Қандастар Ассамблея

Қазақтың салт-дәстүрі Астраханда таныстырылды

09.09.2013 7827
Ресейдің Астарахан қаласында «Шығыс пен Батыс: этникалық үйлесімділік пен дәстүрлі музыкалық мұра өркениеттер мен мәдениеттер диалогы ретінде» тақырыбындағы ІІ Халықаралық ғылыми конгресс өз жұмысын аяқтады,-деп хабарлайды «Айқын» газетінің тілшісі.  17 елден келген 40-қа жуық қатысушы мәдени мұраны сақтау ісіндегі өз тәжірибелерімен бөлісті. Конгрестің соңғы күні Құрманғазы Сағырбаев атындағы аймақтық орталықта өтті. Қонақтарды Қазақстан Республикасының Астрахандағы консулы Асхат Сыздықов қарсы алды. Құттықтау сөзінде ол ұлттар мен ұлыстарды мәдениет біріктіреді деп атап өтті. «Музыка, әсем әндер арқылы халықтың жан-дүниесін, ұлттық ерекшеліктерін байқауға болады. Бүгін біз сіздерге қазақ халқының тұрмысын, салт-дәстүрлері мен ұлттық шығармашылығын таныстыруға тырыстық. Конгресс Еуропа мен Азия арасындағы мәдени байланыстарды одан әрі нығайта түседі деп сенемін», - деді ол. Конгресс қатысушылары Құрманғазы мұражайын ерекше атап өтіп, «Шашу», «Беташар» секілді қазақтың ұлттық салттарымен, қазақтың декоративті қолданбалы өнерімен танысуға мүмкіндік алды.    BAQ.KZ

Ресейдің Астарахан қаласында «Шығыс пен Батыс: этникалық үйлесімділік пен дәстүрлі музыкалық мұра өркениеттер мен мәдениеттер диалогы ретінде» тақырыбындағы ІІ Халықаралық ғылыми конгресс өз жұмысын аяқтады,-деп хабарлайды «Айқын» газетінің тілшісі. 

17 елден келген 40-қа жуық қатысушы мәдени мұраны сақтау ісіндегі өз тәжірибелерімен бөлісті.
Конгрестің соңғы күні Құрманғазы Сағырбаев атындағы аймақтық орталықта өтті. Қонақтарды Қазақстан Республикасының Астрахандағы консулы Асхат Сыздықов қарсы алды. Құттықтау сөзінде ол ұлттар мен ұлыстарды мәдениет біріктіреді деп атап өтті.
«Музыка, әсем әндер арқылы халықтың жан-дүниесін, ұлттық ерекшеліктерін байқауға болады. Бүгін біз сіздерге қазақ халқының тұрмысын, салт-дәстүрлері мен ұлттық шығармашылығын таныстыруға тырыстық. Конгресс Еуропа мен Азия арасындағы мәдени байланыстарды одан әрі нығайта түседі деп сенемін», - деді ол.
Конгресс қатысушылары Құрманғазы мұражайын ерекше атап өтіп, «Шашу», «Беташар» секілді қазақтың ұлттық салттарымен, қазақтың декоративті қолданбалы өнерімен танысуға мүмкіндік алды.

 

 BAQ.KZ

Ұқсас материалдар