Қандастар Ассамблея

«Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері» конкурсы

02.09.2013 28105
Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі еліміздің жеткен жетістіктері аз емес. Ең алдымен  мемлекетіміздің  гүлденуінің берік іргетасы әрі кепілі болған еліміздің басты заңы – Қазақстан Республикасы Конституциясы қабылданды. Сонымен қатар, әнұранымыз бен мемлекеттік рәміздеріміз дүниеге келді.  Оның негізінде, елімізде біздің қоғамымыздың басты құндылығы саналатын адамның дамуына, оның әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды қайта құрулар жүзеге асырылды. Бүгінде тәуелсіз отанымыз ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетті. Осыған байланысты «Ел.кз» әлеуметтік желісі «Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері» атты фоторепортаж байқауын жариялап отыр. Байқауға  жастардың отаншылдық сезімін ояту, еліміздің позитивтік имиджін қалыптастыру және Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алу жолындағы дамуы мен өсуін жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізіліп отыр. Байқау жұмыстары 2013 жылдың 1 қыркүйек пен 31 қазан айына дейін қабылданатын болады. Байқауға қатысушылар өз жұмыстарын электронды нұсқада мына мекенжайға жіберуі тиіс: elkz@inbox.ru Байқауға 16 мен 25 жас аралығындағы барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Байқауға қатысушылар фотоматериалмен бірге міндетті түрде мынадай деректерді көрсетуі тиіс: аты-жөні, тұрғылықты жері, жасы, байланыс ақпараттары – телефон және электронды мекенжай. Байқауға түскен шығармалардың тақырыпқа сай болуы, стилі мен суреттеріне баса назар аударылады. Қатысушы бір ғана шығарма жіберуге құқылы. Үздік жұмыстар Конкурстың әділ қазылар алқасының дауыc беруі арқылы анықталады. Конкурс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі еліміздің жеткен жетістіктері аз емес. Ең алдымен  мемлекетіміздің  гүлденуінің берік іргетасы әрі кепілі болған еліміздің басты заңы – Қазақстан Республикасы Конституциясы қабылданды. Сонымен қатар, әнұранымыз бен мемлекеттік рәміздеріміз дүниеге келді.  Оның негізінде, елімізде біздің қоғамымыздың басты құндылығы саналатын адамның дамуына, оның әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды қайта құрулар жүзеге асырылды. Бүгінде тәуелсіз отанымыз ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетті. Осыған байланысты «Ел.кз» әлеуметтік желісі «Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері» атты фоторепортаж байқауын жариялап отыр.

Байқауға  жастардың отаншылдық сезімін ояту, еліміздің позитивтік имиджін қалыптастыру және Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алу жолындағы дамуы мен өсуін жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізіліп отыр.

Байқау жұмыстары 2013 жылдың 1 қыркүйек пен 31 қазан айына дейін қабылданатын болады.

Байқауға қатысушылар өз жұмыстарын электронды нұсқада мына мекенжайға жіберуі тиіс:

elkz@inbox.ru

Байқауға 16 мен 25 жас аралығындағы барлық ниет білдірушілер қатыса алады.

Байқауға қатысушылар фотоматериалмен бірге міндетті түрде мынадай деректерді көрсетуі тиіс: аты-жөні, тұрғылықты жері, жасы, байланыс ақпараттары – телефон және электронды мекенжай.

Байқауға түскен шығармалардың тақырыпқа сай болуы, стилі мен суреттеріне баса назар аударылады. Қатысушы бір ғана шығарма жіберуге құқылы.

Үздік жұмыстар Конкурстың әділ қазылар алқасының дауыc беруі арқылы анықталады.
Конкурс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Ұқсас материалдар