Қандастар Ассамблея

Ермек Серкебаев

29.08.2013 4648
Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев (4 шілде 1926, Петропавл, Қазақ КСР) — әнші. КСРО Халық әртісі (1950), Қазақ КСР Халық әртісі (1956), профессор (1983), қоғам қайраткері. Социалистік Еңбек Ері (1986). Ол үшінші сыныптан бастап оқуын Алматыдағы № 54 мектепте жалғастырады. Жетінші сыныптан бастап П. И. Чайковский атындағы музыкалық училищеде оқуын жалғастырды. 1941-1943 ж. П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінде скрипка класы бойынша оқыған. Осы мезгілде Серкебаевтар отбасының материалдық жағдайы қиындағандықтан, Ермек үш жылдай оқыған соң, оны тастап кетуге мәжбүр болды. Тағдыр оны радиоға дикторлыққа әкелді, оған қоса киностудияның кейбір фильмдерінде осы тұрғыда қызмет атқарды. Әншілікке барша ықыласымен берілуге хор жетекшісі Антон Максимович Москаленко әсер етті скрипкада ойнай білетінін естігесін оны хорға әншілікке шақырды. Ермек бірден әйгілі опералардағы классикалық арияларды орындай бастады. Чайковскийдің «Иоланта» операсындағы Роберттің ариясын атақты әншілерден кем орындамайды. Мәскеуде әндерін үнтаспаға жаздырды. Сол кезде Левинтанмен танысады. 1946 жылы консерваторияға қабылданады. Е. Серкебаев консерваторияны 1951 жылы Кургановтың сыныбында тәмамдаған соң опера және балет театрына оралады. Консерваторияны бітірер жылы Абай рөлін орындайды. Одан әрі «Евгений Онегин» операсында – Евгений, «Травиатадағы» — Жермон рөлдерін жоғары дәрежеде шырқайды. Келесі рөлі — «Севиль шаштаразындағы» Фигаро. 1951 ж. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын (вокал бойынша) бітірген. Студент кезінде Абай атындағы Опера және балет театрының шығармашылық ұжымына қызмет істеген. Абай партиясын (А. Жұбанов пен Л. Хамиди, «Абай») орындаған. «1973» ж. Алматы консерваториясының жеке дауыста ән айту кафедрасының оқытушысы болған. Серкебаев орындаған партиялардың ішінде Қожағұл, Амангелді (М. Төлебаев, «Біржан мен Сара»; М.Төлебаев және Е.Брусиловский, «Амангелді»), Абай, Серке (А.Жұбанов пен Л.Хамиди, "Абай"; С.Мұхамеджанов, "Айсұлу"), Тарғын, Артем (Е.Брусиловский, "Ер Тарғын", "Дударай"), Онегин, Елецкий (П.Чайковский, "Евгений Онегин", "Пиковая дама"), Петруччио (В.Шебалин, "Укрощение строптивой"), Фигаро (Дж.Россини, "Севильский цирюльник"), Валентин ("Фауст"), т.б. бар. Әнші репертуарында қазақтың халық әндері, орыс және шет ел композиторларының шығармалары бар. Шет елдерде (Румыния, Пәкстан, Франция, Үндістан, Қытай, Бельгия, Куба, Швейцария, Швеция, Финляндия, т.б.) өнер көрсеткен. Киноға да түскен ("Біздің сүікті дәрігер", "Тақиялы періште", т.б.). 7-шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің, 8-11-шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Вокалистер конкурсының (Будапешт, 1953) лауреаты. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1977) және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының (1972) иегері. "Музыка" номинациясы бойынша 2000 ж. "Тарлан" сыйлығын жеңіп алған. "Отан" 2 мәрте Ленин, Қазан революциясы, Енбек Қызыл Ту ордендерімен және медалдармен марапаталған.

Ұқсас материалдар