Қандастар Ассамблея

Биыл елімізде 265 мың жеткіншек бiрiншi сыныпқа барады

26.08.2013 2006
2013-2014 жылдардағы оқу жылында Қазақстанда 265 мың жеткіншек бiрiншi сыныпқа барады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында ҚР Бiлiм және ғылым вице-министрi Мұрат Орынханов хабарлады. «1-шi қыркүйек күнi 7 мың 398 мектеп 2,5 млн оқушы үшiн өз есiгiн ашпақ. Оқушылар саны жыл санап артып келедi. Ағымдағы жылы 265 мың бала бiрiншi сыныпқа барады. Жаңа оқу жылы бiрiшi сыныптан бастап шет тiлiн оқыту, жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесiн пилоттық режимде iске қосу, Абайтану, Алаштану жаңа пәндерiн енгiзу секілді жаңашылдықтарымен ерекшеледi»,- дедi вице-министр. Вице-министрдiң айтуынша, бiрiншi сыныпқа баратын бүлдiршiндер саны жағынан Оңтүстiк Қазақстан облысы көш басында. Мұны аталмыш өңiрдегi халық санының әрi мектептердiң көп болуымен түсiндiруге болады. Ал екiншi орында Астана және Алматы қалалары тұр. Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА

2013-2014 жылдардағы оқу жылында Қазақстанда 265 мың жеткіншек бiрiншi сыныпқа барады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында ҚР Бiлiм және ғылым вице-министрi Мұрат Орынханов хабарлады.

«1-шi қыркүйек күнi 7 мың 398 мектеп 2,5 млн оқушы үшiн өз есiгiн ашпақ. Оқушылар саны жыл санап артып келедi. Ағымдағы жылы 265 мың бала бiрiншi сыныпқа барады. Жаңа оқу жылы бiрiшi сыныптан бастап шет тiлiн оқыту, жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесiн пилоттық режимде iске қосу, Абайтану, Алаштану жаңа пәндерiн енгiзу секілді жаңашылдықтарымен ерекшеледi»,- дедi вице-министр.
Вице-министрдiң айтуынша, бiрiншi сыныпқа баратын бүлдiршiндер саны жағынан Оңтүстiк Қазақстан облысы көш басында. Мұны аталмыш өңiрдегi халық санының әрi мектептердiң көп болуымен түсiндiруге болады. Ал екiншi орында Астана және Алматы қалалары тұр.

Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА

Ұқсас материалдар