Қызылордада «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» атты көрме ашылды

27.11.2012 2954
Қызылордада Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» деген атаумен оқу-көрме залы ашылды. Бұл жайында Bnews.kz тілшісі хабарлайды. «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» атты оқу-көрме залында Еліміздің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктері, елдің әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуы, еліміздің әлемдік қауымдастықтарда алар орны кеңінен көрініс тапқан. Көрме залы екі бөлмеден тұрады. Біріншісінде, еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткізген ең маңызды жетістіктерін айқындайтын материалдарды тамашалауға болады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұранның қабылданылуы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы Жарлық, заң, қаулы сынды құнды құжаттар бар. Екінші бөлмеде Тұңғыш Президенттің әр жылдардағы наградалары, Елбасының сүйіп оқитын әдебиеттері, Елбасы жазған еңбектер мен Елбасы жайлы жазылған еңбектер қойылған. «Көшті бастай білген, артына миллиондаған халықты ертіп, дамуға, өсуге алып келген Тұңғыш Президентіміздің мерекесіне орай арнайы көрме залын ашып отырмыз. Мұнда Елбасының Сыр еліне алғаш келгенінен бастап қазіргі сәтке дейінгі суреттері жинақталып тұр. Көрмемізге өзге елден келген қонақтар тарихымызды тамашалауына әбден болады. Елі, жері үшін еңбек еткен Ұлт көшбасшысын ұлықтау – біз үшін үлкен мәртебе. Мұндағы әдебиеттер қорын кез келген ұстаз өз пайдасына пайдалануына болады», - деді «Нұр Отан» ХДП Қызылорда филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өлмесхан Болатбеков.

Қызылордада Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» деген атаумен оқу-көрме залы ашылды. Бұл жайында Bnews.kz тілшісі хабарлайды.

«Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» атты оқу-көрме залында Еліміздің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктері, елдің әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуы, еліміздің әлемдік қауымдастықтарда алар орны кеңінен көрініс тапқан. Көрме залы екі бөлмеден тұрады. Біріншісінде, еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткізген ең маңызды жетістіктерін айқындайтын материалдарды тамашалауға болады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұранның қабылданылуы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы Жарлық, заң, қаулы сынды құнды құжаттар бар. Екінші бөлмеде Тұңғыш Президенттің әр жылдардағы наградалары, Елбасының сүйіп оқитын әдебиеттері, Елбасы жазған еңбектер мен Елбасы жайлы жазылған еңбектер қойылған.

«Көшті бастай білген, артына миллиондаған халықты ертіп, дамуға, өсуге алып келген Тұңғыш Президентіміздің мерекесіне орай арнайы көрме залын ашып отырмыз. Мұнда Елбасының Сыр еліне алғаш келгенінен бастап қазіргі сәтке дейінгі суреттері жинақталып тұр. Көрмемізге өзге елден келген қонақтар тарихымызды тамашалауына әбден болады. Елі, жері үшін еңбек еткен Ұлт көшбасшысын ұлықтау – біз үшін үлкен мәртебе. Мұндағы әдебиеттер қорын кез келген ұстаз өз пайдасына пайдалануына болады», - деді «Нұр Отан» ХДП Қызылорда филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өлмесхан Болатбеков.

Ұқсас материалдар