Қандастар Ассамблея

22-желтоқсан

27.08.2013 2691
Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері Бақтыгерей Құлмановтың (1859-1919) туғанына – 153 жыл. Жәңгір мектебін, Санкт-Петербургтегі император университетінің шығыс факультетін тәмамдаған. 1887 жылы ғылым кандидаты атағын алған. І Мемлекеттік және ІІ Мемлекеттік Думаның депутаты, мұсылман фракциясын басқарған. 1917 жылы Бөкей ордасындағы уақытша үкіметтің комиссары болды. 1917 жылғы желтоқсанның 3-7 аралығында Орынборда өткен жалпықазақ съезінде президиум басқарып, Алашорда үкіметінің төрағалығына Ә.Бөкейхановпен бірге ұсынылды. 1992 жылы  «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және қорғанысы туралы» Заң қабылданды. Дунчжицзе қыс күндерінің тоқырау мейрамы. Жыл сайын қыстағы күннің тоқырау күні желтоқсанның 21-і мен 22-і аралығына келеді. Қыстағы күннің тоқырау күні жылдың ең қысқа күні және ең ұзақ түні болып есептеледі. Ежелгі Қытайда осы уақыттан бастап табиғаттың «еркектік күші» көтеріледі және жаңа кезең басталады деп есептелген. Сондықтан қыстағы күннің тоқырауы ең бақытты күн және тойлауға лайықты мейрам деп саналады. 2010 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы заң жобасын екі оқылымда мақұлдады. Аталған құжат Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2006 жылғы және 2010 жылғы Жолдауларына сәйкес әзірленген. Бұл Жолдауларда Елбасы Астанада ерекше қабылдау шарттары мен түлектерге қойылатын айырықша талаптары бар беделді инженерлік-оқу орнын құру туралы міндеттерін қойған болатын. Бұдан бөлек бүгінгі күні қолданыстағы «Білім туралы» заңда кең ауқымды дербестігі мен академиялық еркіндігі, қамқоршылық кеңес арқылы басқару жүйесі, студенттерді қабылдаудың өзіндік ережелері көзделмеген. Сондай-ақ қолданыстағы заңнамадан қазіргі заманғы білім беру бағдарламаларын, оның ішінде әлемнің жетекші жоғары оқу орындары санатындағы шетелдік әріптестермен бірлесіп білім бағдарламаларын енгізу мүмкіндігі бар жоғарғы оқу орындарын құру және олардың  жұмыс істеу мүмкіндіктері қарастырылмаған. Осыған байланысты аталған заң жобасын әзірлеу өзекті әрі уақытылы болып отыр. Атап айтқанда, заң жобасы білім беру саласында жаңа басқару  нысанын енгізуге, инновациялық білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды іске асыруға қажетті. Университеттің және Зияткерлік мектептердің академиялық еркіндігі мен дербестігін дамытуға бағытталады. Сондай-ақ, құжатта білім беру саласында ең үздік әлемдік практиканы ескере отырып, жаңа білім беру стандарттарын енгізу үшін жағдай жасалады. Депутаттар заң жобасына қатысты 80-нен астам түзету мен ұсыныс енгізген.  

Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері Бақтыгерей Құлмановтың (1859-1919) туғанына – 153 жыл. Жәңгір мектебін, Санкт-Петербургтегі император университетінің шығыс факультетін тәмамдаған. 1887 жылы ғылым кандидаты атағын алған. І Мемлекеттік және ІІ Мемлекеттік Думаның депутаты, мұсылман фракциясын басқарған. 1917 жылы Бөкей ордасындағы уақытша үкіметтің комиссары болды. 1917 жылғы желтоқсанның 3-7 аралығында Орынборда өткен жалпықазақ съезінде президиум басқарып, Алашорда үкіметінің төрағалығына Ә.Бөкейхановпен бірге ұсынылды.

1992 жылы  «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және қорғанысы туралы» Заң қабылданды.

Дунчжицзе қыс күндерінің тоқырау мейрамы. Жыл сайын қыстағы күннің тоқырау күні желтоқсанның 21-і мен 22-і аралығына келеді. Қыстағы күннің тоқырау күні жылдың ең қысқа күні және ең ұзақ түні болып есептеледі. Ежелгі Қытайда осы уақыттан бастап табиғаттың «еркектік күші» көтеріледі және жаңа кезең басталады деп есептелген. Сондықтан қыстағы күннің тоқырауы ең бақытты күн және тойлауға лайықты мейрам деп саналады.

2010 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы заң жобасын екі оқылымда мақұлдады.

Аталған құжат Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2006 жылғы және 2010 жылғы Жолдауларына сәйкес әзірленген. Бұл Жолдауларда Елбасы Астанада ерекше қабылдау шарттары мен түлектерге қойылатын айырықша талаптары бар беделді инженерлік-оқу орнын құру туралы міндеттерін қойған болатын. Бұдан бөлек бүгінгі күні қолданыстағы «Білім туралы» заңда кең ауқымды дербестігі мен академиялық еркіндігі, қамқоршылық кеңес арқылы басқару жүйесі, студенттерді қабылдаудың өзіндік ережелері көзделмеген. Сондай-ақ қолданыстағы заңнамадан қазіргі заманғы білім беру бағдарламаларын, оның ішінде әлемнің жетекші жоғары оқу орындары санатындағы шетелдік әріптестермен бірлесіп білім бағдарламаларын енгізу мүмкіндігі бар жоғарғы оқу орындарын құру және олардың  жұмыс істеу мүмкіндіктері қарастырылмаған. Осыған байланысты аталған заң жобасын әзірлеу өзекті әрі уақытылы болып отыр. Атап айтқанда, заң жобасы білім беру саласында жаңа басқару  нысанын енгізуге, инновациялық білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды іске асыруға қажетті. Университеттің және Зияткерлік мектептердің академиялық еркіндігі мен дербестігін дамытуға бағытталады. Сондай-ақ, құжатта білім беру саласында ең үздік әлемдік практиканы ескере отырып, жаңа білім беру стандарттарын енгізу үшін жағдай жасалады. Депутаттар заң жобасына қатысты 80-нен астам түзету мен ұсыныс енгізген.

 

Ұқсас материалдар