Қандастар Ассамблея

Эмиль Кенжисариевке тағы бір ота жасалады

05.09.2013 2121
Бұдан бұрын хабарланғандай, Эмиль Кенжисариев жан сақтау бөлімінен аурухана бөлмесіне ауыстырылған еді. «Ақтөбе» ойыншысына тағы бір ота жасау қажет екені анықталып отыр, деп хабарлайды Sports.kz. Бірнеше апатадан кейін Кенжисариевке Германия немесе Израил клиникаларының бірінде қайта ота жасалады. Әзірге 25 жастағы футболшының жағдайы сол қалыпында – қалыпты, бірақ денсаулығы түзеле қоймаған. Дәрігерлер науқастың кейде есін жинайтынын, бірақ әзірге сөйлемейтінін айтуда.  Эмилдің клубтастары мен премьер-лиганың өзге клубтарындағы достары қымбат тұратын бұл отаға қаржы жинап беруге ниет танытуда. Оған кем дегенде 50 мың доллар қажет көрінеді. Тек осы отадан кейін ғана Кенжисариевтің алдағы уақытта алаңға қайта оралуы мүмкіндігі туралы сөз қозғауға болады дейді дәрігерлер. BNews.kz

Бұдан бұрын хабарланғандай, Эмиль Кенжисариев жан сақтау бөлімінен аурухана бөлмесіне ауыстырылған еді. «Ақтөбе» ойыншысына тағы бір ота жасау қажет екені анықталып отыр, деп хабарлайды Sports.kz.

Бірнеше апатадан кейін Кенжисариевке Германия немесе Израил клиникаларының бірінде қайта ота жасалады. Әзірге 25 жастағы футболшының жағдайы сол қалыпында – қалыпты, бірақ денсаулығы түзеле қоймаған. Дәрігерлер науқастың кейде есін жинайтынын, бірақ әзірге сөйлемейтінін айтуда. 

Эмилдің клубтастары мен премьер-лиганың өзге клубтарындағы достары қымбат тұратын бұл отаға қаржы жинап беруге ниет танытуда. Оған кем дегенде 50 мың доллар қажет көрінеді. Тек осы отадан кейін ғана Кенжисариевтің алдағы уақытта алаңға қайта оралуы мүмкіндігі туралы сөз қозғауға болады дейді дәрігерлер.

BNews.kz

Ұқсас материалдар