Қандастар Ассамблея

"31 арна" телеранасы

05.09.2013 4141
«31 арна» - Эфирде 18 жыл! Осы жылдар бойы телеарна миллиондаған қазақстандық көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап келеді. Жыл сайын арнаның танымалдылығы арта түсуде. TNS Gallop Media мәліметтеріне сәйкес, 2011 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша, «6-54 Жас» көрермендері арасында арнаның үлесі 19%-ды құрады. Бұл «31 арна» тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Үшінші тоқсанда, көрермен үлесі бойынша «31 арна» таяу бәсекелесін басып озып, ұстанымын нығайтып, Қазақстан нарығында екінші орынды иеленді. 1992 жылы 12 сәуірде «31 арна» хабар тарата бастады. 2001 жылдың 1 ақпанында ТРК «31 арна» Қазақстанның 14 қаласында жалпыұлттық тележелісін құрды. 2008 жылдың 1 наурызынан бастап «31 арнаның» хабарлар реті жаңа ойын-сауықтық үлгіге көшті: «31 арна» телерадиокомпаниясы мен «СТС Медиа», жаңа холдинг – «31 арна» компаниялар тобын құру туралы келісім-шарт жасасты. Қазір бағдарламалар реті, арнайы «31 арна» үшін жасалған және алынған, жергілікті және шетелдік бағдарламалық өнімдерден тұрады. Эфирдегі хабарлардың басым бөлігі телеарнаның қазақ тіліндегі өз өнімдері. Көрермендердің «31 арна» жобаларына деген қызығушылығы үнемі өсіп келеді. Оның да өз себебі бар! Біздің арна телеөнімдердің жаңашылдығы мен сапасына баса назар аударады. «31 арнаның» негізгі көрермендері 6 мен 54 жас аралығындағы белсенді жандар. Біздің арнамыздан еңбектеген баладан, оқушы, студент, үй шаруасындағы жандар, мемлекеттік қызметкер мен банкир де өзіне қажетті бағдарлама мен фильмді тамашалай алады. Бұл кездейсоқ емес! «31 арна» көрермендердің жиі өзгеріп отыратын қызығушылықтары мен сұраныстарын зерттеп, оны қанағаттандыруға тырысады. Көрермендердің басым бөлігі арнаны жастық пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлаушы ретінде қабылдайды. Себебі, «31» әрбір күніңізді демалысқа, мейрамға айналдырады. Күнделікті күйбең тіршіліктің соңында жүрген жандар бір сәт көгілдір экран алдында көңілі қалаған бағдарламаларын тамашалағысы келері сөзсіз. Сондай сәтте, «31 арна» патша көңілді көрермендедің көңілінен орын алуға барын салады. Тек «31 арна» күнделікті, үздіксіз 100%-ға жарқын қуаныш сыйлайды. «31 арна» эфирінде қазақ және орыс тілдерінде жаңалықтар, тақырыптық және көркем фильмдер, сериалдар ток-шоу, балалар хабарлары мен мәдени-тарихи және ойын-сауық бағдарламалар беріледі. Сапалы әзіл-оспақ жобалары – «31 арнаның» мақтанышы. Қазақ тіліндегі тұңғыш «Әзіл студио» әзіл-оспақ қойылымдары – үш жыл бойы көпшіліктің көңілінен шығып келеді. 2011 жылдың күзінен көрсетіле бастаған «Алға, жастар» әзіл-оспақ жобасы бірден көрерменін баурап әкетті. Бұған қоса «31 арнадағы» қазақ тіліндегі жобалар: «Ризамын», «Қыздар-ай», «Талант-шоу», «Қазақша концерт»,«Ғалам-тоp» жұртышылықтың қызығушылығын тудыруда. Бұл бағдарламалар арнайы біздің көрермендеріміз үшін жасалған және қазақстандықтардың табиғатына жақын әрі, түсінікті. «31 арна» сапалы кино көрсетілімге де баса назар аударады. Дүйсенбі мен жұма аралығында және демалыс күндері көрермендерге әлемге аты әйгілі үздік режиссерлардың, беделді кинофестивальдардың сыйлығын иеленген картиналар және әлемдік кинематографияның классикасына айналған ең тартымды және қызықты фильмдер ұсынылады. 2011 жылы «31 арна» мен Paramount Pictures киностудиясы киноөнімдерді эфирден көрсетуге лицензиялық хұқық беру жөніндегі келісім-шартқа қол қойды. Бұл қазақстанық телеарна мен ірі америкалық кинокомпанияның арасындағы тұңғыш жасалған келісім-шарт. Осы келісімге сәйкес, «31 арна» өз көрермендеріне компанияның жаңа өнімдері мен соңғы жылдардағы танымал фильмдерін ұсынатын тұңғыш әрі жалғыз отандық телеарна. 2011 жылдың күзінде «31 арнаның» жаңалықтар қызметіне 15 жыл толды. Осы уақыт аралығында «Информбюроның» форматы бірнеше рет өзгерді, жаңа айдарлар пайда болды, жүргізушілері ауысты. Бағдарлама еліміздегі кәсіби журналистердің бірнеше толқынын дайындап шығарды. Олар еліміздің саяси және қоғамдық өміріне белсенді араласып, күннің ең өзекті мәселелерін көтерді, маңызды шешімдердің қабылдануына ықпал етіп, жүздеген мұқтаж жандарға көмегін тигізді. Бүгінгі күні де «Информбюро» журналистері өзектілік, өткірлік, сараптама және соны жаңалықтар дайындауды бірінші міндетім деп біледі. Ақпаратты әділ беру, оқиғаларды жедел жария ету, пікір алуандылығы және жарқын бейнелер - «Информбюро» жаңалықтарының басты ұстанымы. Бүгінде «31 арна» пікірлестер ұжымы ғана емес, қызықты да сапалы бағдарламалар дайындайтын біртұтас өндіріс. Арна ұжымы үнемі шығармашылық ізденісте, тартымды да қызықты және игілікті телеарна жасауда.  

«31 арна» - Эфирде 18 жыл! Осы жылдар бойы телеарна миллиондаған қазақстандық көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап келеді. Жыл сайын арнаның танымалдылығы арта түсуде. TNS Gallop Media мәліметтеріне сәйкес, 2011 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша, «6-54 Жас» көрермендері арасында арнаның үлесі 19%-ды құрады. Бұл «31 арна» тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Үшінші тоқсанда, көрермен үлесі бойынша «31 арна» таяу бәсекелесін басып озып, ұстанымын нығайтып, Қазақстан нарығында екінші орынды иеленді.
1992 жылы 12 сәуірде «31 арна» хабар тарата бастады.
2001 жылдың 1 ақпанында ТРК «31 арна» Қазақстанның 14 қаласында жалпыұлттық тележелісін құрды.
2008 жылдың 1 наурызынан бастап «31 арнаның» хабарлар реті жаңа ойын-сауықтық үлгіге көшті: «31 арна» телерадиокомпаниясы мен «СТС Медиа», жаңа холдинг – «31 арна» компаниялар тобын құру туралы келісім-шарт жасасты. Қазір бағдарламалар реті, арнайы «31 арна» үшін жасалған және алынған, жергілікті және шетелдік бағдарламалық өнімдерден тұрады. Эфирдегі хабарлардың басым бөлігі телеарнаның қазақ тіліндегі өз өнімдері. Көрермендердің «31 арна» жобаларына деген қызығушылығы үнемі өсіп келеді. Оның да өз себебі бар! Біздің арна телеөнімдердің жаңашылдығы мен сапасына баса назар аударады. «31 арнаның» негізгі көрермендері 6 мен 54 жас аралығындағы белсенді жандар. Біздің арнамыздан еңбектеген баладан, оқушы, студент, үй шаруасындағы жандар, мемлекеттік қызметкер мен банкир де өзіне қажетті бағдарлама мен фильмді тамашалай алады. Бұл кездейсоқ емес! «31 арна» көрермендердің жиі өзгеріп отыратын қызығушылықтары мен сұраныстарын зерттеп, оны қанағаттандыруға тырысады. Көрермендердің басым бөлігі арнаны жастық пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлаушы ретінде қабылдайды. Себебі, «31» әрбір күніңізді демалысқа, мейрамға айналдырады. Күнделікті күйбең тіршіліктің соңында жүрген жандар бір сәт көгілдір экран алдында көңілі қалаған бағдарламаларын тамашалағысы келері сөзсіз. Сондай сәтте, «31 арна» патша көңілді көрермендедің көңілінен орын алуға барын салады. Тек «31 арна» күнделікті, үздіксіз 100%-ға жарқын қуаныш сыйлайды.
«31 арна» эфирінде қазақ және орыс тілдерінде жаңалықтар, тақырыптық және көркем фильмдер, сериалдар ток-шоу, балалар хабарлары мен мәдени-тарихи және ойын-сауық бағдарламалар беріледі. Сапалы әзіл-оспақ жобалары – «31 арнаның» мақтанышы. Қазақ тіліндегі тұңғыш «Әзіл студио» әзіл-оспақ қойылымдары – үш жыл бойы көпшіліктің көңілінен шығып келеді. 2011 жылдың күзінен көрсетіле бастаған «Алға, жастар» әзіл-оспақ жобасы бірден көрерменін баурап әкетті.
Бұған қоса «31 арнадағы» қазақ тіліндегі жобалар: «Ризамын», «Қыздар-ай», «Талант-шоу», «Қазақша концерт»,«Ғалам-тоp» жұртышылықтың қызығушылығын тудыруда. Бұл бағдарламалар арнайы біздің көрермендеріміз үшін жасалған және қазақстандықтардың табиғатына жақын әрі, түсінікті.
«31 арна» сапалы кино көрсетілімге де баса назар аударады. Дүйсенбі мен жұма аралығында және демалыс күндері көрермендерге әлемге аты әйгілі үздік режиссерлардың, беделді кинофестивальдардың сыйлығын иеленген картиналар және әлемдік кинематографияның классикасына айналған ең тартымды және қызықты фильмдер ұсынылады. 2011 жылы «31 арна» мен Paramount Pictures киностудиясы киноөнімдерді эфирден көрсетуге лицензиялық хұқық беру жөніндегі келісім-шартқа қол қойды. Бұл қазақстанық телеарна мен ірі америкалық кинокомпанияның арасындағы тұңғыш жасалған келісім-шарт. Осы келісімге сәйкес, «31 арна» өз көрермендеріне компанияның жаңа өнімдері мен соңғы жылдардағы танымал фильмдерін ұсынатын тұңғыш әрі жалғыз отандық телеарна.
2011 жылдың күзінде «31 арнаның» жаңалықтар қызметіне 15 жыл толды. Осы уақыт аралығында «Информбюроның» форматы бірнеше рет өзгерді, жаңа айдарлар пайда болды, жүргізушілері ауысты. Бағдарлама еліміздегі кәсіби журналистердің бірнеше толқынын дайындап шығарды. Олар еліміздің саяси және қоғамдық өміріне белсенді араласып, күннің ең өзекті мәселелерін көтерді, маңызды шешімдердің қабылдануына ықпал етіп, жүздеген мұқтаж жандарға көмегін тигізді. Бүгінгі күні де «Информбюро» журналистері өзектілік, өткірлік, сараптама және соны жаңалықтар дайындауды бірінші міндетім деп біледі. Ақпаратты әділ беру, оқиғаларды жедел жария ету, пікір алуандылығы және жарқын бейнелер - «Информбюро» жаңалықтарының басты ұстанымы.

Бүгінде «31 арна» пікірлестер ұжымы ғана емес, қызықты да сапалы бағдарламалар дайындайтын біртұтас өндіріс. Арна ұжымы үнемі шығармашылық ізденісте, тартымды да қызықты және игілікті телеарна жасауда.

 

Ұқсас материалдар