Сараптамалық, суреттеме корреспонденция

11.09.2013 10357
Сараптамалық корреспонденция. Корреспонденцияның бұл түрі хабар берумен қатар, оған талдау жасайды. Не? қайда? қашан? Сұрақтарымен қоса не мақсатпен? қалайша? Деген сұрақтарға жауап іздейді. Оқиғаларға, ұсыныстарға, қорытындыларға баға бергенмен де, ол нақты бола алмауы да мүмкін. Уақытпен, оқиға орнымен мектеуі мүмкін. Сонымен қатар, мәселенің қойылуын қарастырады. Сараптамалық корреспонденция мақаланың жазылуына себепкер бола алады. Суреттеме- корреспонденция (зарисовка). Корреспонденцияның уақыт және оқиға орнымен шектеледі және автордың бейнелеуі мен суреттеуі арқылы беріледі. Талдау екінші орынға түсетін корреспонденцияның сирек кезесетін түрі. Автор материалдың мазмұнына оқиғаға деген өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік алады. Корреспонденцияның бұл түрі әдеби тіл мен көркем-публицистикалық тілді пайдалануды талап етеді. Журналистің корреспонденциямен айналысуы, оның белгілі бір оқиғаны зерттеу талаптарына байланысты (керек болса оқиға кейіпкерімен кездесу, іс-сапарға бару, сарапшылардың кеңесі). Корреспонденция – нақты маретиалға құрылған, өзекті тақырыпты өзек ететін, белгілі бір мәселеге талдау жасайтын жанр және өмір шындығының үзіндісі. Корреспонденцияда мақалаға қарағанда дедукция-бөлшектеу әдісі қолданылады, яғни мәселе жекеден жалпыға көшіп отырады. Ақпараттық корреспонденцияда материал кең қамтылады, тақырып тиянақты дамуымен ерекшеленеді. Талдамалы корреспонденцияда тілші оқырманмен бірлесе отырып бірқатар деректерді талдайды, салыстырады, қатар қояды, бағалайды. Егер мақала құрылымы өз еркінде болса, корреспонденцияда айдар, кіріспе, негізгі бөлім және соңы болады. Бұл жанрдың әр түрі бастамалары болады: сюжеттік, ақпараттық, мәселелік. Барлық газет жанрларының кезеңдің басылымдар үшін өз орны мен маңызды мәні бар. Әрбір жанр анықталған міндеттерді орындайды. Ақпараттық корреспонденция – қандай да бір дерек арқылы оқиғаларды хабарлайды. Талдамалы жанрлар (әсіресе, деректер мен комментарийлер, корреспонденция, мақала, бейне, шолу, журналистік зерттеу) қандай да бір маңызды мәселені, тақырыпты зерттейді, сондай-ақ, қоғамның дамуы мен өзге де оқиғаларға нақты талдау жасап береді. Талдамалы жанрлар деркетері баспасөз материалдарының  негізі болып табылады. Авторлық ұстаным, тезис, қорытынды, зерттеулер тізбенің логикалық құрылуының талдамалы жанрларының негізін көрсетеді. Сонымен қатар, әрбір жанрдың өзінің негіздемесі, ерекшелігі, айырмашылығы болады.   Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева «Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.

Сараптамалық корреспонденция. Корреспонденцияның бұл түрі хабар берумен қатар, оған талдау жасайды. Не? қайда? қашан? Сұрақтарымен қоса не мақсатпен? қалайша? Деген сұрақтарға жауап іздейді. Оқиғаларға, ұсыныстарға, қорытындыларға баға бергенмен де, ол нақты бола алмауы да мүмкін. Уақытпен, оқиға орнымен мектеуі мүмкін. Сонымен қатар, мәселенің қойылуын қарастырады. Сараптамалық корреспонденция мақаланың жазылуына себепкер бола алады.

Суреттеме- корреспонденция (зарисовка). Корреспонденцияның уақыт және оқиға орнымен шектеледі және автордың бейнелеуі мен суреттеуі арқылы беріледі. Талдау екінші орынға түсетін корреспонденцияның сирек кезесетін түрі. Автор материалдың мазмұнына оқиғаға деген өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік алады. Корреспонденцияның бұл түрі әдеби тіл мен көркем-публицистикалық тілді пайдалануды талап етеді. Журналистің корреспонденциямен айналысуы, оның белгілі бір оқиғаны зерттеу талаптарына байланысты (керек болса оқиға кейіпкерімен кездесу, іс-сапарға бару, сарапшылардың кеңесі).

Корреспонденция – нақты маретиалға құрылған, өзекті тақырыпты өзек ететін, белгілі бір мәселеге талдау жасайтын жанр және өмір шындығының үзіндісі. Корреспонденцияда мақалаға қарағанда дедукция-бөлшектеу әдісі қолданылады, яғни мәселе жекеден жалпыға көшіп отырады. Ақпараттық корреспонденцияда материал кең қамтылады, тақырып тиянақты дамуымен ерекшеленеді.

Талдамалы корреспонденцияда тілші оқырманмен бірлесе отырып бірқатар деректерді талдайды, салыстырады, қатар қояды, бағалайды. Егер мақала құрылымы өз еркінде болса, корреспонденцияда айдар, кіріспе, негізгі бөлім және соңы болады. Бұл жанрдың әр түрі бастамалары болады: сюжеттік, ақпараттық, мәселелік.

Барлық газет жанрларының кезеңдің басылымдар үшін өз орны мен маңызды мәні бар. Әрбір жанр анықталған міндеттерді орындайды. Ақпараттық корреспонденция – қандай да бір дерек арқылы оқиғаларды хабарлайды.

Талдамалы жанрлар (әсіресе, деректер мен комментарийлер, корреспонденция, мақала, бейне, шолу, журналистік зерттеу) қандай да бір маңызды мәселені, тақырыпты зерттейді, сондай-ақ, қоғамның дамуы мен өзге де оқиғаларға нақты талдау жасап береді.

Талдамалы жанрлар деркетері баспасөз материалдарының  негізі болып табылады. Авторлық ұстаным, тезис, қорытынды, зерттеулер тізбенің логикалық құрылуының талдамалы жанрларының негізін көрсетеді. Сонымен қатар, әрбір жанрдың өзінің негіздемесі, ерекшелігі, айырмашылығы болады.

 

Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева

«Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.