Қандастар Ассамблея

Отбасы күні мерекесінде Астанадағы сауда орындарында жеңілдіктер жасалады

04.09.2013 1917
Отбасы күніне орай қаланың барлық ірі сауда орындарында үлкен жеңілдіктер жасалады. Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы биыл Қазақстанда алғаш рет мерекеленетін Отбасы күніне орай «Арзан баға» акциясын өткізеді, деп хабарлайды astana.kz сайты іс-шараны ұйымдастырушылар сілтеме жасай отырып. Акция аясында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін халық тұтынатын тауарларға айтарлықтай жеңілдіктер жасалады. «Көптеген сауда кәсіпорындары жеңілдіктер жасауды өздері ұсынды. «Бір бағаға екі зат алу», «үшіншісі сыйлыққа» және т.б. акциялары кеңінен танымал»,- деп хабарлайды Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, қыркүйектің 6, 7, 8-і күндері «GREEN», «METRO», «Астықжан», «5 минут», «Алма» секілді ірі сауда орталықтарында және басқа да ойын сауық орталықтарында үлкен жеңілдіктер жасалады. BNews.kz

Отбасы күніне орай қаланың барлық ірі сауда орындарында үлкен жеңілдіктер жасалады. Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы биыл Қазақстанда алғаш рет мерекеленетін Отбасы күніне орай «Арзан баға» акциясын өткізеді, деп хабарлайды astana.kz сайты іс-шараны ұйымдастырушылар сілтеме жасай отырып.

Акция аясында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін халық тұтынатын тауарларға айтарлықтай жеңілдіктер жасалады.

«Көптеген сауда кәсіпорындары жеңілдіктер жасауды өздері ұсынды. «Бір бағаға екі зат алу», «үшіншісі сыйлыққа» және т.б. акциялары кеңінен танымал»,- деп хабарлайды Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, қыркүйектің 6, 7, 8-і күндері «GREEN», «METRO», «Астықжан», «5 минут», «Алма» секілді ірі сауда орталықтарында және басқа да ойын сауық орталықтарында үлкен жеңілдіктер жасалады.

BNews.kz

Ұқсас материалдар