Қандастар Ассамблея

Астанада Білім күніне орай 100 жуық балаға кезекті қайырымдылық көмек көрсетілді

02.09.2013 2168
Астанада оқу жылының қарсаңында жетім және аз қамсыздандырылған отбасыдан шыққан 100-ге жуық балаға киім-кешек, аяқ киім мен мектепке қажетті жабдықтар берілді. Бұл туралы astana.kz сайтына «Астанақаласәулеті» ЖШС баспасөз қызметінен хабарлады. Үш жылдан астам уақыттан бері компания оқу жылының басында жетім және аз қамсыздандырылған отбасыдан шыққан балалар үшін қайырымдылық акциясын өткізіп келеді. Биыл кәсіпорын қиын жағдайға тап болған 100-ге жуық баланы мектепке керек-жарақпен қамтамасыз етті.  «Осылайша, біз басқа ұйымдардыда мұқтаж жандарға көмектесуге шақырамыз. Себебі, қайырымдылық - біздің халқымызға тән фундаменталдық тарихи дәстүрлердің бірі. Осыны біле тұра, бүгінде осы дәстүрлерді қоғамда дамыту керек» - деді «Астанақаласәулет» ЖШС директоры Қасымбек Айтымов.   Еске салайық, қазіргі уақытта Астанада жетім балаларға ақша жинаумен айналысатын бірқатар қоғамдық ұйымдар бар. Бұдан басқа, «Баланы мектепке жинайық», «Мектепке жол» сияқты қайырымдылық бағдарламалар да жетерлік. Концерттер мен салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылып, жиналған қаражат еліміздегі балалар мен сәбилер үйлеріне беріледі. http://astana.kz

Астанада оқу жылының қарсаңында жетім және аз қамсыздандырылған отбасыдан шыққан 100-ге жуық балаға киім-кешек, аяқ киім мен мектепке қажетті жабдықтар берілді. Бұл туралы astana.kz сайтына «Астанақаласәулеті» ЖШС баспасөз қызметінен хабарлады.

Үш жылдан астам уақыттан бері компания оқу жылының басында жетім және аз қамсыздандырылған отбасыдан шыққан балалар үшін қайырымдылық акциясын өткізіп келеді. Биыл кәсіпорын қиын жағдайға тап болған 100-ге жуық баланы мектепке керек-жарақпен қамтамасыз етті. 

«Осылайша, біз басқа ұйымдардыда мұқтаж жандарға көмектесуге шақырамыз. Себебі, қайырымдылық - біздің халқымызға тән фундаменталдық тарихи дәстүрлердің бірі. Осыны біле тұра, бүгінде осы дәстүрлерді қоғамда дамыту керек» - деді «Астанақаласәулет» ЖШС директоры Қасымбек Айтымов.

 

Еске салайық, қазіргі уақытта Астанада жетім балаларға ақша жинаумен айналысатын бірқатар қоғамдық ұйымдар бар. Бұдан басқа, «Баланы мектепке жинайық», «Мектепке жол» сияқты қайырымдылық бағдарламалар да жетерлік. Концерттер мен салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылып, жиналған қаражат еліміздегі балалар мен сәбилер үйлеріне беріледі.

http://astana.kz

Ұқсас материалдар