Қандастар Ассамблея

Өскеменде «Алтайтану» орталығы ашылды

26.08.2013 2616
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінде «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» ІІ халықаралық форумының аясында өтіп жатқан ғылыми-практикалық конференцияда бүгін «Алтайтану» орталығы ашылды. Ғылыми-практикалық конференцияға әлемдік деңгейдегі танымал түркітанушылар, ғалымдар мен дипломаттар қатысуда. Конференция барысында түрлі тақырыптық көрмелер таныстырылды. Атап айтқанда, «Түркі әлемінің құжаттар шежіресі» көрмесінде Семей қаласының Абай мұражайының «Сирек қолжазбалар қорынан» алынған кітаптар, Оңтүстік Қазақстанның әмбебап кітапханасы мен ШҚМУ кітапханасының кітаптары қойылды. Ал «Алтай-Ертіс кітапханасы» көрмесін Пушкин атындағы кітапхана таныстырды. Өңір мұражайы түркі әлемінің өнері, тарихы мен археологиясынан сыр шертетін бірегей экспозициясын жұрт назарына ұсынды. Алтай табиғатының флорасы мен фаунасы «Алтайдың ғажайып табиғат әлемі» көрмесінде таныстырылды. Еске сала кетсек, бүгін түстен кейін Өскеменде ҚР ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов, ҚР Журналистика академиясының президенті, профессор, тарих ғылымдарының докторы Сағымбай Қозыбаев, Ыстамбұлдағы Mimar Sinan университетінің профессоры Әбдіуақап Қараның қатысумен баспасөз мәслихаты өтеді. ҚазАқпарат.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінде «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» ІІ халықаралық форумының аясында өтіп жатқан ғылыми-практикалық конференцияда бүгін «Алтайтану» орталығы ашылды.

Ғылыми-практикалық конференцияға әлемдік деңгейдегі танымал түркітанушылар, ғалымдар мен дипломаттар қатысуда. Конференция барысында түрлі тақырыптық көрмелер таныстырылды.

Атап айтқанда, «Түркі әлемінің құжаттар шежіресі» көрмесінде Семей қаласының Абай мұражайының «Сирек қолжазбалар қорынан» алынған кітаптар, Оңтүстік Қазақстанның әмбебап кітапханасы мен ШҚМУ кітапханасының кітаптары қойылды. Ал «Алтай-Ертіс кітапханасы» көрмесін Пушкин атындағы кітапхана таныстырды.

Өңір мұражайы түркі әлемінің өнері, тарихы мен археологиясынан сыр шертетін бірегей экспозициясын жұрт назарына ұсынды. Алтай табиғатының флорасы мен фаунасы «Алтайдың ғажайып табиғат әлемі» көрмесінде таныстырылды.

Еске сала кетсек, бүгін түстен кейін Өскеменде ҚР ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов, ҚР Журналистика академиясының президенті, профессор, тарих ғылымдарының докторы Сағымбай Қозыбаев, Ыстамбұлдағы Mimar Sinan университетінің профессоры Әбдіуақап Қараның қатысумен баспасөз мәслихаты өтеді.

ҚазАқпарат.

Ұқсас материалдар