Қандастар Ассамблея

26-желтоқсан

27.08.2013 2022
Словенияның тәуелсіздігі мен ынтымақтастық күні. 1990 жылғы 26-шы желтоқсандағы референдумның қорытындыларын жариялайды. Референдум 1990 жылғы желтоқсанның 23-де өткізілген болатын. Белгілі сыншы М.Қаратаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған конференция болды. Қызылордадағы Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің Студенттер сарайында белгілі әдебиет зерттеушісі, халық жазушысы, Қазақ КСР Мемле­кеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Ғылым Академиясының академигі, профессор Мұхамеджан Қаратаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Мұхамеджан Қаратаев - сарабдал сыншы және көрнекті әдебиет зерттеушісі» атты ғылыми-танымдық конференция болып өтті. Ең ұзын теміржол пайдалануға берілді. Пойыз құрамының жылдамдығы сағатына 300 шақырымды құрайды. Бұл бағыт Мао Цзэдуннің туған күніне орай ашылып отыр. Қытай билігі 2015 жылға дейін теміржол құрылысына 370 млрд АҚШ долларын жұмсауды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде жүрдек пойыз жолаушыларының саны күнделікті 200 мың адамға дейін жетеді. Ал билеттер бағасы 100-500 АҚШ доллары аралығында. Жалпы теміржол апаты – Қытайда жиі кездесетін жағдай. 2005 жылы  Ақтөбе облысының Алға ауданында Мұхамбетқазы хазірет Меңдіғұлов атындағы мешіт ашылды. Осыдан екі ғасыр бұрын Алғаның маңындағы Ақкемер кентінде ғұмыр кешкен хазірет Меккеге бірнеше рет барып қайтқан исламның адал да беделді қызметшісі болуымен бірге, өлке тарихында ағартушылық еңбегімен аты қалған өз заманының сауатты азаматы. Ол Ресей патшасының қабылдауында болып, Ақкемерде мектеп ашуға рұқсат алған болатын. 1894-1938 жылдары  мемлекет және қоғам қайраткері, Түркістан Республикасы Халық комиссарлары Кеңесінің төрағасы, Түрксіб құрылысының негізін салушылардың бірі Тұрар Рысқұлов дүниеге келді. 1907-1910 жылдары Тұрар Меркедегі орыс-қазақ бастауыш мектебінде, 1910-1914 жылдары Бішкектегі ауыл шаруашылық училищесінде оқып, бау-бақша мамандығын алады. 1914-1916 жылдары Меркеде және Ташкент түбіндегі бау-бақша ісімен айналысады. 1916 жылдың жазында Әулиеата оязында отаршылдыққа қарсы қарулы көтерілісті ұйымдастырғаны үшін қамауға алынады. Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы жас интеллигенттердің саяси сауаттану мектебі болды және олардың тағдырын айқындап берген ұлы қозғалыс еді. 1917 жылғы революция кезінде патшаның тақтан құлағанын естіген Т.Рысқұлов Ташкенттегі оқуын тастап, Әулиеата оязындағы Мерке ауданына келеді. Онда еркіндік пен тәуелсіздік үшін күресу мақсатында 1917 жылдың басында «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрады. 1918 жылы Әулиеата оязы Совдепі төрағасының орынбасары қызметін атқарады. Қазан айында Кеңестердің VІ съезінде ТүркОАК құрамына кіреді. Одан кейін Түркістан Республикасының денсаулық сақтау халкомы болып тағайындалады. Түрлі қызмет атқарып, 1920 жылы Түркістан Компартиясы ОК-нің мүшесі, Түркістан АКСР ОАК төрағасы болып сайланды.

Словенияның тәуелсіздігі мен ынтымақтастық күні. 1990 жылғы 26-шы желтоқсандағы референдумның қорытындыларын жариялайды. Референдум 1990 жылғы желтоқсанның 23-де өткізілген болатын.

Белгілі сыншы М.Қаратаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған конференция болды.

Қызылордадағы Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің Студенттер сарайында белгілі әдебиет зерттеушісі, халық жазушысы, Қазақ КСР Мемле­кеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Ғылым Академиясының академигі, профессор Мұхамеджан Қаратаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Мұхамеджан Қаратаев - сарабдал сыншы және көрнекті әдебиет зерттеушісі» атты ғылыми-танымдық конференция болып өтті.

Ең ұзын теміржол пайдалануға берілді.

Пойыз құрамының жылдамдығы сағатына 300 шақырымды құрайды. Бұл бағыт Мао Цзэдуннің туған күніне орай ашылып отыр. Қытай билігі 2015 жылға дейін теміржол құрылысына 370 млрд АҚШ долларын жұмсауды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде жүрдек пойыз жолаушыларының саны күнделікті 200 мың адамға дейін жетеді. Ал билеттер бағасы 100-500 АҚШ доллары аралығында. Жалпы теміржол апаты – Қытайда жиі кездесетін жағдай.

2005 жылы  Ақтөбе облысының Алға ауданында Мұхамбетқазы хазірет Меңдіғұлов атындағы мешіт ашылды. Осыдан екі ғасыр бұрын Алғаның маңындағы Ақкемер кентінде ғұмыр кешкен хазірет Меккеге бірнеше рет барып қайтқан исламның адал да беделді қызметшісі болуымен бірге, өлке тарихында ағартушылық еңбегімен аты қалған өз заманының сауатты азаматы. Ол Ресей патшасының қабылдауында болып, Ақкемерде мектеп ашуға рұқсат алған болатын.

1894-1938 жылдары  мемлекет және қоғам қайраткері, Түркістан Республикасы Халық комиссарлары Кеңесінің төрағасы, Түрксіб құрылысының негізін салушылардың бірі Тұрар Рысқұлов дүниеге келді.

1907-1910 жылдары Тұрар Меркедегі орыс-қазақ бастауыш мектебінде, 1910-1914 жылдары Бішкектегі ауыл шаруашылық училищесінде оқып, бау-бақша мамандығын алады. 1914-1916 жылдары Меркеде және Ташкент түбіндегі бау-бақша ісімен айналысады. 1916 жылдың жазында Әулиеата оязында отаршылдыққа қарсы қарулы көтерілісті ұйымдастырғаны үшін қамауға алынады. Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы жас интеллигенттердің саяси сауаттану мектебі болды және олардың тағдырын айқындап берген ұлы қозғалыс еді. 1917 жылғы революция кезінде патшаның тақтан құлағанын естіген Т.Рысқұлов Ташкенттегі оқуын тастап, Әулиеата оязындағы Мерке ауданына келеді. Онда еркіндік пен тәуелсіздік үшін күресу мақсатында 1917 жылдың басында «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрады. 1918 жылы Әулиеата оязы Совдепі төрағасының орынбасары қызметін атқарады. Қазан айында Кеңестердің VІ съезінде ТүркОАК құрамына кіреді. Одан кейін Түркістан Республикасының денсаулық сақтау халкомы болып тағайындалады. Түрлі қызмет атқарып, 1920 жылы Түркістан Компартиясы ОК-нің мүшесі, Түркістан АКСР ОАК төрағасы болып сайланды.

Ұқсас материалдар