Қандастар Ассамблея

28-желтоқсан

27.08.2013 2848
 БҰҰ, Халықаралық кино күні. 1895 жылы  Париждегі Капуцин гүлзарындағы «Үлкен кафеде» ағайынды Люмьерлер ойлап тапқан кинематографтың көмегімен алғаш рет «Жылжымалы фото» көрсетілді. Кино(гр. kіneo – жылжытамын, жылжимын), кино өнері — өнердің бір саласы, кинематографияның техникалық негізде қалыптасқан көркем шығармашылық түрі. Фильмді жа-сауға әр алуан мамандықтағы шығармашылық қызметкерлер: кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитор, продюсер, каскадер, экономист, менеджер, т.б. қатысады. Фильм жасауда кинорежиссер жетекші рөл атқарады. Сондай-ақ фильм жасау ісіне техника саласындағы мамандар да (инженерлер, техниктер, лаборанттар мен өзге қызметкерлер) үлес қосады, алуан түрлі күрделі аппаратуралар мен аспаптар қолданылады. Кино, негізінен, 4 салаға бөлінеді: көркем фильм, деректі, мультипликациялық және ғылыми-көпшілік кино. Көркем фильм кино өнерінің негізгі және кең таралған түрі. 2005 жылы  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы «Думан» ойын-сауық орталығының маңына салынған мұз қалашықтың ашылу рәсіміне қатысты. Елбасы қалашықта мұздан салынған әлем елдеріндегі бірегей сәулет нысандарын аралап көрді. Атап айтқанда, Мәскеудегі Кремль, Мысыр пирамидалары, Қытай қорғаны, Лондондағы Биг-Бен сағаты, Париждегі Эйфель мұнарасы. Қалашықтың ортасына Астананың бас рәмізі Бәйтерек кешені бой көтерген. Салтанатты шара театрландырылған думанмен басталып, жұртшылықтың назарына мәнерлеп сырғанаушылардың орындауындағы мұз ертегісі, концерттік нөмірлер ұсынылды. Театрландырылған қойылым мерекелік отшашумен аяқталды. 2009 жылы  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шартты ратификациялау туралы» және «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорының қаражатын басқару туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды. Қазақстанның бірнеше ірі қаласында 3G желісі қосылады 2010 жылы Beeline байланысын ұсынатын «Кар-Тел» ЖШС 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның бірнеше қаласында 3G қызметін іске қосады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Кар-Тел» ЖШС бас директоры Анатолий Попов айтты.Оның сөзіне қарағанда жаңа жылдан бастап Көкшетау, Ақтөбе, Қапшағай, Талғар, Талдықорған, Атырау, Өскемен, Тараз, Ақсай, Орал, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Сәтпаев, Теміртау, Қостанай, Қызылорда, Байқоңыр, Ақтау, Ақсу, Павлодар, Екібастұз және Шымкент қалаларында 3G қызметі қолжетімді болады. Естеріңізге сала кетейік Қазақстандық Beeline және KCell/Activ ұялы байланыс операторлары желтоқсан айынан бастап уақытша лицензия негізінде Алматы мен Астана қалаларында 3G қызметін іске қосқан болатын. Алдағы уақытта компанияның тұрақты лицензияға қол жеткізуіне байланысты 3G қызметі Қазақстанның барлық аумағына тарала бастамақ.

 БҰҰ, Халықаралық кино күні. 1895 жылы  Париждегі Капуцин гүлзарындағы «Үлкен кафеде» ағайынды Люмьерлер ойлап тапқан кинематографтың көмегімен алғаш рет «Жылжымалы фото» көрсетілді.

Кино(гр. kіneo – жылжытамын, жылжимын), кино өнері — өнердің бір саласы, кинематографияның техникалық негізде қалыптасқан көркем шығармашылық түрі. Фильмді жа-сауға әр алуан мамандықтағы шығармашылық қызметкерлер: кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитор, продюсер, каскадер, экономист, менеджер, т.б. қатысады. Фильм жасауда кинорежиссер жетекші рөл атқарады. Сондай-ақ фильм жасау ісіне техника саласындағы мамандар да (инженерлер, техниктер, лаборанттар мен өзге қызметкерлер) үлес қосады, алуан түрлі күрделі аппаратуралар мен аспаптар қолданылады.

Кино, негізінен, 4 салаға бөлінеді: көркем фильм, деректі, мультипликациялық және ғылыми-көпшілік кино. Көркем фильм кино өнерінің негізгі және кең таралған түрі.

2005 жылы  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы «Думан» ойын-сауық орталығының маңына салынған мұз қалашықтың ашылу рәсіміне қатысты. Елбасы қалашықта мұздан салынған әлем елдеріндегі бірегей сәулет нысандарын аралап көрді. Атап айтқанда, Мәскеудегі Кремль, Мысыр пирамидалары, Қытай қорғаны, Лондондағы Биг-Бен сағаты, Париждегі Эйфель мұнарасы. Қалашықтың ортасына Астананың бас рәмізі Бәйтерек кешені бой көтерген. Салтанатты шара театрландырылған думанмен басталып, жұртшылықтың назарына мәнерлеп сырғанаушылардың орындауындағы мұз ертегісі, концерттік нөмірлер ұсынылды. Театрландырылған қойылым мерекелік отшашумен аяқталды.

2009 жылы  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шартты ратификациялау туралы» және «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорының қаражатын басқару туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.

Қазақстанның бірнеше ірі қаласында 3G желісі қосылады

2010 жылы Beeline байланысын ұсынатын «Кар-Тел» ЖШС 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның бірнеше қаласында 3G қызметін іске қосады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Кар-Тел» ЖШС бас директоры Анатолий Попов айтты.Оның сөзіне қарағанда жаңа жылдан бастап Көкшетау, Ақтөбе, Қапшағай, Талғар, Талдықорған, Атырау, Өскемен, Тараз, Ақсай, Орал, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Сәтпаев, Теміртау, Қостанай, Қызылорда, Байқоңыр, Ақтау, Ақсу, Павлодар, Екібастұз және Шымкент қалаларында 3G қызметі қолжетімді болады. Естеріңізге сала кетейік Қазақстандық Beeline және KCell/Activ ұялы байланыс операторлары желтоқсан айынан бастап уақытша лицензия негізінде Алматы мен Астана қалаларында 3G қызметін іске қосқан болатын. Алдағы уақытта компанияның тұрақты лицензияға қол жеткізуіне байланысты 3G қызметі Қазақстанның барлық аумағына тарала бастамақ.

Ұқсас материалдар