Шоқан Уәлиханов

03.09.2013 10481
Қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы, демократ Шоқан Уәлиханов жайында зерттеулер көп болғанымен, түсірілген фильм біреу ғана.  Ол Асанәлі Әшімов  түсірген «Шоқан Уәлиханов» фильмі еді. Фильм 1985 жылы түсірілді. Басты рөлде өз ұлы Сағи Әшімов болды. Режиссер Сағиды таңдауының себебін былай түсіндіреді: «Өнер адамының табысы өмірімен өлшенбейді. Мүмкін, Сағи менің ашқан жаңалығым болуы да мүмкін. Оның киноға келуі де тосын құбылыс болды. Шоқанды түсірмек болып, кастинг жариялағанбыз. Үміткерлердің бірде-бірі ойдан шықпай, біраз уақыт жүріп алдық. Өзім сыйлайтын Сәбира Майқанованың «Алыстан іздеме. Сағи тұр ғой. Түрі келіп тұр Шоқанға» деген сөзіне мән берген жоқпын. Сөзден қорықтым. Бірде операторлар менің жоқтығымды пайдаланып, Сағиды дайындапты. Аңдап қарасам, мұрты қиылып, Шоқанның өзінен аумай қалыпты. Орталық Комитет те Сағиға тоқтады. Бар болғаны 16 жаста генерал-губернатордың адьютанты болған, Достоевскиймен дос болған Шоқанды сомдау - Сағиға да оңай түспеді».  9-сыныптан бастап киноға түскен Сағи, жалпы саны 30-ға жуық фильмде түрлі рөлдер сомдапты. Бірақ оның атағын аспандатқан рөлі – Шоқан. 22 жасында сомдаған осы рөлі үшін де Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанған. Сағи режиссер әкесімен жұмыс істеймін деп күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылыпты.  Сонда Асанәлі Әшімовтың анасы Тәжіхан: «Сағиды неге бұл рөлде ойнатасың? Әлдеқашан сүйегі қурап қалған әруаққа тимесеңдерші, жаман ырым ғой», – деп шыр-пыр болыпты. Анасының сөзіне сол сәтте мән бермеген Әшімов қазір өкініш білдіреді. «Сағи Шоқанды сомдап, Шоқан тағдырын құшқан актер» деген досы Әмір Смайыловтың сөзін еріксіз тілге тиек етуге тура келеді. Шоқан Уәлиханов – 30, оның экрандағы бейнесін сомдаған Сағи Әшімов – 38 жыл ғұмыр кешіпті. Сағи  халқының зердесінде Шоқан болып таңбаланып қалды. Екеуінің тағдыры да ұқсас. Сағидың Шоқанды ойнауы - тағдырдың қалауы тәрізді. Соған қарағанда кинодағы тағдыр адамның өміріне де әсер етеді екен. Шоқан еңбектерінде психологиялық мәселелерге байланысты әр түрлі сипаттағы деректер баршылық. Осылардың ішінде басқа мәселелерден көбірек сөз болғаны — халқымыздың ұлттық санасы, оның ішінде өзіндік психологиялық ерекшеліктері туралы мәселер еді. Режиссер кинода осы мәселелерді барынша шынайы, толық етіп беруге тырысқан.  Фильмің түсірілгеніне 28 жыл болса да, әлі күнге дейін көрермендер ықыласынан шығып келеді. 