Қандастар Ассамблея

Ақпараттық жанр туралы түсінік

10.09.2013 17552
Барлық журналистік шығармалардың негізі – дерек болып табылады. Дерек – бұл орын алған оқиға. Деректер ақпараттың негізі болып табылады. Деректер: нақты, таза шындыққа құрылған, қоғамдық мәнге ие және қарапайым қасиеттерге ие болуы тиіс. Деректерден ақпарат қалыптасады: Ақпаратты қабылдау стереотипінің үш сатысы бар: Бірінші сатысы – ақпарат санаға онша әсер етпей тек бір сәтке ғана реципиенттің қиялын қобалжытады. Екінші сатысы – ақпарат сана мен сезімге сәл әсер етеді, реципиенттің назарын аудартады. Үшінші саты – сана-сезімде қалған ақпарат, ол реципиентте нақты әрекетпен аяқталатын, шындық негізінде белсенді шығармашылық лебіз туғызады. Ақпараттық жанрлар «телеграфтық стльдегі» нақты деректердің нақты уақыт контекстінде мазмұндалатын, ақпаратты тасмалдаудың ерекше әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Ақпараттық жарнларға жататындар: хроникалық ақпарат, кеңейтілген ақпарат, қысқа жазба, есеп, эпистолярлық жанр, сұхпат және репортаж. Хроникалық ақпарат – не? Қашан? Қайда? Деген сұрақтарға жауап береді және 2-15 жолға дейінгі көлемге ие болады. Ресми және ресми емес газеттердің бірінші-екінші жолақтарында басылады. Хроникалық ақпараттың тілі – әдеби, стилі – құрғақ, ресми сарында жазылады. Кеңейтілген ақпараттың көлемі 30-150 жол. Хроникалық ақпаратқа қарағанда мұнда түсініктеме болуы мүмкін. Түсініктеме – бұл деректің кеңейтілген түсінігі, оның түсініксіз немесе нақтыланбаған жақтарын түсіндіру. Түсініктеменің түрлері: Кеңейтілген түсініктеме – деректің кеңейтіліп түсіндірілуі. Маманның түсініктемесі – дерек маманмен, одан әрі құзыретті адаммен түсіндіріледі. Полярлы түсініктеме – дәл осы саланың бірнеше мамандарымен деректің түсіндірілуі. Синхронды түсініктеме – айту барысында тілші мәтінімен түсіндіоілуі. Нақты түсініктеме – ұсақ бөлшектеріне дейін деректерді түсіндіру. Кеңейтілген түсініктемеде сондай-ақ қосымша бөлшектер, кейіпкер және тағы басқалар болуы мүмкін. Қысқа жазба – журналистикадағы ең ескі жанр. Хроникалық және кеңейтілген ақпараттан қысқа жазба авторлық прзициясымен ерекшелінеді. Өйткені оның негізі – оқырманның хаты болып табылады. Егер ақпаратта уақыт факторы маңызды болса, қызқа жазбада әртүрлі уақыт өлшеміндегі деректің өзі маңызды. Ілікпе сөз – бұл қандай-да бір сөз сөйлеуге қысқаша сезімдік лебіз. Ілікпе сөздің негізгі қасиеті көңіл болып табылады. Эпистолярлық жанр – бұл оқырмандардың хаттары, журналистиканың белсенді жанрларының бірі. Хаттар барлық кезең мен дәуірде, журналистиканың пайда болуының алғашқы күндерінен бастап барлық материалдардың негізі болды. Эпистолярлық жанр түрлері: ұсыным-хат, өтініш-хат, сұрақ-хат, жауап-хат, ашық-хаттағы басқа болып бөлінеді. Меңдігүл Шындалиева «Публцистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.

Барлық журналистік шығармалардың негізі – дерек болып табылады. Дерек – бұл орын алған оқиға. Деректер ақпараттың негізі болып табылады. Деректер: нақты, таза шындыққа құрылған, қоғамдық мәнге ие және қарапайым қасиеттерге ие болуы тиіс.

Деректерден ақпарат қалыптасады:

Ақпаратты қабылдау стереотипінің үш сатысы бар:

  1. Бірінші сатысы – ақпарат санаға онша әсер етпей тек бір сәтке ғана реципиенттің қиялын қобалжытады.
  2. Екінші сатысы – ақпарат сана мен сезімге сәл әсер етеді, реципиенттің назарын аудартады.
  3. Үшінші саты – сана-сезімде қалған ақпарат, ол реципиентте нақты әрекетпен аяқталатын, шындық негізінде белсенді шығармашылық лебіз туғызады.

Ақпараттық жанрлар «телеграфтық стльдегі» нақты деректердің нақты уақыт контекстінде мазмұндалатын, ақпаратты тасмалдаудың ерекше әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Ақпараттық жарнларға жататындар: хроникалық ақпарат, кеңейтілген ақпарат, қысқа жазба, есеп, эпистолярлық жанр, сұхпат және репортаж.

Хроникалық ақпарат – не? Қашан? Қайда? Деген сұрақтарға жауап береді және 2-15 жолға дейінгі көлемге ие болады. Ресми және ресми емес газеттердің бірінші-екінші жолақтарында басылады. Хроникалық ақпараттың тілі – әдеби, стилі – құрғақ, ресми сарында жазылады.

Кеңейтілген ақпараттың көлемі 30-150 жол. Хроникалық ақпаратқа қарағанда мұнда түсініктеме болуы мүмкін. Түсініктеме – бұл деректің кеңейтілген түсінігі, оның түсініксіз немесе нақтыланбаған жақтарын түсіндіру. Түсініктеменің түрлері:

  1. Кеңейтілген түсініктеме – деректің кеңейтіліп түсіндірілуі.
  2. Маманның түсініктемесі – дерек маманмен, одан әрі құзыретті адаммен түсіндіріледі.
  3. Полярлы түсініктеме – дәл осы саланың бірнеше мамандарымен деректің түсіндірілуі.
  4. Синхронды түсініктеме – айту барысында тілші мәтінімен түсіндіоілуі.
  5. Нақты түсініктеме – ұсақ бөлшектеріне дейін деректерді түсіндіру.

Кеңейтілген түсініктемеде сондай-ақ қосымша бөлшектер, кейіпкер және тағы басқалар болуы мүмкін.

Қысқа жазба – журналистикадағы ең ескі жанр. Хроникалық және кеңейтілген ақпараттан қысқа жазба авторлық прзициясымен ерекшелінеді. Өйткені оның негізі – оқырманның хаты болып табылады. Егер ақпаратта уақыт факторы маңызды болса, қызқа жазбада әртүрлі уақыт өлшеміндегі деректің өзі маңызды.

Ілікпе сөз – бұл қандай-да бір сөз сөйлеуге қысқаша сезімдік лебіз. Ілікпе сөздің негізгі қасиеті көңіл болып табылады.

Эпистолярлық жанр – бұл оқырмандардың хаттары, журналистиканың белсенді жанрларының бірі. Хаттар барлық кезең мен дәуірде, журналистиканың пайда болуының алғашқы күндерінен бастап барлық материалдардың негізі болды. Эпистолярлық жанр түрлері: ұсыным-хат, өтініш-хат, сұрақ-хат, жауап-хат, ашық-хаттағы басқа болып бөлінеді.

Меңдігүл Шындалиева

«Публцистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.

Ұқсас материалдар