Қандастар Ассамблея

Әлімбек Ермеков

29.08.2013 3097
Әлімхан Әбеуұлы Ермеков бұрынғы Қарқаралы уезінің Темірші болысында, ресми куәлікте 1891 жылы туған. Әлімхан ақсақалдың өз айтуынша, оның шын туған уақыты 1889 жыл, тек қырдағы қазақ баласының қаладағы оқуға қолы кешеуілдеп жетіп, орыс гимназиясына түсу үшін бірер жасын кемітсе керек. Ә.Ермековтің әкесі Әбеу қалада бала оқыта алатындай бірсыдырғы ауқатты, әлді, беделді адам болыпты. Ә. Ермеков 1905 жылы Қарқаралыда үш кластық қалалық училищені бітіреді. Сол жылы ол Семейдің ер балалар гимназиясына алынады. Мұны ол 1912 жылы алтын медальмен бітіреді. Ә.Ермековке алғашқы кезде қазынадан степендия беріледі. Алайда ол жоғары кластарға жеткенде Семей облысының губернаторы Троцкий Ә.Ермековті саяси сенімсіздер қатарына қосып, оның степендиясын тоқтатып тастайды. Ә.Ермеков 1912 жылы гимназиядан алтын медальмен бітіргеннен кейін Петербургта оқуға қабылданбақ екен. Әртүрлі себеппен Томдағы технологиялық институтқа түседі. Ол мұнда емтихан тапсырмай, аттестат бәсекесі арқылы қабылданады. Институттың бесінші курсына жеткенде Ресейде әуелі ақпан революциясы, одан кейін пролетариат революциясы жүзеге асырылып, шалғай аймақтардағы Сібірде де, Қазақстанда да революциялық қозғалыс кең өрістеп, Ә.Ермеков бірден саяси жұмысқа араласып оқуды уақытша тоқтатады да, Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысқа тікелей араласып кете барады. Семейде 1917-19 жылдары ол қоғамдық ұйымдардың губерниялық атқару комитетіне, жұмысшы, солдат, қазақ, шаруа советінің губерниялық атқару комитеті президиум мүшелігіне сайланып, қазандай қайнаған саяси жұмыс тасқынына араласып кете барады. Аумалы-төкпелі, қуғыны, дауылы, құйыны көп тұрлаусыз кез оның құлаш жайып, халқына, қоғамға пайдалы еңбек етуіне мүмкіндік бермеді. Бүкілодақтық жоғары аттестациялық комиссиядан профессорлық міндет атқаратын куәлікті ол ерте-ақ алып үлгерді, жоғары дәрежелі математика туралы оқулықтар да жазды. Бірақ, ғылыми жұмысын одан әрі қарай өрістете беруге мүмкіндік таппады. Ол кафедра меңгерушісі де, факультет деканы да болды. Тек осынау бір қабырғалы адамды нелер сылтаумен, жалған айыппен ойда жоқта қаңбақтай ұшыра берді. Ә.Ермеков жиырмасыншы жылдардың аяғында А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Е.Омаров, Ж.Аймауытов, М.Әуезов сынды және өзгеде бір топ көрнекті ғалымдармен, ақын-жазушылармен бірге тұтқынға алынады. М. Әуезов пен Ә. Ермековке жалған кешірім хат жазғызып, ГПУ шартты түрде түрмеден босатады. Алайда 1939 жылы қайта қамалалды. Ол 1932-39 жылдардағы айыптарынан 1957-58 жылдары әбден қалжырап 70-ке тақаған шағында ғана ақталады. Осы уақыт аралығында қамалмаған түрмесі, отырмаған лагері қалмайды. Еділ бойынан Алматыға, одан Семейге дейін, онан әрі, Красноярға дейін Столыпин-Сталин вагонымен ерсілі-қарсылы тасыла береді. Ә. Ермеков 1970 жылы Қарағандыда 81 жасқа қарағанда дүние салады.

Әлімхан Әбеуұлы Ермеков бұрынғы Қарқаралы уезінің Темірші болысында, ресми куәлікте 1891 жылы туған. Әлімхан ақсақалдың өз айтуынша, оның шын туған уақыты 1889 жыл, тек қырдағы қазақ баласының қаладағы оқуға қолы кешеуілдеп жетіп, орыс гимназиясына түсу үшін бірер жасын кемітсе керек. Ә.Ермековтің әкесі Әбеу қалада бала оқыта алатындай бірсыдырғы ауқатты, әлді, беделді адам болыпты. Ә. Ермеков 1905 жылы Қарқаралыда үш кластық қалалық училищені бітіреді. Сол жылы ол Семейдің ер балалар гимназиясына алынады. Мұны ол 1912 жылы алтын медальмен бітіреді. Ә.Ермековке алғашқы кезде қазынадан степендия беріледі. Алайда ол жоғары кластарға жеткенде Семей облысының губернаторы Троцкий Ә.Ермековті саяси сенімсіздер қатарына қосып, оның степендиясын тоқтатып тастайды.

Ә.Ермеков 1912 жылы гимназиядан алтын медальмен бітіргеннен кейін Петербургта оқуға қабылданбақ екен. Әртүрлі себеппен Томдағы технологиялық институтқа түседі. Ол мұнда емтихан тапсырмай, аттестат бәсекесі арқылы қабылданады. Институттың бесінші курсына жеткенде Ресейде әуелі ақпан революциясы, одан кейін пролетариат революциясы жүзеге асырылып, шалғай аймақтардағы Сібірде де, Қазақстанда да революциялық қозғалыс кең өрістеп, Ә.Ермеков бірден саяси жұмысқа араласып оқуды уақытша тоқтатады да, Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысқа тікелей араласып кете барады. Семейде 1917-19 жылдары ол қоғамдық ұйымдардың губерниялық атқару комитетіне, жұмысшы, солдат, қазақ, шаруа советінің губерниялық атқару комитеті президиум мүшелігіне сайланып, қазандай қайнаған саяси жұмыс тасқынына араласып кете барады.

Аумалы-төкпелі, қуғыны, дауылы, құйыны көп тұрлаусыз кез оның құлаш жайып, халқына, қоғамға пайдалы еңбек етуіне мүмкіндік бермеді. Бүкілодақтық жоғары аттестациялық комиссиядан профессорлық міндет атқаратын куәлікті ол ерте-ақ алып үлгерді, жоғары дәрежелі математика туралы оқулықтар да жазды. Бірақ, ғылыми жұмысын одан әрі қарай өрістете беруге мүмкіндік таппады. Ол кафедра меңгерушісі де, факультет деканы да болды. Тек осынау бір қабырғалы адамды нелер сылтаумен, жалған айыппен ойда жоқта қаңбақтай ұшыра берді.

Ә.Ермеков жиырмасыншы жылдардың аяғында А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Е.Омаров, Ж.Аймауытов, М.Әуезов сынды және өзгеде бір топ көрнекті ғалымдармен, ақын-жазушылармен бірге тұтқынға алынады. М. Әуезов пен Ә. Ермековке жалған кешірім хат жазғызып, ГПУ шартты түрде түрмеден босатады. Алайда 1939 жылы қайта қамалалды. Ол 1932-39 жылдардағы айыптарынан 1957-58 жылдары әбден қалжырап 70-ке тақаған шағында ғана ақталады. Осы уақыт аралығында қамалмаған түрмесі, отырмаған лагері қалмайды. Еділ бойынан Алматыға, одан Семейге дейін, онан әрі, Красноярға дейін Столыпин-Сталин вагонымен ерсілі-қарсылы тасыла береді.

Ә. Ермеков 1970 жылы Қарағандыда 81 жасқа қарағанда дүние салады.