Қандастар Ассамблея

Өскеменде Оралхан Бөкейге ескерткіш орнатылды

31.08.2013 2989
Өскеменде Конституция күнін еңбек ұжымдарының Республика алаңы бойындағы мерекелік шеруімен атап өтті. 15 мыңнан астам шығыс қазақстандықтар қатысқан шеру орталық қала алаңы, Астана жағалауы бойымен өтті. Мерекелік концерттен кейін қала тұрғындары халықаралық бал жәрмеңкесіне қатысты. Қонақтар бал өнімдерінің дәмін татқанша, алаңда мерекелік концерт, спорт жарыстары басталып, «Шеберлер қаласы» жәрмеңкесі ашылды.   Этноауылдың сол жағалау кешенінде «Шығыс шынары-2013» фестивалі ашылды, оған келген құрметті қонақтар мен қатысушылар Республика алаңындағы салтанаттарға да қатысты. Конституция күнінің мазмұнды мерекелік бағдарламасы Өскеменде таңертең үлкен оқиғамен - қаланың сол жағалауындағы жазушы Оралхан Бөкейдің ескерткішінің ашылуымен басталды. Ескерткіштің ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, «НҰР Отан» ХДП бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков, жазушылар, журналистер, қоғам және мәдениет қайраткерлері, соғыс және еңбек ардагерлері қатысты. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, Оралхан Бөкей ескерткішінің авторлары - белгілі өскемендік мүсіншілер Владимир Самойлов пен Евгений Непьянов. Оралхан Бөкей - 1943 жылғы Қато-Қарағайдың тумасы. Алғашқы әңгімелер жинағы «Қамшыгер» 1970 жылы шықты. Оралханның кітаптары неміс, словак, болгар, ағылшын, венгр, араб, қытай, жапон және бұрынғы КСРО елдерінің тілдеріне аударылды. Мерекелік іс-шараның ашылу салтанатында атап өтілгендей, соңғы үш жылда әкім Бердібек Сапарбаевтың бастамашылық етуімен қалада өңір және оның мәдениетінің дамуына маңызды үлес қосқан көрнекті шығыс қазақстандықтарға ескерткіш қойылды. ҚазАқпарат.

Өскеменде Конституция күнін еңбек ұжымдарының Республика алаңы бойындағы мерекелік шеруімен атап өтті. 15 мыңнан астам шығыс қазақстандықтар қатысқан шеру орталық қала алаңы, Астана жағалауы бойымен өтті. Мерекелік концерттен кейін қала тұрғындары халықаралық бал жәрмеңкесіне қатысты. Қонақтар бал өнімдерінің дәмін татқанша, алаңда мерекелік концерт, спорт жарыстары басталып, «Шеберлер қаласы» жәрмеңкесі ашылды.

 

Этноауылдың сол жағалау кешенінде «Шығыс шынары-2013» фестивалі ашылды, оған келген құрметті қонақтар мен қатысушылар Республика алаңындағы салтанаттарға да қатысты.

Конституция күнінің мазмұнды мерекелік бағдарламасы Өскеменде таңертең үлкен оқиғамен - қаланың сол жағалауындағы жазушы Оралхан Бөкейдің ескерткішінің ашылуымен басталды.

Ескерткіштің ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, «НҰР Отан» ХДП бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков, жазушылар, журналистер, қоғам және мәдениет қайраткерлері, соғыс және еңбек ардагерлері қатысты.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, Оралхан Бөкей ескерткішінің авторлары - белгілі өскемендік мүсіншілер Владимир Самойлов пен Евгений Непьянов.

Оралхан Бөкей - 1943 жылғы Қато-Қарағайдың тумасы. Алғашқы әңгімелер жинағы «Қамшыгер» 1970 жылы шықты. Оралханның кітаптары неміс, словак, болгар, ағылшын, венгр, араб, қытай, жапон және бұрынғы КСРО елдерінің тілдеріне аударылды.

Мерекелік іс-шараның ашылу салтанатында атап өтілгендей, соңғы үш жылда әкім Бердібек Сапарбаевтың бастамашылық етуімен қалада өңір және оның мәдениетінің дамуына маңызды үлес қосқан көрнекті шығыс қазақстандықтарға ескерткіш қойылды.

ҚазАқпарат.

Ұқсас материалдар