы публицистика әрқашан бірінші орында тұрады.

«Публицистикалық очеркте автор әлдеқайда кеңірек көсіле алады, оқушысының санасы мен сезіміне бірдей әсер етуге тырысады, оқушымен тікелей әңгімелесіп, шүйіркелеседі, өзі суреттеген картина турасында ойласуға шақырады»,- дейді 1962 жылы шыққан «Қазақ баспасөзі» бюллетені журналының №3 санындағы ғылыми мақалада.

Нәзір Төреқұловтың 1920 жылдары жазған очерктері қазақ халқының өмірінде болып жатқан сан қилы оқиғалар, заманның рухани көркі туралы болып келеді. Н.Төреқұлов публицист ретінде өз кезеңіндегі өмірдің өзекті мәселелеріне үн қосып қана қоймай, журналистиканың күрделі жанрларының бірі - очерк жазуда да өзінің білімділігін, әдеби әзірлігін байқата алған талант иесі.

Нәзір Төреқұловтың көзін көрген Ж.Арыстанов өзінің естелігінде публицистің әр қыры туралы былай дейді: "Нәзір Тореқұлов неше алуан саяси, ғылыми мақалалармен қатар очерктер, памфлеттер, әдеби сын мен фельетондар, әртүрлі маңызды хабарлар оның дарынды қаламынан тынымсыз туындап жатты". Саяси қайраткер қыруар қоғамдық жұмыстармен қатар, публицистикалық еңбектер жазып қана қоймай, редакторлық, баспагерлік жұмыстарды да қоса атқарған.

Нәзір Төреқұловтың журналистік шығармашылығындағы назар аударатын, рухани мұра ретінде қабылдап, қызығып оқитын бір саласы - оның тарихи-әлеуметтік мәселелерге байланысты жазған публицистикалық очерктері дер едік. Нәзірдің публицистикалық очерктерінде алған тақырыбын терең зерттеп, көрген, білген, көкейіне түйгендерін оқушысына ұсынып отырған. Н.Төреқұловтың журналистік шығармашылығына филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Қожакеев былай деп баға береді: "...Нәзір негізінен сыни материалдар жазған. Оларын ерекше екпінмен, адуынды арынмен, сын объектісін ықтыра, бұқтыра жазған. Нысанаға алып, діттеген адамдарын сілкілеп, шаңын қаға, есін кетіре, сауырлап-сауырлап тастайтын болған".

Публицистикалық    очерктерде фактілер дұрыс  іріктеліп,  белгілі  бір құбылысқа,  саяси оқиғаға, қоғамдық-әлеуметтік жағдайларға дұрыс баға берілуі тиіс және мәселелер әдеби жағынан да шебер қиыстырылуы шарт.

Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева

«Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.