Қандастар Ассамблея

«Селтик» - «Шахтер» қарымта ойынына норвегиялық қазы төрелік етеді

27.08.2013 1904
Моэнге Ким-Томас Хаглунн мен Франк Андас көмектеседі, ал Ким-Анри Йонсен мен Свейн-Эрик Эдвартсен қосымша төрешілер болады. Төртінші төреші - Свен-Эрик Мидтхелль. Черногориялық Мирослав Джуканович УЕФА делегаты болса, испаниялық Мануэль Мехуто Гонсалес бақылаушы атанады. Моэн 1996 жылдан футбол матчтарына төрелік етіп келеді. 2005 жылдан халықаралық деңгейдегі ойындарға қазылық етеді. 2012 жылдың сәуірінде ФИФА оны 2014 жылғы әлем чемпионатында қазылық етуге үміткер төрешілер тізіміне қосты.  Естеріңізге сала кетейік, «Шахтер» мен «Селтик» арасындағы матч тамыздың 28-нен 29-на қараған түнде Глазго қаласындағы «Селтик Парк» стадионында өтеді. Ойынның басталуы Астана уақытымен 00:45-те. Матчты тікелей эфирден КТК арнасы көрсетеді. «Астана-Арена» стадионында өткен алғашқы матчта «Шахтер» «Селтикті» 2:0 есебімен тізе бүктірген болатын. Доптардың авторлары - Андрей Финонченко мен Сергей Хижниченко. Baq.kz

Моэнге Ким-Томас Хаглунн мен Франк Андас көмектеседі, ал Ким-Анри Йонсен мен Свейн-Эрик Эдвартсен қосымша төрешілер болады. Төртінші төреші - Свен-Эрик Мидтхелль. Черногориялық Мирослав Джуканович УЕФА делегаты болса, испаниялық Мануэль Мехуто Гонсалес бақылаушы атанады.

Моэн 1996 жылдан футбол матчтарына төрелік етіп келеді. 2005 жылдан халықаралық деңгейдегі ойындарға қазылық етеді. 2012 жылдың сәуірінде ФИФА оны 2014 жылғы әлем чемпионатында қазылық етуге үміткер төрешілер тізіміне қосты.

 Естеріңізге сала кетейік, «Шахтер» мен «Селтик» арасындағы матч тамыздың 28-нен 29-на қараған түнде Глазго қаласындағы «Селтик Парк» стадионында өтеді. Ойынның басталуы Астана уақытымен 00:45-те. Матчты тікелей эфирден КТК арнасы көрсетеді.
«Астана-Арена» стадионында өткен алғашқы матчта «Шахтер» «Селтикті» 2:0 есебімен тізе бүктірген болатын. Доптардың авторлары - Андрей Финонченко мен Сергей Хижниченко.

Baq.kz

Ұқсас материалдар