Қандастар Ассамблея

Баспасөздегі корреспонденция

11.09.2013 11352
Корреспонденция негізіне өзалдына бөлек, әлеуметтік маңызы бар оқиға алынады. Журналистің оқиға оратсында болуы маңызды емес, ол оқиғаны көзімен көрген, басы-қасында болған куәгерлердің әңгімесінен, не болмаса дерек көздерінен сүйеніп жазуына болады. Қазіргі таңда кейбір зерттеушілер корреспонденцияның екі тобын бөліп көрсетеді – ақпаратық және талдамалы. Алайда, ақпараттық корреспонденцияның өзінде талдамалы жанр элементтері, яғни бағалау, болжау және тағы басқа кездеседі. Сондықтан да корреспонденцияны талдамалы жанрға жатқызған дұрыс. Орыс ғалымы Н.Голядкин жанрды қалыптастыратын манадай белгілерді атайды: - зерттеу құралы ретінде проблемалық тұтастықтағы жеке жағдай; - нақты жағдайды талдау негізіндегі ағымдағы болмыстың даму заңдылықтарын табу; - дерек мәтінінің негізі ретінде, оны түсіндіру; - жүйеленген деректердің қорытудың шығатын авторлық ой-пікір: - айқын көрсетілген тізбек, тезис, дәлелдеме, айғақ, қорытынды. Корреспонденция – публицистикадағы кең тараған жанр. Бұл жанр баспасөздің пайда болуымен қатар дамыды. ХІХ ғасырдағы қазақ баспасөзінде корреспонденция жанрындағы материалдар алғашқы мерзімдік басылымдарда жарық көре бастады. «Дала цәлаяты», «Түркістан уәлаяты», «Қазақ» т.б. газет-журналдарда корреспонденция жанрындағы материалдар жеке айдар болып қалыптасты. Газетті корреспонденциясыз көз алдымызға елестету қиын. Бұл жанр мақаламен қатар газетте аса маңызды рөл атқарады. Корреспонденция – журналистің зерттейтін әлеуметтік мәні бар мәселе жайлы туындысы, уақытпен шектелген публицистиканың жанры. Корреспонденцияның ерекшеліктері төмендегідей: - корреспонденцияның шындық бейнесін айқындайтын басты әдісі – болып жатқан оқиға жайлы хабардар ету, жеңіл түрде есеп беру, кейде үгіттеу элементі орын алады; - корреспонденция дағы шындық бейнесін айқындайтын басты әдіс – болып жатқан оқиғаны бағалау, қосымша ретінде құжаттарды зерттеу, сонымен қатра, журанлистің өзіндік көзқарасы; - корреспонденциядағы шындық белгілі бір аудиторияны қамтиды. - корреспонденцияда бейнелеу, суреттеу құралдары қолданылады; Жалпы корреспонденцияның міндеттерін былай сипаттауға болады: -қазіргі шындықты зерттеудегі заңдылықты анықтау; - қоғамда болып жатқан оқиғалармен байланысын анықтау; - толық түрдегі нақты құбылыстарын көрсету; - тәжірибені белгілі бір тақырып бойынша зерттеу. Корреспонденцияның мазмұны нақты айғақтардың шеңберімен, соған байланысты дәлелдерді қамтиды. Корреспонденцияда не? қайда? қашан? деген сұрақтарға жауап бере отырып, оқиғаны баяндау жеткіліксіз және оның мазмұнын мәліметтермен кеңейтіп толықтырып отыру қажет. Бұқаралық ақпарат құралдары әжірибесінде корреспонденцияның түрлері көп, соның негізі үш түрі кезеседі. Ақпараттық корреспонденция. Корреспонденцияның бұл түрі оқиғаның, не құбылыстың уақыты мен орыны байланысқан хабардың мазмұнын көрсетеді. Ақпараттық корреспонденция – бұл кеңейтілген мақала. Не? қайда? қашан? деген сұрақтарға жауап оқиғаның кейіпкерлері жайлы мәліметтермен, оқиғаға дейінгі және кейінгі мәліметтермен толықтырылады. Талдау және қорытындылау корреспонденцияда аса маңызды рөл атқармайды. Басты талап – оқиғаны нақты, байланысқан түрде, дер кезінде жеткізу. Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева «Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.

Корреспонденция негізіне өзалдына бөлек, әлеуметтік маңызы бар оқиға алынады. Журналистің оқиға оратсында болуы маңызды емес, ол оқиғаны көзімен көрген, басы-қасында болған куәгерлердің әңгімесінен, не болмаса дерек көздерінен сүйеніп жазуына болады.

Қазіргі таңда кейбір зерттеушілер корреспонденцияның екі тобын бөліп көрсетеді – ақпаратық және талдамалы. Алайда, ақпараттық корреспонденцияның өзінде талдамалы жанр элементтері, яғни бағалау, болжау және тағы басқа кездеседі. Сондықтан да корреспонденцияны талдамалы жанрға жатқызған дұрыс. Орыс ғалымы Н.Голядкин жанрды қалыптастыратын манадай белгілерді атайды:

- зерттеу құралы ретінде проблемалық тұтастықтағы жеке жағдай;

- нақты жағдайды талдау негізіндегі ағымдағы болмыстың даму заңдылықтарын табу;

- дерек мәтінінің негізі ретінде, оны түсіндіру;

- жүйеленген деректердің қорытудың шығатын авторлық ой-пікір:

- айқын көрсетілген тізбек, тезис, дәлелдеме, айғақ, қорытынды.

Корреспонденция – публицистикадағы кең тараған жанр. Бұл жанр баспасөздің пайда болуымен қатар дамыды. ХІХ ғасырдағы қазақ баспасөзінде корреспонденция жанрындағы материалдар алғашқы мерзімдік басылымдарда жарық көре бастады. «Дала цәлаяты», «Түркістан уәлаяты», «Қазақ» т.б. газет-журналдарда корреспонденция жанрындағы материалдар жеке айдар болып қалыптасты. Газетті корреспонденциясыз көз алдымызға елестету қиын. Бұл жанр мақаламен қатар газетте аса маңызды рөл атқарады. Корреспонденция – журналистің зерттейтін әлеуметтік мәні бар мәселе жайлы туындысы, уақытпен шектелген публицистиканың жанры. Корреспонденцияның ерекшеліктері төмендегідей:

- корреспонденцияның шындық бейнесін айқындайтын басты әдісі – болып жатқан оқиға жайлы хабардар ету, жеңіл түрде есеп беру, кейде үгіттеу элементі орын алады;

- корреспонденция дағы шындық бейнесін айқындайтын басты әдіс – болып жатқан оқиғаны бағалау, қосымша ретінде құжаттарды зерттеу, сонымен қатра, журанлистің өзіндік көзқарасы;

- корреспонденциядағы шындық белгілі бір аудиторияны қамтиды.

- корреспонденцияда бейнелеу, суреттеу құралдары қолданылады;

Жалпы корреспонденцияның міндеттерін былай сипаттауға болады:

-қазіргі шындықты зерттеудегі заңдылықты анықтау;

- қоғамда болып жатқан оқиғалармен байланысын анықтау;

- толық түрдегі нақты құбылыстарын көрсету;

- тәжірибені белгілі бір тақырып бойынша зерттеу.

Корреспонденцияның мазмұны нақты айғақтардың шеңберімен, соған байланысты дәлелдерді қамтиды. Корреспонденцияда не? қайда? қашан? деген сұрақтарға жауап бере отырып, оқиғаны баяндау жеткіліксіз және оның мазмұнын мәліметтермен кеңейтіп толықтырып отыру қажет. Бұқаралық ақпарат құралдары әжірибесінде корреспонденцияның түрлері көп, соның негізі үш түрі кезеседі.

Ақпараттық корреспонденция. Корреспонденцияның бұл түрі оқиғаның, не құбылыстың уақыты мен орыны байланысқан хабардың мазмұнын көрсетеді. Ақпараттық корреспонденция – бұл кеңейтілген мақала. Не? қайда? қашан? деген сұрақтарға жауап оқиғаның кейіпкерлері жайлы мәліметтермен, оқиғаға дейінгі және кейінгі мәліметтермен толықтырылады. Талдау және қорытындылау корреспонденцияда аса маңызды рөл атқармайды. Басты талап – оқиғаны нақты, байланысқан түрде, дер кезінде жеткізу.

Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева

«Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.