Қандастар Ассамблея

Мүліктік құқық

06.09.2013 6905
Мүліктік құқық – иеленушінің өз шаруашылық аясындағы мүлікті тікелей қолдану арқылы мүддесіне жетуді қамтамасыз ететін заңды мүмкіндігі. Мүліктік құқық мына негіздер арқылы пайда болады: біріншіден,  міндеттемеге қатысу; екіншіден, интеллектуалдық меншік объектісін иелену. Міндеттемеге сәйкес бір адамның басқа адамның пайдасына мүлік беруі, жұмыс атқаруы, ақша төлеуі және басқа да сол сияқты әрекеттер жасауға міндетті, ал несиегер борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Міндеттемелер шарттан, зиян келтіруден және өзге де негіздерден пайда болады. Қарызға ақша алған адам борышқор болса, қарыз беруші несиегер болып саналады. Бұл міндеттеме негізінде несиегер Мүліктік құқық иеленіп, борышқордан қарыз ақшаны қайтаруын талап ету мүмкіндігін алады. Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемеде Мүліктік құқыққа жәбірленген адам ие болады. Интеллектуалдық меншік объектілеріне деген Мүліктік құқық олар жасалған мезетте және кейбір түрлері өкілетті мемлекеттік орган тіркеген сәттен бастап пайда болады. Жазушы өзінің көркем шығармасын қолжазба түрінде дайындаған сәттен бастап туындыгер болып танылады да, жеке мүліктік емес және Мүліктік құқыққа ие болады. Көркем шығармаға деген Мүліктік құқыққа ие болу үшін тиісті органға тіркету, сараптамадан өткізу секілді қосымша талаптар жоқ. Ал өнеркәсіптік меншік объектілеріне (өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгіге) деген Мүліктік құқық сараптамадан өткізіліп, тиісті өкілетті органға тіркелген авторлықты қуаттайтын құжат – патент алған кезде пайда болады. Мұндағы интеллектуалдық меншік объектілеріне деген Мүліктік құқықтың мазмұны сол объектілерді пайдаланғаны үшін басқа тұлғалардан ақы төлеуін талап ету мүмкіндігінен тұрады. Міндеттемелік құқықта құқықты тұлға мүддесі міндетті тұлғаның әрекеті арқылы орындалатын болса, Мүліктік құқық аясында құқықты тұлғаның мүддесі өз әрекеті арқылы орындалады, сондықтан міндетті тұлғалардың қимыл-қарекеті бірінші кезекте емес. Өйткені олар тек құқықты тұлғаның өз құқығын өзінің жүзеге асыруына кедергі келтірмеуге тиіс. Мұндай міндетін бұзған тұлға сол заматта мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының күшімен сабасына түсіп, құқықбұзушылықтың салдарын ретке келтіреді. Дегенменен бұл екі бағытта да субъективті құқықтың жүзеге асуына міндетті тұлғаның оңды қимыл-қарекеті негіз болады. "Қазақ энцклопедиясы-VI"

Мүліктік құқық – иеленушінің өз шаруашылық аясындағы мүлікті тікелей қолдану арқылы мүддесіне жетуді қамтамасыз ететін заңды мүмкіндігі. Мүліктік құқық мына негіздер арқылы пайда болады: біріншіден,  міндеттемеге қатысу; екіншіден, интеллектуалдық меншік объектісін иелену. Міндеттемеге сәйкес бір адамның басқа адамның пайдасына мүлік беруі, жұмыс атқаруы, ақша төлеуі және басқа да сол сияқты әрекеттер жасауға міндетті, ал несиегер борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Міндеттемелер шарттан, зиян келтіруден және өзге де негіздерден пайда болады. Қарызға ақша алған адам борышқор болса, қарыз беруші несиегер болып саналады. Бұл міндеттеме негізінде несиегер Мүліктік құқық иеленіп, борышқордан қарыз ақшаны қайтаруын талап ету мүмкіндігін алады. Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемеде Мүліктік құқыққа жәбірленген адам ие болады. Интеллектуалдық меншік объектілеріне деген Мүліктік құқық олар жасалған мезетте және кейбір түрлері өкілетті мемлекеттік орган тіркеген сәттен бастап пайда болады. Жазушы өзінің көркем шығармасын қолжазба түрінде дайындаған сәттен бастап туындыгер болып танылады да, жеке мүліктік емес және Мүліктік құқыққа ие болады. Көркем шығармаға деген Мүліктік құқыққа ие болу үшін тиісті органға тіркету, сараптамадан өткізу секілді қосымша талаптар жоқ. Ал өнеркәсіптік меншік объектілеріне (өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгіге) деген Мүліктік құқық сараптамадан өткізіліп, тиісті өкілетті органға тіркелген авторлықты қуаттайтын құжат – патент алған кезде пайда болады. Мұндағы интеллектуалдық меншік объектілеріне деген Мүліктік құқықтың мазмұны сол объектілерді пайдаланғаны үшін басқа тұлғалардан ақы төлеуін талап ету мүмкіндігінен тұрады. Міндеттемелік құқықта құқықты тұлға мүддесі міндетті тұлғаның әрекеті арқылы орындалатын болса, Мүліктік құқық аясында құқықты тұлғаның мүддесі өз әрекеті арқылы орындалады, сондықтан міндетті тұлғалардың қимыл-қарекеті бірінші кезекте емес. Өйткені олар тек құқықты тұлғаның өз құқығын өзінің жүзеге асыруына кедергі келтірмеуге тиіс. Мұндай міндетін бұзған тұлға сол заматта мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының күшімен сабасына түсіп, құқықбұзушылықтың салдарын ретке келтіреді. Дегенменен бұл екі бағытта да субъективті құқықтың жүзеге асуына міндетті тұлғаның оңды қимыл-қарекеті негіз болады.

"Қазақ энцклопедиясы-VI"

Ұқсас материалдар