Астанада «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы президенттік институт» халықаралық конфе

28.11.2012 2000
Астанада «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы президенттік институт» халықаралық конференциясы басталды. Шараны Қазақстанның тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Нұр Отан» ХДП парламентаризм институты ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Халықаралық конференцияға Ұлыбритания, Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, АҚШ, Ресей, Қазақстанның танымал сарапшылары мен саясаткерлері жиналды. Жиынды ашқан «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев еліміз бүгінгідей жетістіктерге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің арқасында жеткенін айта келіп, болашақтағы алар асуымыз да Тұңғыш Президенттің көреген саясаткерлігіне тікелей байланысты екенін атап өтті. Конференцияда Қазақстанның Президенттік институтының қалыптасу үлгісі, оның Қазақстан Тәуелсіздігін нығайтудағы рөлі, сонымен қатар президенттік билік институты қызметінің халықаралық тәжірибесі жөнінде келелі әңгіме қозғалады деп көзделген.

Астанада «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы президенттік институт» халықаралық конференциясы басталды. Шараны Қазақстанның тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Нұр Отан» ХДП парламентаризм институты ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Халықаралық конференцияға Ұлыбритания, Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, АҚШ, Ресей, Қазақстанның танымал сарапшылары мен саясаткерлері жиналды.

Жиынды ашқан «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев еліміз бүгінгідей жетістіктерге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің арқасында жеткенін айта келіп, болашақтағы алар асуымыз да Тұңғыш Президенттің көреген саясаткерлігіне тікелей байланысты екенін атап өтті.

Конференцияда Қазақстанның Президенттік институтының қалыптасу үлгісі, оның Қазақстан Тәуелсіздігін нығайтудағы рөлі, сонымен қатар президенттік билік институты қызметінің халықаралық тәжірибесі жөнінде келелі әңгіме қозғалады деп көзделген.

Ұқсас материалдар