Қандастар Ассамблея

Елордалық циркке әлемдегі жалғыз гепардтар аттракционы келеді

03.09.2013 1991
Астанада 14-29 қыркүйекте алғаш рет «Остров грез» бірегей цирк шоуының гастрольдері өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына Үлкен Мәскеу циркінің баспасөз қызметінен хабарлады. Астанаға 40 әртіс пен қызмет көрсету персоналы, 2 фурамен жануарлар, Қызыл кітапқа енгізілген гепардтар, қондырғылар тиелген 6 фура, сабын көпіршіктері мен түтін шығаратын машина, лазерлік шоу және субұрқақтар әкелінеді. Аталған жоба өзінің сюжеттік желісімен бірегей және мюзикл, кино, цирк пен би элементтерінен тұрады. «Көрермендер басты кейіпкерлермен бірге венециялық маскарадқа және бразилиялық карнавалға қатысады, Мысыр фрескаларын тамашалап, Монмартр желегінде серуендейді, балерина-кенгурумен Үлкен театр сахнасында билейді және солтүстік шұғыланың куәгері болады. «Остров Грез» - гепардтар қатысатын әлемдегі жалғыз аттракцион, дүние жүзіндегі жалғыз манеж-трансформер. Бұдан басқа, манежде тотықұстар, кенгурулар, иттер, иллюзиялық шоу, кәсіби балет көпшілік назарына ұсынылады; әуе шарымен ұшу, және т.б.», - делінген ақпаратта.  «Остров Грез» - бірегей цирк қойлымында айырықша номерлер көрсетіледі. Шоу барысында жаңа техникалық жобалар, компьютерлік графика, 20 метрлік субұрқақтар мен лазерлік арнайы эффектілер қолданылады. Цирк көрерменінің жасын арттыруға, жастарды өнерге баулуға бағытталған.   Еске салайық, Вернадский даңғылындағы Үлкен Мәскеу циркінің базасында ең қызықты қойылымдардың бірінің көшпелі нұсқасы жасалды. «Остров Грез» бағдарламасында көрермендер бірден үш манежді тамашалайды. Атап айтқанда, кілем, мұз айдыны және су. Жобаның көркем жетекшісі Ресей циркінің Примасы Дарья Костюк, сондай-ақ, ол жетекші әртіс, және қоюшы болып табылады. Шоу елорда тұрғындары мен қонақтарына 14 қойылым ұсынады. Цирк жұма күндері сағат 19:00 және сенбі, жексенбі күндері сағат 13:00 және 17:00 басталады. http://astana.kz

Астанада 14-29 қыркүйекте алғаш рет «Остров грез» бірегей цирк шоуының гастрольдері өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына Үлкен Мәскеу циркінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Астанаға 40 әртіс пен қызмет көрсету персоналы, 2 фурамен жануарлар, Қызыл кітапқа енгізілген гепардтар, қондырғылар тиелген 6 фура, сабын көпіршіктері мен түтін шығаратын машина, лазерлік шоу және субұрқақтар әкелінеді. Аталған жоба өзінің сюжеттік желісімен бірегей және мюзикл, кино, цирк пен би элементтерінен тұрады.

«Көрермендер басты кейіпкерлермен бірге венециялық маскарадқа және бразилиялық карнавалға қатысады, Мысыр фрескаларын тамашалап, Монмартр желегінде серуендейді, балерина-кенгурумен Үлкен театр сахнасында билейді және солтүстік шұғыланың куәгері болады. «Остров Грез» - гепардтар қатысатын әлемдегі жалғыз аттракцион, дүние жүзіндегі жалғыз манеж-трансформер. Бұдан басқа, манежде тотықұстар, кенгурулар, иттер, иллюзиялық шоу, кәсіби балет көпшілік назарына ұсынылады; әуе шарымен ұшу, және т.б.», - делінген ақпаратта. 

«Остров Грез» - бірегей цирк қойлымында айырықша номерлер көрсетіледі. Шоу барысында жаңа техникалық жобалар, компьютерлік графика, 20 метрлік субұрқақтар мен лазерлік арнайы эффектілер қолданылады. Цирк көрерменінің жасын арттыруға, жастарды өнерге баулуға бағытталған.

 

Еске салайық, Вернадский даңғылындағы Үлкен Мәскеу циркінің базасында ең қызықты қойылымдардың бірінің көшпелі нұсқасы жасалды. «Остров Грез» бағдарламасында көрермендер бірден үш манежді тамашалайды. Атап айтқанда, кілем, мұз айдыны және су. Жобаның көркем жетекшісі Ресей циркінің Примасы Дарья Костюк, сондай-ақ, ол жетекші әртіс, және қоюшы болып табылады. Шоу елорда тұрғындары мен қонақтарына 14 қойылым ұсынады. Цирк жұма күндері сағат 19:00 және сенбі, жексенбі күндері сағат 13:00 және 17:00 басталады.

http://astana.kz

Ұқсас материалдар