Қандастар Ассамблея

«Қазақстанның 7 кереметі» фотобайқауының жеңімпаздары марапатталды

26.08.2013 3100
Естеріңізге сала кетейік, Еl.kz әлеуметтік желісі бұрын анықталып қойған «Қазақстанның 7 кереметі» жобасын сериялы түрде жалғастырып басқа да тарихи, мәдени, сәулет және табиғи объектілерді  анықтау мақсатында фотобайқау ұйымдастырған болатын. Екі айға созылған фотобайқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 29 үміткер бас жүлде үшін таласқа түсті. Әрине, Қазақстандағы 7  кереметке не жататыны сіздерге бұрыннан таныс, осыған байланысты байқауға төрелік айтатын комиссия мүшелері сол 29 жұмыстың арасынан үздік үшеуін таңдап алды. Нәтижесінде 1 орын Қостанай облысы, Арқалық қаласының тұрғыны Анар Әжіғалиеваға, екінші орын алматылық Ердан Оралбайға, үшінші орын Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының өкілі Айгүл Қолғанатоваға бұйырды. Бүгін сол байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді. Марапаттау рәсімінен кейін бірінші орынға иелік еткен Анар Әжіғалиеваны әңгімеге тарттық. – "Қазақстанның 7 кереметі" фотоконкурс жайлы қайдан естідіңіз? – Мен Еl.kz әлеуметтік желісінің тұрақты оқырмандарының бірімін. Конкурс жайлы да осы жерден оқып білдім. Бірден қатысуға ниет танытып, Қостанай облысындағы «Екі дің» ескерткішінің суретін жіберіп, тарихын баяндадым. – Еңбегіңізді әлеуметтік желімізге жолдағанда 1-орын алатыныңызға сенімді болдыңыз ба, әлде мұндай нәтижені күтпеген бе едіңіз? – Мен үшін бастысы жеңіс болған жоқ. Көздегенім туған жерімде, Қостанай өңірінде осындай тарихы терең, көрікті ескерткіштің бар екенін барша қазақстандықтарға көрсету. Осы мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Еl.kz  әлеуметтік желісінің ұжымына алғысымды білдіргім келеді. Осындай байқауларды алдағы уақытта да ұйымдастырып тұрсаңыз нұр үстіне нұр болар еді.

Естеріңізге сала кетейік, Еl.kz әлеуметтік желісі бұрын анықталып қойған «Қазақстанның 7 кереметі» жобасын сериялы түрде жалғастырып басқа да тарихи, мәдени, сәулет және табиғи объектілерді  анықтау мақсатында фотобайқау ұйымдастырған болатын. Екі айға созылған фотобайқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 29 үміткер бас жүлде үшін таласқа түсті.

Әрине, Қазақстандағы 7  кереметке не жататыны сіздерге бұрыннан таныс, осыған байланысты байқауға төрелік айтатын комиссия мүшелері сол 29 жұмыстың арасынан үздік үшеуін таңдап алды. Нәтижесінде 1 орын Қостанай облысы, Арқалық қаласының тұрғыны Анар Әжіғалиеваға, екінші орын алматылық Ердан Оралбайға, үшінші орын Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының өкілі Айгүл Қолғанатоваға бұйырды.

Бүгін сол байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді. Марапаттау рәсімінен кейін бірінші орынға иелік еткен Анар Әжіғалиеваны әңгімеге тарттық.

"Қазақстанның 7 кереметі" фотоконкурс жайлы қайдан естідіңіз?

– Мен Еl.kz әлеуметтік желісінің тұрақты оқырмандарының бірімін. Конкурс жайлы да осы жерден оқып білдім. Бірден қатысуға ниет танытып, Қостанай облысындағы «Екі дің» ескерткішінің суретін жіберіп, тарихын баяндадым.

Еңбегіңізді әлеуметтік желімізге жолдағанда 1-орын алатыныңызға сенімді болдыңыз ба, әлде мұндай нәтижені күтпеген бе едіңіз?

– Мен үшін бастысы жеңіс болған жоқ. Көздегенім туған жерімде, Қостанай өңірінде осындай тарихы терең, көрікті ескерткіштің бар екенін барша қазақстандықтарға көрсету. Осы мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Еl.kz  әлеуметтік желісінің ұжымына алғысымды білдіргім келеді. Осындай байқауларды алдағы уақытта да ұйымдастырып тұрсаңыз нұр үстіне нұр болар еді.

Ұқсас материалдар