Қандастар Ассамблея

«Сұңқар» студенттер кәсіподақ ұйымы

02.03.2014 8188
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында: «Өз бойымызда  және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында: «Өз бойымызда  және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады» деп атап өткен болатын. Қанымызға ата-бабаларымыздың сіңген ұлттық рух, күш-жігер, намыс, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік бұлардың барлығы қазақпын деген әрбір адамның бойында болуы тиіс қасиеттер екені сөзсіз. Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлы «Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті» деп бекер айтпаса керек. Бұл – асыл қасиеттерді өшірмей, үнемі жандандырып отыру қажет. Бүгінде осы тарапта жастар бойындағы патриотизмді қалыптастыру барысында әртүрлі оқу орындарын да түрлі ұйымдар жұмыс жасайды. Соның бірі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Сұңқар» кәсіподақ ұйымы».

«Сұңқар» студенттер кәсіподағы 1999 жылы 14 сәуірде құрылды. Ұйым – ҚР Конституциясы мен ҚР Азаматтық Кодексі негізінде әрекет ететін адамдардың құқықтары мен қызығушылықтарын жүзеге асыру үшін құрылған ерікті, тәуелсіз, өкіметтік емес қоғамдық бірлестік болып табылады.

Кәсіподақтың негізгі мақсаты – ҚР заңдарына сәйкес ҚазҰУ студенттерінің  әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мүдделерін,  еңбек құқығын қорғау болып табылады.

«Сұңқардың» ұйым болып құрылғандағы өз алдына атқаратын мақсат-міндеттері бар. Мәселен, оқу орына түскен кейбір студенттердің отбасылық жағдайларының жоқтығы оқуына тікелей әсер етіп жататыны шындық. Алыс шалғайдан, Алматыға арман қуып келген жас студенттердің баспана таппай, жатақханада тұруға қалтасының сын көтермейтіні тағы бар. Бұл тарапта кәсіподақтың ұсынуымен ата-анасының қамқорынсыз қалған жетім және мүмкіндігі шектеулі студенттер жатақханада тегін тұруына рұқсат етіліп ғана қоймай, сол сияқты әлеуметтік жағдайы төмен, ата-анасының біреуі жоқ, көпбалалы отбасылардан шыққан және балалы студенттерге де әлеуметтік көмек көрсетеді.

Кәсіподақ ұйымы денсаулығы нашар мүмкіндігі шектеулі студенттерге де әлеуметтік жағынан қол ұшын созып, студенттер емханасының тізімінде тұрған гастрит және қант диабетімен т.б аурулармен ауыратын студенттерге диеталық тамақтануға тегін талондар береді.

Бұл игі шаралардың барлығы ұйымының белсенді жастарының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан дүниелер.

Жаз айы студент жастар үшін ең қызықты маусымның бірі болса, осы маусымды барынша тиімді, белсенді өткізу үшін ҚазҰУ студенттеріне «Сұңқардың» ұсынатын оң бағыттары жетерлік. Мәселен, түрлі демалыс орындарында оның ішінде әртүрлі демалыс-сауықтыру орындарын да жазғы демалысын өткізгісі келген студенттер үшін ұйым, Ыстық-көл жағасындағы спорт-сауықтыру лагеріне жолдамаларды  50 пайыз жеңілдікпен береді. Ал, жұмыс жасап, қаржы тапқысы келген студенттерге да арнайы бағдарламалар ұсынады. Олар «Жасыл ел», Студенттер құрылыс отрядтары. Бұл жерде студенттер арнайы жазылып, үш айлық жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Ұйым құзыры сол секілді Университеттік және факультеттік деңгейдегі іс-шараларды атқаруға қаржылай көмек көрсетеді, ҚазҰУ түлектерінің болашақ та жұмысқа орналасуына  мүмкіндігінше жәрдемдеседі.

«Сұңқардың» белсенді мүшелері өзі секілді студент жастардың бойына патриоттық тәлім-тәрбие беретін іс-шараларды ұйымдастырып отырады. Солардың бірінде университет қабырғасында 22-қыркүйек тіл мерекесіне орай өткізілетін акция «Бауырсақ party». Мақсаты  – ана тіліміздің дамуына қандай да бір үлес қосып, бай тіліміздің қыр-сырын жастар санасына сіңіру арқылы өз тіліне деген патриоттық сезімді ояту. Бұл  күні  оқу орнына келген әр студент қазақ тілінде мақал-мәтел айтып, бауырсақтан дәм татады.

Тағы бір игі шара жастарды жаман қылықтардан, әдеттерден бойын аулақ ұстап,  салауатты өмір салтын қалыптастыру шақыратын «Темекіні тәттіге алмастырайық!» атты акциясы. Акцияның мақсаты – Қазақстанның болашағы үшін дені сау, елінің басына күн туғанда жерін қорғай алатын мықты патриот жастардың керек екеніне ой салу, сондықтан зиянды заттан бойымызды аулақ ұстайық деген ұстаным. Акция да кәсіподақ мүшелері ҚазҰУ қалашығында темекімен көрінген әр адамға бір темекіні бір тәттіге айырбастауға ұсыныс жасайды.

Сонымен қатар, оқу орнында студенттер қауымы арасында жаңа заман ағымына сай, өзіндік бір ұстанымы бар, еліне белгілі бір деңгейде өз септігін тигізе алатын жастарды тәрбиелеу мақсатында «Сұңқар» кубогына арналған көңілді тапқырлар клубының ойыны да ұйымдастырылды.

 Мәліметтер ҚазҰУ-нің ресми сайтынан алынды.

Ұқсас материалдар