Қандастар Ассамблея

Отырар ауданының табиғаты мен геологиясы

13.09.2013 2429
Отырар ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысының батысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. Батысында Қызылорда облысымен, шығысында Ордабасы, оңтүстік-шығысында Арыс қалалық әкімдігіне карасты аумақпен және Сарыағаш ауданымен, оңтүстік, оңтүстік-батысында Шардара ауданымен шектеседі. Жер аумағы 18,1 мың километр2, (облыстың 15,4%-ы). Тұрғын халқы 55,2 мың адам (2004). Аудан аумағындағы 43 елді мекен 11 ауылдык округке біріктірілген. Әкімшілік орталығы — Шәуілдір ауылы. Әкімшілік-аумақтық бөлінісінің тарихи қалыптасуы Ауданның казіргі әкімшілік-аумақтық шекаралары XX ғасырдың алғашкы ширегінде қалыптаса бастады. Оған дейін осы аумақ Түркістан генерал-губернаторлығының құрамындағы Сырдария облысына(орталығы — Ташкент қаласы) қарады. Құрылымы 1867 жылы шілдеде бекітілген "Жетісу және Сырдария облыстарын Уакытша баскарудың Ережесіне" сәйкес анықталды да, оған бұрынғы Сырдария желісінің аудандары, сонымен қатар Ресейге қосылған Қоқан хандығының 7 уезі (Әулие ата, Қазалы, Құралы, Перовск, Түркістан, Шымкент, Ходжент) және 2 аудан (Жызақ, Ұратөбе) енгізілді. Қазан революциясынан кейін аудан аумағында қайтадан кұрылымдык өзгерістер басталды. 1920 жылы 26 тамызда Қырғыз (Қазақ) АКСР-ін құру туралы декрет қабылданды. Қазақ халқының көп бөлігі қоныстанған Жетісу және Сырдария облыстарының аумағы Түркістан АСКР-інің құрамында калды. 1924 жылы 11 қазанда Республикалық Коммунистік Партияның Орталық Комитетінің қаулысымен Орта Азия Кеңестік республикаларының межеленуі мақұлданып, нөтижесінде Әулие ата, Ақмешіт, Қазалы, Түркістан, Шымкент уездері және Ташкент уезінің 10 болысы, Мырзашөл уезінің 2 болысы, Самарқанд облысының 6 болысы бар Сырдария облысы Қазақстан құрамына енді. Кейінгі жылдары губернаторлық, округтік бөлініс кезінде аудан аумағындағы қазіргі ауылдык округтер мен елді мекендер — ұжымшылар ретінде біріге бастады. Сөйтіп, бүл өңірде алғашқы бес ұжымшар ұйымдастырылды. Олар: "Абад", "Кеңес", "Жаңаарық", "Отырар", "Қызыл Түркістан". 1932 жылы "Талапты", "Қарғалы", "Қоғам", "Байылдыр", "Ынталы" ұжымшарлары құрылды. 1934 жылы 27 желтоқсан күні № 106 бюро қаулысымен Шәуілдір ауданын құру туралы шешім қабылданып, Оңтүстік Қазақстан облысы партия комитетінің 1935 жылы 16 ақпандағы бюро қаулысында Түркістан және Шәуілдір аудандарының шекаралары белгіленді. Крупская атындағы, "Интернационал", Құлымбетов атындағы, "Ақтөбе", "Беларық", "Сталинабад", "Кеңес", "Отырар", "Қызыл Түркістан", "Талапты", "Ынталы", "Қоғам", "Байылдыр", "Қарғалы", "Ногин" (казіргі Д.Алтынбеков), "КСРО-ның 60 жылдығы" кеңшарлары кұрылды. Жер серіктестіктері, ұжымдық шаруашылыктар: Маякум, Құмқөл, Шеңгелді, Ақкөл, Балтакөл, Жаңашару, Aқынтоға, "Овцевод", "Ызакөл", "Сарыкөл", т.б. елді мекендер жаңа аудан құрамына енді. Алғашқы жылдары 5 ауылдық кеңес, 33 ұжымшар, жер серіктестіктері (барлығы 3710 үй) болды. Аудан орталығы ретінде жаңадан ұйымдастырылған ұжымшарлардың ортасындағы Қаракөншек төбесі таңдап алынды. Шәуілдір ауданы партия комитетінің 1-ұйымдық мәжілісі 1935 жылы 12 ақпанында өтті. Бүл мәжіліске Н.Жөлелов, Д.Алтынбеков, Ұсабаев, Емельянов, Бұхаров, Антоненко, т.б. катысты. Аудандық партбюро құрылып, оның кұрамына аудандық партия комитеті хатшысы Н.Жәлелов, аудандық атқару комитеті төрағасы Д.Алтынбеков, Машина-трактор станциясы директоры Гайнуллин енгізілді. Осы қаулымен кеңестердің ұйымдастыру бюросы құрылып, оның төрағасы болып Д.Алтынбеков сайланды. 1962 жылы өлкелік әкімшілік-аумақтық бөліну кезінде Оңтүстік Қазақстан — Шымкент облысы болып өзгерді. Ӏрілендірілген өнеркәсіптік басқармалар ұйымдастырылып, Шәуілдір ауданы Арыс ауданының құрамына өтті. 1963 жылы бұрынғы Шәуілдір ауданы негізінде Қызылқұм ауданы ұйымдастырылды. Аудан құрамына Ақынтоғай, Жаңашардара, Задарил, Қызылқұм, Маяқұм, Отырар, Такыркөл, Темір, Шардара, Шеңгелді, Шымқорған, Шәуілдір, Сырдария, Ақтөбе ауылдық кеңестері енді. Сол жылы Шымқорған, Қызылқұм ауылдық кеңестері Өзбек КСР-нің Сырдария облысына, 1964 жылы Зардария ауылдық кеңесі Бөген ауданына, Шеңгелді ауылдық кеңестері Шардара ауданына берілді. 1967 жылы құрылған Қандөз ауылды кеңесі 1970 жылы Қызылорда облысының құрамына енді. 1964 жылы Қожатоғай, 1965 жылы Балтакөл, [[]Талапт]ы, 1971 жылы Шілік ауылдық кеңестері кұрылды. 1986 жылы ауданда 11-ауылдық кеңес болған. 1991 жылы 18 қаңтарда Қызылқұм — Отырар ауданы болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы 1993 жылы 9 желтоқсандағы "Жергілікті кеңестердің өкілеттігін шұғыл тоқтату туралы" Заңына сәйкес, ауданның ауылдық кеңестері кызметін тоқтатып, 1995 жылы 5 қаңтарда Оңтүстік Қазақ¬стан облысы әкімінің қаулысымен, өзіне бірнеше елді мекендерді қамтитын ауылдық кеңестер шекараларында ауылдық округтер құрылды. Табиғаты Тұран ойпатының орта тұсында орналасқан аудан жері негізінен жазық келеді. Оның басым бөлігін Сырдария өзенінің орта ағысымен Қызылқұм құмды алқабы алыл жатыр. Қызылқұмда көптеген құдықтар (Қасымбет, Дүйсенбай, Дәуренбек, т.б.), қыстаулар (Есенгелді, Босаға, Орынбай, т.б.) бар. Қаратау жотасының батысын және Қызылқұмның шығысын ала сексеуілді тоғайлар көмкерген. Сырдария аңғары мен Қызылқұмда Балақарақ, Мұрынқарақ, Қарақ, Қыл, Тастөбе, т.б. ежелгі тау жұрнақтары сақталған. Олардың кейбіреуінің пішіні төрткүлді келген. Қызылқұмның орта тұсында сусымалы шығыр құмнан тұратын Үрме өңіді орналаскан. Геологиясы Отырар ауданының жер қыртысын Тұран плитасының эпигерциндік құрылымынан (Сырдария депрессиясы) түзілген. Ӏргетасы мезокайнозой дәуіріне жатады. Оның терендігі ауданның оңтүстігінде 2000 метр, ал Сырдарияның оң жағалық аңғарында 1500 метрдей. Эпигерциндік платформаның антиклиналь осі ауданның шығыс бөлігінде (Қаратау жотасы маңында). Сырдария аңғарына дейінгі (шығыс бөлігі) орта және төмені төрттік жүйенің тау жыныстарынан тұрады. Тектоникалық құрылымы жағынан Қызылқұм бөлігі бірнеше құрылымдык қабаттан тұрады. Бүл өңірдің жер қыртысы бірнеше жарылыстармен қиылған палеозойдың магмалық шөгінді жыныстарынан құралған. Қабаттар өз кезегінде Қызылқұм өңірінің палеозойлық табанын жаңартып, өте жалпақ белдерге (Кемпір, Балтакөл, Босаға, Шөл-Шардара, т.б.), науаларға (Жауғаш, Арыс, Келес) бөлген. Жер асты суы жоғары бор шөгінділерінің құмды қат-қабатында. Палеоген-неоген сулы кешендегі су қабаттары 800—100 метр тереңдікте кездеседі және оның температурасы 50—75°С. Литологиялық тұрғыдан қабат құмды-саздақты. Бор қабатындағы (1800-2900 метрде) су температурасы 100°С, Юра қабатында (2900- 3200 метрде) 150°С-қа жетеді. Суы кремнийлі-термальді, минералды суларға жатады. Жер асты сулары Арыс, Қызылқұм және Оңтүстік Қаратау артезиан алаптарына тиесілі. Суының кермектілігі: Қызылқұмда 3—5 г/л, Арыс—Сырдария аралығында 5—8 г/л. Жер асты грунт сулары 2—5 метр терендікте (Сырдария, Арыс өзені аңғарында), Қызылқұм өңірінде 5—8 метр, кейде 8—12 метр тереңдікте кездеседі. Артезиан сулары негізінен палеоген-неоген кабаттарында (30—50, кейде 80—105 метр). Отырар ауданының жер қойнауынан графит, тас көмір, алтын, уран, құрылыс материалдары барланған.

Отырар ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысының батысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. Батысында Қызылорда облысымен, шығысында Ордабасы, оңтүстік-шығысында Арыс қалалық әкімдігіне карасты аумақпен және Сарыағаш ауданымен, оңтүстік, оңтүстік-батысында Шардара ауданымен шектеседі. Жер аумағы 18,1 мың километр2, (облыстың 15,4%-ы). Тұрғын халқы 55,2 мың адам (2004). Аудан аумағындағы 43 елді мекен 11 ауылдык округке біріктірілген. Әкімшілік орталығы — Шәуілдір ауылы.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісінің тарихи қалыптасуы

Ауданның казіргі әкімшілік-аумақтық шекаралары XX ғасырдың алғашкы ширегінде қалыптаса бастады. Оған дейін осы аумақ Түркістан генерал-губернаторлығының құрамындағы Сырдария облысына(орталығы — Ташкент қаласы) қарады. Құрылымы 1867 жылы шілдеде бекітілген "Жетісу және Сырдария облыстарын Уакытша баскарудың Ережесіне" сәйкес анықталды да, оған бұрынғы Сырдария желісінің аудандары, сонымен қатар Ресейге қосылған Қоқан хандығының 7 уезі (Әулие ата, Қазалы, Құралы, Перовск, Түркістан, Шымкент, Ходжент) және 2 аудан (Жызақ, Ұратөбе) енгізілді. Қазан революциясынан кейін аудан аумағында қайтадан кұрылымдык өзгерістер басталды.

1920 жылы 26 тамызда Қырғыз (Қазақ) АКСР-ін құру туралы декрет қабылданды. Қазақ халқының көп бөлігі қоныстанған Жетісу және Сырдария облыстарының аумағы Түркістан АСКР-інің құрамында калды. 1924 жылы 11 қазанда Республикалық Коммунистік Партияның Орталық Комитетінің қаулысымен Орта Азия Кеңестік республикаларының межеленуі мақұлданып, нөтижесінде Әулие ата, Ақмешіт, Қазалы, Түркістан, Шымкент уездері және Ташкент уезінің 10 болысы, Мырзашөл уезінің 2 болысы, Самарқанд облысының 6 болысы бар Сырдария облысы Қазақстан құрамына енді. Кейінгі жылдары губернаторлық, округтік бөлініс кезінде аудан аумағындағы қазіргі ауылдык округтер мен елді мекендер — ұжымшылар ретінде біріге бастады. Сөйтіп, бүл өңірде алғашқы бес ұжымшар ұйымдастырылды. Олар: "Абад", "Кеңес", "Жаңаарық", "Отырар", "Қызыл Түркістан".

1932 жылы "Талапты", "Қарғалы", "Қоғам", "Байылдыр", "Ынталы" ұжымшарлары құрылды. 1934 жылы 27 желтоқсан күні № 106 бюро қаулысымен Шәуілдір ауданын құру туралы шешім қабылданып, Оңтүстік Қазақстан облысы партия комитетінің 1935 жылы 16 ақпандағы бюро қаулысында Түркістан және Шәуілдір аудандарының шекаралары белгіленді. Крупская атындағы, "Интернационал", Құлымбетов атындағы, "Ақтөбе", "Беларық", "Сталинабад", "Кеңес", "Отырар", "Қызыл Түркістан", "Талапты", "Ынталы", "Қоғам", "Байылдыр", "Қарғалы", "Ногин" (казіргі Д.Алтынбеков), "КСРО-ның 60 жылдығы" кеңшарлары кұрылды. Жер серіктестіктері, ұжымдық шаруашылыктар: Маякум, Құмқөл, Шеңгелді, Ақкөл, Балтакөл, Жаңашару, Aқынтоға, "Овцевод", "Ызакөл", "Сарыкөл", т.б. елді мекендер жаңа аудан құрамына енді. Алғашқы жылдары 5 ауылдық кеңес, 33 ұжымшар, жер серіктестіктері (барлығы 3710 үй) болды.

Аудан орталығы ретінде жаңадан ұйымдастырылған ұжымшарлардың ортасындағы Қаракөншек төбесі таңдап алынды. Шәуілдір ауданы партия комитетінің 1-ұйымдық мәжілісі 1935 жылы 12 ақпанында өтті. Бүл мәжіліске Н.Жөлелов, Д.Алтынбеков, Ұсабаев, Емельянов, Бұхаров, Антоненко, т.б. катысты. Аудандық партбюро құрылып, оның кұрамына аудандық партия комитеті хатшысы Н.Жәлелов, аудандық атқару комитеті төрағасы Д.Алтынбеков, Машина-трактор станциясы директоры Гайнуллин енгізілді. Осы қаулымен кеңестердің ұйымдастыру бюросы құрылып, оның төрағасы болып Д.Алтынбеков сайланды. 1962 жылы өлкелік әкімшілік-аумақтық бөліну кезінде Оңтүстік Қазақстан — Шымкент облысы болып өзгерді. Ӏрілендірілген өнеркәсіптік басқармалар ұйымдастырылып, Шәуілдір ауданы Арыс ауданының құрамына өтті.

1963 жылы бұрынғы Шәуілдір ауданы негізінде Қызылқұм ауданы ұйымдастырылды. Аудан құрамына Ақынтоғай, Жаңашардара, Задарил, Қызылқұм, Маяқұм, Отырар, Такыркөл, Темір, Шардара, Шеңгелді, Шымқорған, Шәуілдір, Сырдария, Ақтөбе ауылдық кеңестері енді. Сол жылы Шымқорған, Қызылқұм ауылдық кеңестері Өзбек КСР-нің Сырдария облысына, 1964 жылы Зардария ауылдық кеңесі Бөген ауданына, Шеңгелді ауылдық кеңестері Шардара ауданына берілді. 1967 жылы құрылған Қандөз ауылды кеңесі 1970 жылы Қызылорда облысының құрамына енді. 1964 жылы Қожатоғай, 1965 жылы Балтакөл, [[]Талапт]ы, 1971 жылы Шілік ауылдық кеңестері кұрылды.

1986 жылы ауданда 11-ауылдық кеңес болған. 1991 жылы 18 қаңтарда Қызылқұм — Отырар ауданы болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы 1993 жылы 9 желтоқсандағы "Жергілікті кеңестердің өкілеттігін шұғыл тоқтату туралы" Заңына сәйкес, ауданның ауылдық кеңестері кызметін тоқтатып, 1995 жылы 5 қаңтарда Оңтүстік Қазақ¬стан облысы әкімінің қаулысымен, өзіне бірнеше елді мекендерді қамтитын ауылдық кеңестер шекараларында ауылдық округтер құрылды.

Табиғаты

Тұран ойпатының орта тұсында орналасқан аудан жері негізінен жазық келеді. Оның басым бөлігін Сырдария өзенінің орта ағысымен Қызылқұм құмды алқабы алыл жатыр. Қызылқұмда көптеген құдықтар (Қасымбет, Дүйсенбай, Дәуренбек, т.б.), қыстаулар (Есенгелді, Босаға, Орынбай, т.б.) бар. Қаратау жотасының батысын және Қызылқұмның шығысын ала сексеуілді тоғайлар көмкерген. Сырдария аңғары мен Қызылқұмда Балақарақ, Мұрынқарақ, Қарақ, Қыл, Тастөбе, т.б. ежелгі тау жұрнақтары сақталған. Олардың кейбіреуінің пішіні төрткүлді келген. Қызылқұмның орта тұсында сусымалы шығыр құмнан тұратын Үрме өңіді орналаскан.

Геологиясы

Отырар ауданының жер қыртысын Тұран плитасының эпигерциндік құрылымынан (Сырдария депрессиясы) түзілген. Ӏргетасы мезокайнозой дәуіріне жатады. Оның терендігі ауданның оңтүстігінде 2000 метр, ал Сырдарияның оң жағалық аңғарында 1500 метрдей. Эпигерциндік платформаның антиклиналь осі ауданның шығыс бөлігінде (Қаратау жотасы маңында). Сырдария аңғарына дейінгі (шығыс бөлігі) орта және төмені төрттік жүйенің тау жыныстарынан тұрады. Тектоникалық құрылымы жағынан Қызылқұм бөлігі бірнеше құрылымдык қабаттан тұрады. Бүл өңірдің жер қыртысы бірнеше жарылыстармен қиылған палеозойдың магмалық шөгінді жыныстарынан құралған.

Қабаттар өз кезегінде Қызылқұм өңірінің палеозойлық табанын жаңартып, өте жалпақ белдерге (Кемпір, Балтакөл, Босаға, Шөл-Шардара, т.б.), науаларға (Жауғаш, Арыс, Келес) бөлген. Жер асты суы жоғары бор шөгінділерінің құмды қат-қабатында. Палеоген-неоген сулы кешендегі су қабаттары 800—100 метр тереңдікте кездеседі және оның температурасы 50—75°С. Литологиялық тұрғыдан қабат құмды-саздақты. Бор қабатындағы (1800-2900 метрде) су температурасы 100°С, Юра қабатында (2900- 3200 метрде) 150°С-қа жетеді. Суы кремнийлі-термальді, минералды суларға жатады. Жер асты сулары Арыс, Қызылқұм және Оңтүстік Қаратау артезиан алаптарына тиесілі.

Суының кермектілігі: Қызылқұмда 3—5 г/л, Арыс—Сырдария аралығында 5—8 г/л. Жер асты грунт сулары 2—5 метр терендікте (Сырдария, Арыс өзені аңғарында), Қызылқұм өңірінде 5—8 метр, кейде 8—12 метр тереңдікте кездеседі. Артезиан сулары негізінен палеоген-неоген кабаттарында (30—50, кейде 80—105 метр). Отырар ауданының жер қойнауынан графит, тас көмір, алтын, уран, құрылыс материалдары барланған.

Ұқсас материалдар