Қандастар Ассамблея

Отырар ауданының ауыл шаруашылығы

13.09.2013 2759
Отырар ауылы негізінен мал шаруашылығына маманданған. Ауданда 1996 жылы дейін етті, сүтті мал өсіретін 8 кеңшар, 1 асыл тұқымды мал зауыты болған. Нарық экономикасына өтуге байланысты олар кейіннен жекешелендірілді. 2003 жылы ауданда шаруашылық жүргізуші субъектілердің саны 3420-ға жетті. Оның ішінде занды түлғалар саны 487 және жеке тұлғалар 2933, шаруа кожалықтары 2569, жеке кәсіпкерлер 364. Ауданда ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 1692 мың гектар, оның ішінде жыртылатын жер 15,8 мың гектар, суармалы жер аумағы 27,3 мың гектар, көп жылдық ағаштар 256 гектар, шабындық 15,5 мың гектар, жайылым 16,48 мың гектар болды (2003 жылы). Ауданда өнеркәсіп өндірісінде 21 кәсіпорын, ауыл шаруашылығында 590, құрылыста 14, көлік және байланыс саласында 11, саудада 180 және басқа кәсіппен айналысатын 16 шаруашылық субъектілер тіркелген (2003 жылы). Аудан өнеркәсібі 2003 жылмен салыстырғанда 4,4 есе көп. Шаруашылықтың барлық санаттары бойынша 2003 жылы егіс аумағы 15,8 мың гектар болды; оның басым бөлігін мақта (7905 гектар) мен жүгері (3269 гектар) құрады. Ауданда 2004 жылдың 1 каңтарында 19,1 мың бас ірі кара, 163,5 мың кой мен ешкі, 5,4 мың жылқы, 1264 түйе, 72,4 мың бас үй құсы болды. Кәсіпкерлікті дамыту барысында 2002 жылмен салыстырғанда 2003 жылы кәсіпкерлік кұрылымдар саны 1008-ге өсіп, жұмысқа тартылған адамдар саны 972-ге көбейді. 2003 жылы кәсіпкерлік кұрылымдардың өндірген өнімі мен көрсеткен кызметтерінің көлемі 2173,3 миллион теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1069,1 миллион теңгенің өнімін көп өндірді. Кәсіпкерлік құрылымдардан түсетін бюджет төлемі 10,83 миллион теңгеге ұлғайып, осы мерзім ішінде 41,69 миллион теңгенің төлемдерін бюджетке түсірген. Бұл жалпы жергілікті түсімдердің 19,1%-н құрайды. Осы жылы ауданда тораптық су құбыры толығымен іске косылды, Арыстанбаб мешіті қайта жөнделіп, пайдалануға берілді. Отырар ауданында ауыл шаруашылық бағыттағы 3500-дей шаруа қожалықтары тіркелген (2003 жылы ). Олардың ішіндегі ірісі және аудан экономикасының дамуына ықпал етіп отырған шаруашылық нысандарға «Омар ата» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Сейітқұл» акцонерлік қоғамы, «Алтын күз» шаруа қожалығы, «Әбілда» акционерлік қоғамы, «Айтолқын ай» жауапкершілік шектеулі және Темір ауданында орналасқан «Контекс» мақта зауыты (өндірістік қуаты — 25 мың теңге), т.б. жатады.  

Отырар ауылы негізінен мал шаруашылығына маманданған. Ауданда 1996 жылы дейін етті, сүтті мал өсіретін 8 кеңшар, 1 асыл тұқымды мал зауыты болған. Нарық экономикасына өтуге байланысты олар кейіннен жекешелендірілді. 2003 жылы ауданда шаруашылық жүргізуші субъектілердің саны 3420-ға жетті. Оның ішінде занды түлғалар саны 487 және жеке тұлғалар 2933, шаруа кожалықтары 2569, жеке кәсіпкерлер 364. Ауданда ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 1692 мың гектар, оның ішінде жыртылатын жер 15,8 мың гектар, суармалы жер аумағы 27,3 мың гектар, көп жылдық ағаштар 256 гектар, шабындық 15,5 мың гектар, жайылым 16,48 мың гектар болды (2003 жылы). Ауданда өнеркәсіп өндірісінде 21 кәсіпорын, ауыл шаруашылығында 590, құрылыста 14, көлік және байланыс саласында 11, саудада 180 және басқа кәсіппен айналысатын 16 шаруашылық субъектілер тіркелген (2003 жылы).

Аудан өнеркәсібі 2003 жылмен салыстырғанда 4,4 есе көп. Шаруашылықтың барлық санаттары бойынша 2003 жылы егіс аумағы 15,8 мың гектар болды; оның басым бөлігін мақта (7905 гектар) мен жүгері (3269 гектар) құрады. Ауданда 2004 жылдың 1 каңтарында 19,1 мың бас ірі кара, 163,5 мың кой мен ешкі, 5,4 мың жылқы, 1264 түйе, 72,4 мың бас үй құсы болды. Кәсіпкерлікті дамыту барысында 2002 жылмен салыстырғанда 2003 жылы кәсіпкерлік кұрылымдар саны 1008-ге өсіп, жұмысқа тартылған адамдар саны 972-ге көбейді. 2003 жылы кәсіпкерлік кұрылымдардың өндірген өнімі мен көрсеткен кызметтерінің көлемі 2173,3 миллион теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1069,1 миллион теңгенің өнімін көп өндірді. Кәсіпкерлік құрылымдардан түсетін бюджет төлемі 10,83 миллион теңгеге ұлғайып, осы мерзім ішінде 41,69 миллион теңгенің төлемдерін бюджетке түсірген. Бұл жалпы жергілікті түсімдердің 19,1%-н құрайды. Осы жылы ауданда тораптық су құбыры толығымен іске косылды, Арыстанбаб мешіті қайта жөнделіп, пайдалануға берілді. Отырар ауданында ауыл шаруашылық бағыттағы 3500-дей шаруа қожалықтары тіркелген (2003 жылы ). Олардың ішіндегі ірісі және аудан экономикасының дамуына ықпал етіп отырған шаруашылық нысандарға «Омар ата» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Сейітқұл» акцонерлік қоғамы, «Алтын күз» шаруа қожалығы, «Әбілда» акционерлік қоғамы, «Айтолқын ай» жауапкершілік шектеулі және Темір ауданында орналасқан «Контекс» мақта зауыты (өндірістік қуаты — 25 мың теңге), т.б. жатады.

 

Ұқсас материалдар