Қандастар Ассамблея

Крис Браунға тағы да айып тағылды

22.08.2013 2306
Әнші Крис Браунның басы тағы да дауға қалды.  Жол-көлік оқиғасына себепкер болған орындаушыға сот 1000 сағат қоғамдық жұмыстар істеу туралы шешім шығарды деп жазады spletnik.ru. Естеріңізге сала кетейік, Браунның қатысы бар заң бұзушылық ағымдағы жылдың маусым айында орын алған болатын. Жүргізуші куәлігінсіз тізгінге жармасқан әнші басқа көлікті соққан соң артынша із суытып үлгерген еді. Кінәсін мойындаған Крис Лос-Анджелес көшелерін қоқыстан арылту мен жағажайларды тазалауға келісіп отырған көрінеді. Мойнына артылған жауапкершілікті орындаған соң Браун заң алдында жауап беруге келеді. Яғни, ендігі сот отырысы үш айдан соң - 2 қарашаға жоспарланып отыр. Мақпал ЖҰМАШОВА

Әнші Крис Браунның басы тағы да дауға қалды.  Жол-көлік оқиғасына себепкер болған орындаушыға сот 1000 сағат қоғамдық жұмыстар істеу туралы шешім шығарды деп жазады spletnik.ru.

Естеріңізге сала кетейік, Браунның қатысы бар заң бұзушылық ағымдағы жылдың маусым айында орын алған болатын. Жүргізуші куәлігінсіз тізгінге жармасқан әнші басқа көлікті соққан соң артынша із суытып үлгерген еді. Кінәсін мойындаған Крис Лос-Анджелес көшелерін қоқыстан арылту мен жағажайларды тазалауға келісіп отырған көрінеді.

Мойнына артылған жауапкершілікті орындаған соң Браун заң алдында жауап беруге келеді. Яғни, ендігі сот отырысы үш айдан соң - 2 қарашаға жоспарланып отыр.

Мақпал ЖҰМАШОВА

Ұқсас материалдар