Қандастар Ассамблея

Қазақ футболының 100 жылдығы Семейде өтеді

06.09.2013 2457
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі еліміздің Футбол федерациясы мен Спорт және дене шынықтыру агенттігі мамандарымен бірлесе отырып, қыркүйектің 21-22-сі күндері Семей қаласында Қазақстан футболының 100 жылдығына арналған мерекелік шара ұйымдастырмақ. Бұл жөнінде аталған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Орталық коммуникациялық қызметінде өткен БАҚ өкілдерімен болған брифинг барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.  Осы шара аясында ғылыми-тәжірибелік конференция, республикалық велошеру, волейбол фестивальі, қазақ күресінен екінші республикалық турнир және футболдан миллиондар кубогының ақтық сайысы болады деп күтілуде. Ал мерейтойға қонақ ретінде әйгілі командаларының ардагерлері мен UEFA өкілдері де шақырылған. Естеріңізге сала кетейік, елімізде тұңғыш «Жарыс» футбол командасы Семей қаласында құрылып, оның алғашқы ойыншыларының бірі ретінде заманымыздың заңғар жазушысы – Мұхтар Әуезов доп тепкен болатын.   Нұрлыбек ДОСЫБАЙ  

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі еліміздің Футбол федерациясы мен Спорт және дене шынықтыру агенттігі мамандарымен бірлесе отырып, қыркүйектің 21-22-сі күндері Семей қаласында Қазақстан футболының 100 жылдығына арналған мерекелік шара ұйымдастырмақ. Бұл жөнінде аталған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Орталық коммуникациялық қызметінде өткен БАҚ өкілдерімен болған брифинг барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 

Осы шара аясында ғылыми-тәжірибелік конференция, республикалық велошеру, волейбол фестивальі, қазақ күресінен екінші республикалық турнир және футболдан миллиондар кубогының ақтық сайысы болады деп күтілуде. Ал мерейтойға қонақ ретінде әйгілі командаларының ардагерлері мен UEFA өкілдері де шақырылған.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде тұңғыш «Жарыс» футбол командасы Семей қаласында құрылып, оның алғашқы ойыншыларының бірі ретінде заманымыздың заңғар жазушысы – Мұхтар Әуезов доп тепкен болатын.

 

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ

 

Ұқсас материалдар