Мереке күні отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді

29.08.2013 2520
Астана қаласының орталық алаңында мереке күні отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді  30 тамызда орталық алаңда қала әкімдігінің алдында Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік би кеші өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Мәдениет басқармасынан хабарлады. Астана тұрғындары мен қонақтары Маржан Арапбаева, Досымжан Таңатаров, Нұрғали Тұрлыбек, Құрмаш Маханов, Жаңабай, Нұрбол Балапанов, Бауыржан Исаев, «Бәйтерек» триосы, «Аламан» триосы, «Белес» тобының, ДОС, «Жалын» тобы, Айқын, «FM» триосы, «Терра» би театрының өнерлерін тамашалайды. Концерт 18.00-21.00 аралығында өтеді. Еске салайық, 30-31 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының Конституция күнін атап өту аясында елордада бірқатар іс-шаралар өтеді. Атап айтқанда, халықтық серуен, мерекелік концерттер, көрмелер, «дөңгелек үстелдер», кездесулер, фестивальдар мен ғылыми-практикалық конференциялар. Сағат 10.00-19.00 аралығында әкімдік алдындағы орталық алаңда, «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда және «Студенттер саябағында» халықтық серуен өтеді.  

Астана қаласының орталық алаңында мереке күні отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді 

30 тамызда орталық алаңда қала әкімдігінің алдында Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік би кеші өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Мәдениет басқармасынан хабарлады.

Астана тұрғындары мен қонақтары Маржан Арапбаева, Досымжан Таңатаров, Нұрғали Тұрлыбек, Құрмаш Маханов, Жаңабай, Нұрбол Балапанов, Бауыржан Исаев, «Бәйтерек» триосы, «Аламан» триосы, «Белес» тобының, ДОС, «Жалын» тобы, Айқын, «FM» триосы, «Терра» би театрының өнерлерін тамашалайды.

Концерт 18.00-21.00 аралығында өтеді.

Еске салайық, 30-31 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының Конституция күнін атап өту аясында елордада бірқатар іс-шаралар өтеді. Атап айтқанда, халықтық серуен, мерекелік концерттер, көрмелер, «дөңгелек үстелдер», кездесулер, фестивальдар мен ғылыми-практикалық конференциялар.

Сағат 10.00-19.00 аралығында әкімдік алдындағы орталық алаңда, «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда және «Студенттер саябағында» халықтық серуен өтеді.

 

Ұқсас материалдар