Қандастар Ассамблея

ШҚО-да «Мейірім» акциясы жетім балаларға баспана алуға мүмкіндік бермек

08.09.2013 2903
Шығыс Қазақстан облысында бір жыл бұрын «Мейірім» акциясы бастау алды, оның аясында жетім балалар жұмысқа тұрып, пәтер алу мүмкіндігіне ие болмақ. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Садықова хабарлады. «Облыста екінші жыл жетім балаларды қолдау бойынша кешенді жоспар жүзеге асырылуда. Ол бұл балаларды қоғамда бейімдеуді көздейді. Бұл жоспардың ең басты бағыты - бұл «Мейірім» акциясы. Оған ірі және шағын бизнес кәсіпорындарын қоса алғанда, облыстың барлық дерлік кәсіпорындары қатысады. Яғни, бірінші кезеңде әрбір баланы бір кәсіпорын қамқорлығына алады. Бұл ұйым жылына бір рет бір күндік жалақыны «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дағы баланың есепшотына аударады», - дейді ол. Оның айтуынша, әрі қарай баланы қамқорлығына алған ұйым онымен тығыз жұмыс жасайды. Балаға болашақта мамандық таңдауына көмектесіп, кейін оны компанияға жұмысқа алу мүмкіндігін қарастырады. «Осы кезеңде бұл ұйым жыл сайын баланың есепшотына қаражат аударады. Осылайша жұмысқа орналасқаннан кейін бала пәтер алу мүмкіндігіне ие болады. Яғни, есепшотында қаражат болған соң, кейін ол баспана алу үшін несие рәсімдей алады», - деп тоқталды Айжан Садықова. Акция ұйымдастырушыларының айтуынша, бұл жоба әзірге ШҚО-да ғана жүзеге асырылып жатыр. Бірақ олар өзге өңірлермен тәжірибе бөлісуге әзір. «Қазіргі уақытта 1688 баланы облыс кәсіпорындары қамқорлыққа алды. Бүгінгі күні олардың есепшоттарына 76 млн теңге аударылған. Біз жобаның екінші кезеңіне кірістік. Қазір 55 бала 10 мамандық бойынша оқып жатыр, олар кейін жұмысқа орналастырылады. Десек те, біз кішкентай балаларға ерекше назар аударып отырмыз. Өйткені олар оқуларын бітіргенше, есепшоттарындағы жинақтары әжептәуір болады», - деп түйіндеді білім басқармасының өкілі.   Айымгүл ӘБІЛЕВА

Шығыс Қазақстан облысында бір жыл бұрын «Мейірім» акциясы бастау алды, оның аясында жетім балалар жұмысқа тұрып, пәтер алу мүмкіндігіне ие болмақ. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Садықова хабарлады.

«Облыста екінші жыл жетім балаларды қолдау бойынша кешенді жоспар жүзеге асырылуда. Ол бұл балаларды қоғамда бейімдеуді көздейді. Бұл жоспардың ең басты бағыты - бұл «Мейірім» акциясы. Оған ірі және шағын бизнес кәсіпорындарын қоса алғанда, облыстың барлық дерлік кәсіпорындары қатысады. Яғни, бірінші кезеңде әрбір баланы бір кәсіпорын қамқорлығына алады. Бұл ұйым жылына бір рет бір күндік жалақыны «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дағы баланың есепшотына аударады», - дейді ол.

Оның айтуынша, әрі қарай баланы қамқорлығына алған ұйым онымен тығыз жұмыс жасайды. Балаға болашақта мамандық таңдауына көмектесіп, кейін оны компанияға жұмысқа алу мүмкіндігін қарастырады.

«Осы кезеңде бұл ұйым жыл сайын баланың есепшотына қаражат аударады. Осылайша жұмысқа орналасқаннан кейін бала пәтер алу мүмкіндігіне ие болады. Яғни, есепшотында қаражат болған соң, кейін ол баспана алу үшін несие рәсімдей алады», - деп тоқталды Айжан Садықова.

Акция ұйымдастырушыларының айтуынша, бұл жоба әзірге ШҚО-да ғана жүзеге асырылып жатыр. Бірақ олар өзге өңірлермен тәжірибе бөлісуге әзір.

«Қазіргі уақытта 1688 баланы облыс кәсіпорындары қамқорлыққа алды. Бүгінгі күні олардың есепшоттарына 76 млн теңге аударылған. Біз жобаның екінші кезеңіне кірістік. Қазір 55 бала 10 мамандық бойынша оқып жатыр, олар кейін жұмысқа орналастырылады. Десек те, біз кішкентай балаларға ерекше назар аударып отырмыз. Өйткені олар оқуларын бітіргенше, есепшоттарындағы жинақтары әжептәуір болады», - деп түйіндеді білім басқармасының өкілі.

 

Айымгүл ӘБІЛЕВА

Ұқсас материалдар