Қандастар Ассамблея

31-желтоқсан

27.08.2013 2654
Әлем әзірбайжандарының ынтымақтастық күні. Алғашқы рет 1991 жылғы желтоқсанның 16-ында әзірбайжан халқының көшбасшысы Гейдар Алиев Нахичеван Автономиялық Республикасының Жоғарғы Мәжілісінің төрағасы бола тұрып жариялады, содан кейін бұл күн әзірбайжан халқының ұлттық мейрамы болып қалды. Қырғызстанның кеден қызметкерлерінің күні. 2006 жылғы ақпанның 15-і Қырғыз Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Қырғыз Республикасының кеден қызметінің дәстүрін ұйымдастыру және мирасқорлығын қамтамасыз ету мақсатында бекітілген. 1950 жылы  Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры, филология ғылымының докторы Шәкір Ибраев дүниеге келді. Қызылорда облысы Шиелі ауданында туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), КСРО Ғылым академиясы Шығыстану институтының аспирантурасын бітірген. Еңбек жолын Қазақ КСР Ғылым академиясы Әдебиет және өнер институтының аға лаборанты, кіші ғылыми қызметкері болып бастаған. 1982-1989 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, доценті. 1989-1995 жылдары - Қазақ КСР Ғылым Академиясы Әдебиет және өнер институты жанындағы Ғылыми қолжазбалар орталығының жетекшісі. 1995-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры. 2000-2001 жылдары - Эгей университетінің профессоры (Түркия). 2001-2003 жылдары - Қожа Ахмет Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті (проректоры). 2003-2007 жылдары - Қожа Ахмет Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы ғылыми орталықтың директоры қызметтерін атқарған. 2007 жылдың наурыз айынан - қазіргі қызметінде. «Қазақ эпосы», «Эпос әлемі», «Қорқыт ата кітабы» атты кітаптардың және 60-тан астам ғылыми жарияланымның авторы. «Түрік әлеміне сіңірген ерен еңбегі үшін» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері, Халықаралық Шығыстану қоғамдастығының мүшесі, Халықаралық Фольклор комитетінің мүшесі. 2002 жылдан «Түркология» халықаралық журналының бас редакторы, Шыңғыс Айтматов Халықаралық қоғамдық академиясының нақты мүшесі, 2004 жылдан Түрік әлемі қауымдастығының атқарушы директоры. 2010 жылдың 10 қарашасында Халықаралық түркі академиясының президенті болып сайланды. 20-дан астам Халықаралық конгресстер мен ғылыми-теориялық конференцияларға қатысқан. 120-дан астам ғылыми мақалалары мен баяндамаларының, 7 монографияның авторы, 10-нан астам ғылыми жинақтарды басып шығарған.        

Әлем әзірбайжандарының ынтымақтастық күні. Алғашқы рет 1991 жылғы желтоқсанның 16-ында әзірбайжан халқының көшбасшысы Гейдар Алиев Нахичеван Автономиялық Республикасының Жоғарғы Мәжілісінің төрағасы бола тұрып жариялады, содан кейін бұл күн әзірбайжан халқының ұлттық мейрамы болып қалды.

Қырғызстанның кеден қызметкерлерінің күні. 2006 жылғы ақпанның 15-і Қырғыз Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Қырғыз Республикасының кеден қызметінің дәстүрін ұйымдастыру және мирасқорлығын қамтамасыз ету мақсатында бекітілген.

1950 жылы  Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры, филология ғылымының докторы Шәкір Ибраев дүниеге келді.
Қызылорда облысы Шиелі ауданында туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), КСРО Ғылым академиясы Шығыстану институтының аспирантурасын бітірген.
Еңбек жолын Қазақ КСР Ғылым академиясы Әдебиет және өнер институтының аға лаборанты, кіші ғылыми қызметкері болып бастаған. 1982-1989 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, доценті. 1989-1995 жылдары - Қазақ КСР Ғылым Академиясы Әдебиет және өнер институты жанындағы Ғылыми қолжазбалар орталығының жетекшісі. 1995-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры. 2000-2001 жылдары - Эгей университетінің профессоры (Түркия). 2001-2003 жылдары - Қожа Ахмет Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті (проректоры). 2003-2007 жылдары - Қожа Ахмет Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы ғылыми орталықтың директоры қызметтерін атқарған. 2007 жылдың наурыз айынан - қазіргі қызметінде.
«Қазақ эпосы», «Эпос әлемі», «Қорқыт ата кітабы» атты кітаптардың және 60-тан астам ғылыми жарияланымның авторы.
«Түрік әлеміне сіңірген ерен еңбегі үшін» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері, Халықаралық Шығыстану қоғамдастығының мүшесі, Халықаралық Фольклор комитетінің мүшесі. 2002 жылдан «Түркология» халықаралық журналының бас редакторы, Шыңғыс Айтматов Халықаралық қоғамдық академиясының нақты мүшесі, 2004 жылдан Түрік әлемі қауымдастығының атқарушы директоры. 2010 жылдың 10 қарашасында Халықаралық түркі академиясының президенті болып сайланды.
20-дан астам Халықаралық конгресстер мен ғылыми-теориялық конференцияларға қатысқан. 120-дан астам ғылыми мақалалары мен баяндамаларының, 7 монографияның авторы, 10-нан астам ғылыми жинақтарды басып шығарған.

 

 

 

 

Ұқсас материалдар