Қандастар Ассамблея

«Атамекен» кешені өзінің құрылған күнін атап өтті

09.09.2013 1780
«Атамекен» Қазақстан Картасына этно-мемориалдық кешені өзінің құрылған күнін атап өтті. Айтулы іс-шара барысында «Отбасыммен мұражайға барамын» атты акция өтті. Астана қаласының тұрғындары мен қала қонақтары аталған акцияға қатысып, кешенді тамашалады. Қазақстанның әр өңірлеріндегі тарихи ескерткіштері мен мәдени мұраларының картасына аралаған қонақтар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Сәбира Нығметова, қала тұрғыны: - Біз отбасымызбен бүгінгі демалысты осы кешенде өткізуді ұйғардық. Қаламыздағы ең көрікті әрі бай тарихи қазынасы бар осындай мәдени орындар біздің мақтанышымыз. Ерекше атап өткім келетіні қаланың барлық тұрғындары «Атамекен» кешеніне келіп, өздерінің бос уақытын тиімді өткізсе екен. Бұл жерге келіп демаласыз, танымыңызды арттырасыз. Еліміздің тарихынан көп хабардар ететін ұжымның жұмысына сәттілік тілеймін. Аталған іс-шараның соңында қонақтарға естелік кітаптар, ұялы телефондар, бейнетехникалық құрылғылар сыйға берілді. Балаларға тәттілер таратылып, ашық аспан астындағы мұражайға келушілер эстрада жұлдыздарының концертін тамашалады. Нұрсерік ЖОЛБАРЫС Baq. kz

«Атамекен» Қазақстан Картасына этно-мемориалдық кешені өзінің құрылған күнін атап өтті.

Айтулы іс-шара барысында «Отбасыммен мұражайға барамын» атты акция өтті. Астана қаласының тұрғындары мен қала қонақтары аталған акцияға қатысып, кешенді тамашалады. Қазақстанның әр өңірлеріндегі тарихи ескерткіштері мен мәдени мұраларының картасына аралаған қонақтар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Сәбира Нығметова, қала тұрғыны:
- Біз отбасымызбен бүгінгі демалысты осы кешенде өткізуді ұйғардық. Қаламыздағы ең көрікті әрі бай тарихи қазынасы бар осындай мәдени орындар біздің мақтанышымыз. Ерекше атап өткім келетіні қаланың барлық тұрғындары «Атамекен» кешеніне келіп, өздерінің бос уақытын тиімді өткізсе екен. Бұл жерге келіп демаласыз, танымыңызды арттырасыз. Еліміздің тарихынан көп хабардар ететін ұжымның жұмысына сәттілік тілеймін.

Аталған іс-шараның соңында қонақтарға естелік кітаптар, ұялы телефондар, бейнетехникалық құрылғылар сыйға берілді. Балаларға тәттілер таратылып, ашық аспан астындағы мұражайға келушілер эстрада жұлдыздарының концертін тамашалады.

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС
Baq. kz

Ұқсас материалдар