Қандастар Ассамблея

Мүмкіндігі шектеулі жандардың жетістігі «Жан Шуақ» сыйлығымен марапатталды

27.11.2012 3283
Бүгін Астанада «Шексіз мүмкіндіктер» республикалық акциясының аясында мүмкіндігі шектеулі жандарды V «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығымен марапаттау салтанаты өтті, деп хабаралайды BNews.kz тілшісі. Шараны «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының қолдауымен «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» РҚҰ ұйымдастырды. Мүгедектер конфедерациясы президентінің айтуынша, сыйлыққа үміткерлерді іріктеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. «Біздің ортақ міндетіміз – әрбір ауданға, ауылға жетіп, әрбір адамға өзінің шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік беру. Сыйлыққа «Спорт», «Қоғамдық жұмыс», «Мәдениет», «Қолданбалы өнер», «Білім» номинациялары болды. Сондай-ақ, 1 млн теңге көлеміндегі шағын гранттарға байқау жүргізілді, оны 5 үміткерге үлестірдік. Мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс орнын құрып жатқан қоғамдық ұйымдарға көп мән бердік», – деді «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» РҚҰ президенті Жанар Омарбекова. Ол бүгінгі акция кей адамдардың жетістігі өзгелерге үлгі болуына бағытталғанын атап өтті. «Бұл мүмкіндігі шектеулі жандар үшін үлкен ілтипат. Бізде жұмыс істеп жатқан мүгедектер өте көп. Біз де қоғамға қажетпіз және қоғам игілігі үшін өз үлесімізді қоса аламыз. Бүгінгі шара біздің неге қол жеткізгенімізді көрсетеді», – деді «Жан Шуақ» сыйлығының лауреаты, жастар мәслихатының депутаты Арнұр Ысқақов. Ол сондай-ақ қазір конфедерация Мүгедектерді жұмысқа орналастыру агенттігін ашу бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті. «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығы мәдениет, спорт және білім саласындағы жетістіктері үшін мүмкіндігі шектеулі адамдарға беріледі.

Бүгін Астанада «Шексіз мүмкіндіктер» республикалық акциясының аясында мүмкіндігі шектеулі жандарды V «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығымен марапаттау салтанаты өтті, деп хабаралайды BNews.kz тілшісі. Шараны «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының қолдауымен «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» РҚҰ ұйымдастырды.

Мүгедектер конфедерациясы президентінің айтуынша, сыйлыққа үміткерлерді іріктеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.

«Біздің ортақ міндетіміз – әрбір ауданға, ауылға жетіп, әрбір адамға өзінің шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік беру. Сыйлыққа «Спорт», «Қоғамдық жұмыс», «Мәдениет», «Қолданбалы өнер», «Білім» номинациялары болды. Сондай-ақ, 1 млн теңге көлеміндегі шағын гранттарға байқау жүргізілді, оны 5 үміткерге үлестірдік. Мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс орнын құрып жатқан қоғамдық ұйымдарға көп мән бердік», – деді «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» РҚҰ президенті Жанар Омарбекова.

Ол бүгінгі акция кей адамдардың жетістігі өзгелерге үлгі болуына бағытталғанын атап өтті.

«Бұл мүмкіндігі шектеулі жандар үшін үлкен ілтипат. Бізде жұмыс істеп жатқан мүгедектер өте көп. Біз де қоғамға қажетпіз және қоғам игілігі үшін өз үлесімізді қоса аламыз. Бүгінгі шара біздің неге қол жеткізгенімізді көрсетеді», – деді «Жан Шуақ» сыйлығының лауреаты, жастар мәслихатының депутаты Арнұр Ысқақов.

Ол сондай-ақ қазір конфедерация Мүгедектерді жұмысқа орналастыру агенттігін ашу бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті.

«Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығы мәдениет, спорт және білім саласындағы жетістіктері үшін мүмкіндігі шектеулі адамдарға беріледі.

Ұқсас материалдар